Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Робот- тірі организм принципі бойынша құрастырылған жандандырылған автомат құрылғы.
Lego Mindstroms Educftion EV3- негізгі оқу-жаттығу роботы. Lego Mindstroms –программаланатын роботтарға қолданатын құрастырғыш құрылғы.
Датчик- әртүрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал. Датчиктер электронды және механикалық болып бөлінеді.
Электронды датчиктің құрамына сезгіш және түрлендіргіш элементтер кіреді. Датчиктер қызметіне қарай жанасу датчигі, ультрадыбыс датчигі, гироскопиялық датчик, түс датчигі деп, 4 түрге бөлінеді.
Жанасу датчигі- батырманы басылғаның немесе басылмағаның дәл анықтайтын құрал.
Көрсетілім. Презентация.
Түс датчигі- түс немесе жарық жарықтылығын анықтай алатын сандық құрал. Түс датчигіндегі Түс режимі 1см қашықтықтағы нысандардың 7 түрлі түсін және жарықтың деңгейін анықтай алады. Егер элемент датчиктен шығарылса немесе элементтің түсі дұрыс анықталмаса, датчик осы түс туралы «Түссіз» 0 деп хабарлайды.
Түс датчигінің негізгі қызметі- түстерді анықтау, шашыраңқы және шағылысқан жарықты өлшеу.
Түс датчигі үш режиге ие:
Түс режимі
Шағылысқан жарық жарықтылығы режимі
Сыртқы жарық жарықтылығы режимі.
Нұсқаулық → Конструкторлық идеялар →Қозғалтқыш платформа
1-Тапсырма. Оқулық 41-бет, «Компьютерде орындайық» тапсырмасы.
Дескриптор:
- Lego Mindstroms Educftion EV3 программасын іске қосады;
-нұсқаулыққа сүйене отырып, роботты құрастырады;
-түс датчигін орнатады, программаға жүктейді.
ҚБ: «Смайлик» әдісі
|
Мұғалімді тыңдайды
Датчик ұғымы туралы анықтамасын жұмыс дәптерге жазады
Презентациямен танысады
Тапсырманы орындайды
|
Смайлик
|
Интербелсенді тақта / компьютер
Жұмыс дәптері
презентация
|