Байланысты: 189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния
ҚР ҚЖ 1.04-110-2017
24
- қабырға бөлігін сыртқы немесе ішкі жағынан күшейту үшін көлденең штрабаны
таңдап алады, әдетте, жарты кірпіш тереңдігіндегі;
- штрабада M50 ерітіндісінде екі немесе үш тесігі бар 20 мм диаметрлі қысқышты
болттарға арналған металды швелерді бекітеді;
- бұл тесіктер арқылы қабырғаны тесіп бұрғылайды;
- қабырғаның қарама-қарсы жағында, бұрғыланған тесіктерге беттестіре, екінші
штрабаны таңдайды және ерітіндіде екінші швелерді орнатады;
- екі швелерді қабырғадан өтетін болттармен бекітеді, содан кейін олар жүк түсіруші
арқалықтардың функцияларын орындай алады;
- жүк түсіруші арқалықтарды орнатқаннан кейін оның қорғауымен қабырғаның
жеткілікті берік емес конструкциясын бөлшектеуге, ауыстыруға немесе күшейтуге
болады.
10.2.10 Металды тартпалармен қабырғаны күшейту сыртқы және ішкі
қабырғалардың қиылысуында тұтас құймалылық (монолиттілік) бұзылса, сонымен қатар
сыртқы қабырғаларды ажыратқанда қолданылады. Ішкі қабырғаның бұрышында тік
жарық ашылған жағдайда, бір немесе бірнеше қабатта бақыланып, қадағаланып тұрса,
қысқартылған сақтандырғыш тұтастырғышты орнықтырады. Егер қабырғаның
қиылысындағы жарықтар үңірейген және де сейсмикалыққа қарсы белдік жыртық болса,
ал сыртқы қабырға жоспардан немесе тігінен елеулі ауытқуларға ие болса, онда барлық
тартпаларды ғимараттан өтетіндей орнықтырып және қысқышты муфталармен
қамтамасыз етеді.
- бірінші жағдайда сыртқы қабырғада ішкі қабырғаның қырларымен екі тесік
бұрғыланады, диаметрі 16-20 мм арматураланған болаттан жасалған тартпаларды өткізіп,
ғимараттың сыртына швелердің көлденең бөлігін тарту. Ішкі қабырғаға тартпаларды
анкерлеу үшін сыртқы қабырғадан 1,5-2,0 м қашықтықта тесік теседі, оған
теңбүйірлі емес
бұрыштық
ты немесе тартпаларға арналған тесіктері бар швелер кесіндісін кіргізіп
орнатады. Тартпалар ішкі қабырғаға сәйкес келуі керек, ол үшін оларды орналастыруға
арналған ойықтар жасалады.
- екінші жағдайда, тартпалар бүкіл ғимарат арқылы салынып, тартпа муфтасымен
жабдықталған. Тартпалар 3-6 м қадаммен жабын бойымен салынады. Ұштарында
көлденеңінен өлшемдері 0,3 м қатты шайбамен (тығырықпен)–тіреуіштермен қамтамасыз
етілген. Атап айтқанда, олар 100-120 мм сөресімен крестовина бұрышы болуы мүмкін.
10.2.11 Ғимаратты қамтушы, жалпы қаңқа (каркас) зақымданған сыртқы
қабырғалардың құлауына жол бермейді. Бұл конструкцияның негізгі элементтері
ғимараттың қабаттасу деңгейін жабатын және ғимараттан өтетін тартпалармен
бекемделген, және де тәуелсіз іргетастардағы 6-12 м қашықтықтағы тіректердің тірек
белбеуі болып табылатын қатты белбеулер болып табылады. Жер сілкінісі кезінде қаңқа
өзінің қызметін орындауы үшін, тіректер мен белбеулер қабырғаға мықтап жанасуы керек.
Қаңқаның конструкциясы темір, құрама темірбетон немесе аралас болуы мүмкін.
Қабырғалардағы сейсмикалық жүктемені азайту үшін қаңқаға қиғаш тор енгізілуі мүмкін
10.2.12 Тас ғимараттар мен құрылыстардағы темірбетон конструкциялары
(жабындар,сейсмикалыққа қарсы белбеулер, баспалдақтар, тұтас құймалы кірмелер және
т.б.) күтілетін сейсмикалық әсерді қабылдауға жеткіліксіз берік немесе зақымдалған