Байланысты: 189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния
ҚР ҚЖ 1.04-110-2017
20
д) конструкцияға қосымша элементтерді енгізу (байламдар, тірек, рамалар,
тартпалар және т.б.), көтеруші конструкцияларының барлық элементтерінің бірлесе
жұмыс істеуін және сейсмикаға төзімділігін арттыруды қамтамасыз ету.
Ғимараттарды (құрылыстарды) күшейту жобасын әзірлеуге негіз болып табылатын,
қабылданған күшейтудың техникалық шешімдері сызбалар түрінде және күшейту
ұсынымдарымен рәсімделеді.
10 ҒИМАРАТТАРДЫҢ (ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ) КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕРМЕН КҮШЕЙТУ 10.1 Іргетастарды күшейту 10.1.1 Таспалы бетонды (темірбетонды) іргетастарды екі жағынан барлық биіктікке
тұтас құймалы (монолитті) темірбетонды қабаттармен кем дегенде 100 мм қабатын B15
бетон класының ұсақ толтырғыштарымен нығайтады;
- іргетастардың тұтас құймалы(монолитті) арматуралық торлар қабаттарын
күшейтуды арматуралық сымдармен диаметрі 10 мм A-III класы ұяшықтың өлшемі
200х200 мм болаттан жасайды;
- арматуралық торларды іргетасқа Г-тәрізді өзектердің диаметрі 6 мм (А-ІІІ болат
класы) көмегімен бекітеді, алдын-ала бұрғыланған тесікке 250 мм тереңдікке шахматты
түрде 600 мм адыммен орнатады; анкерлерді орнатқан соң тесіктерді қатты цемент-құм
ерітіндісімен бітеу керек;
- арматуралық торларды іргетастың тік бетінен 20 мм кем емес қашықтықта
орналастырады; Г-тәрізді анкерлердің қайыру ұзындығы 80 мм-ден кем емес;
- іргетасты біржақты күшейтуда (сейсмикалыққа қарсы жік орналасқан жерде)
күшейту қабатының қалыңдығын кем дегенде 120 мм B15 бетон класының ұсақ
толтырғыштары мен ұяшықтың өлшемі 200x200 мм диаметрі 12 мм A-III қосарланған
өзектермен қабылдайды;
- таспалы іргетастың торларын ию (бүгу) қиылыстарында және бұрыштарда 1,0 м-
ден кем емес бұрыштарын айқастыру; арматуралық өзектердің қабаттасу ұзындығы кем
дегенде 200 мм болуы тиіс;
- іргетас бойымен ашық траншеялардың тереңдігі іргетасты орналастыру
тереңдігінен аспауға тиіс;
- іргетастарды күшейту бойынша жұмыстарды ұзақтығы 2,0 м артық емес
жекеленген алымдармен жүргізеді.
10.1.2 Таспалы бито-бетон іргетастары екі жағынан барлық биіктікке тұтас құйылған
(монолитті) темірбетон қабаттарымен қалыңдығы кемінде 100 мм B15 бетон класының
ұсақ толтырғыштармен нығайтылады;
- іргетастардың тұтас құйылған (монолитті) арматуралық торлар қабаттарын
өзектердің диаметрі 8 мм A-III болат класының 150х150 мм ұяшықтың өлшемімен
нығайтады;
- арматуралық торларды іргетасқа Г-тәрізді өзектердің диаметрі 6 мм (А-ІІІ болат
класы) көмегімен бекітеді, алдын-ала бұрғыланған тесікке 250 мм тереңдікке шахматты