Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Неліктен ашық тұқымды деп аталады?
Ашық тұқымдыға қандай өсімдіктер жатады?
Бірүйлі өсімдіктер дегеніміз не?
Аршаның бұрі қалай аталады?
5.Жылда күзде сарғайып, қылқандарын түсіретін ашық тұқымды өсімдік?
6. Шырша, арша, самырсынды “Қылқан жапырақты” дейтін себебі неде?
7.Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер қандай бүрлер?
,,,,
,,,,
,,,
,,
,,,
,,,,
,,
,,,,,
1 2 3 4
с
м
,,
,,
,
,,
і
,,
Сабақтың тақырыбы:
Жабық тұқымды өсімдіктер
Жабық тұқымдылардың гүлдері бірінен-бірі мөлшері, пішіні, түсі және құрылысы бойынша ерекшеленеді. Бір жабық тұқымдылардың гүлдері желмен тозаңдануға, ал екіншілері бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген. Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң түйірлері аналықтың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктері арқылы аталық жыныс жасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігіндегі екі аталық жыныс жасушасының бірі жұмыртқа жасушаны ұрықтандырады. Ал екінші аталық жыныс жасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.
Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ұрық пайда болады. Орталық жасуша екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып, ұлғайтып - эндосперм түзеді. Онда ұрыққа қажетті қор заттары жиналады. Тұқым бүршігінен - тұқым, ал жатынның қабырғаларынан жемісқап түзіледі.
Қазіргі кездегі жабық тұқымдыларға ағаштар, бұталар, шөптекті өсімдіктер жатады. Олар жер бетіндегі барлық құрлықтарда кеңінен таралған.
Аталықтар
Гүл табаны
Тостағанша жапырақша
Гүл сағағы
Күлте жапырақша
Аналық
Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану үрдісі – қосарлы ұрықтану деп аталады.
Оны орыс оқымыстысы, ботаник
Сергей Гаврилович Навашин 1898 жылы ашты.
Ұрықтану нәтижесінде жемістер мен тұқымдар пайда болады
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Өсімдіктер – адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өңдірістің әр түрлі салаларында қолданылады.
Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс –жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды.Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер.
Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгаландыруға пайдаланады.
Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артып келеді. Мұның өзі адаманың табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа іріктемелер шығарылуы қажет.
Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар ұйымдастырумен тікелей байланысты.
Гүлді өсімдіктердің маңызы
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таң қаларлықтай. Осы көп түрлілікті бір жүйеге келтіру мақсатында ботаниктер өсімдіктердің барлық түрлерін топтарға біріктірді.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бір үлкен астық тұқымдасына біріктіріледі.
Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады. Гүлді өсімдіктерді даражарнақтылар класы және қосжарнақтылар класы деп екіге бөледі. Өсімдіктің қай класқа жататынын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды. Бірқатар өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі мен пішіні, тамыр жүйесінің типтері де негізгі белгілерге жатады.
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер косжарнактылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа - камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы торлы жүйкеленеді, бірақ ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады. Қарғакөз - даражарнақты өсімдік. Жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді жүйкеленеді, шашақ тамырлы, бірақ оны қосжарнақтылар класына жатқызады. Себебі ұрығының екі тұқым жарнағы болады.