3
3.7 Ғимарат элементінің кемшілігі: Ғимарат элементінің ақаулығы өндірілген
(дайындау),
монтаждау немесе жөндеу кезіндегі ережелер, нормалар мен техникалық
жағдайларды бұзудан туындаған кемшілік.
3.8 Деформациялануы: материалдардың түпнұсқалық пішіндегі өзгерісіне
сәйкестігі.
3.9 Ғимараттың (құрылыстың) деформациясы: әртүрлі жүктемелер мен
әсерлерден ғимараттың немесе құрылыстың тұрақтылықты жоғалтуы (шөгуі, жылжу,
қисаюы және т.б.), пішіндері мен өлшемдерінің өзгеруі.
3.10 Конструкциялық деформация: жүктемелер мен әсерлерден конструкцияның
(немесе оның бөліктерінің) пішіндері мен өлшемдерінің өзгеруі.
3.11 Іргетас (негіздің) деформациясы: ғимараттың (құрылыстың) іргетасқа
(негізге) дейін күш беруі нәтижесінде пайда болатын немесе ғимаратты (құрылысты)
пайдалануы және құрылыс барысында топырақтың физикалық жағдайының өзгеруімен
байланысты деформация.