3.17 Инженерлік-геологиялық зерттеулер: Ғимараттар мен құрылыстарға қолайлы
орындарды және құрылыс жұмыстарын жүргізу шарттарын анықтау, ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді жасау үшін тиісті жобалық
шешімдерді қабылдау және геологиялық процестерден болатын геологиялық және
гидрогеологиялық факторларды (табиғи және адам қызметінің нәтижесінде туындайтын)
кешенді зерттеу және бағалау.
3.18 Тас конструкциялар: Ғимараттар мен құрылыстардың көтеруші және қоршау
конструкциялары, табиғи тастан, кірпіштен немесе бетон тастарынан, сондай-ақ ірі
өлшемді элементер құрамасынан (блоктар, панельдер) жасалған.