Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін біддіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдар-дың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар ете көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын біддіреді.
Қоғамдық ұиымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халық-аралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлем-де ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халық-аралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, көсіп-одақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығар-машылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қор-ғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллион-даған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай қүрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
Экономикалық мүддесіне карай құрылған ұйымдар.
Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техни-калық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б.).
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні — кәсіподақтар. Кәсіподақ — бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық үйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ бас-қан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына тотеп беру үшін жал-данушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ере-желер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олар-дың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген сая-си партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мүндай келісе қимыл-дау, әсіресе, Үлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасыңда социалдемократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идеологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың окімет басында ұзағырақ болуына мүмкшдік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Осының нәтижесінде олар капиталистік жүйемен біршама экономикалық одаққа кіргендей болады. Мұндайларды "жауапты" кәсіпорындар деп атайды.
Сонымен қатар үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен сыбайласқан кәсіподақтар да болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалықсаясатынатікелей әсеретпейді. (Мысалы, Италияда). Мемлекет тарапынан олардың күресіне көмек жасалмайды. Сондықтан олар өкіметке қаймықпай қарсы түрып, өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы мүмкін. Мүндайларды "жауапсыз" кәсіподақтар дейді.
Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін зандар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіп шешіледі.
Кәсіподақтар ез міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Біріншісі — жүмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде өкіметтен жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жоддан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.
Екіншісі — үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нұқсан келеді.
Үшіншісі — кәсіподақтардың ез көзқарасын өкіметтің сая-сатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.
Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басында социал-демократ-тар отырған елдерде кеңінен қолданады.
Қоғамдық бірлестіктердің кепшілігі саяси емірде белсенділік танытканымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давления) жатады. Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдала-нады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар кебінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.
Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі — "Халық майдандары". Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе кепшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлес-тіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатал айқындал-ған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар жөне т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Ха-лық майдандарының мынадай түрлері болады:
Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, калыптасады. Сол саяси күштерден пайда бол-ған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін өлеуметтік топ-тардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының езгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.
Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олар-дың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық май-дандарын жатқызуға болады.
Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пай-да болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936—1939 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмыл-дырды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдан-дары асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді. Бейресми бірлестіктер жастардың, студенттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс-әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.
Олардың ішінде қоғамдық-саяси, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары да бар. Бірақ көбі мәденишығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шығарушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би және т.с.с. төңірегіңдегі шығармашылық бірлестіктер, кейбір орын-даушылар мен спорт клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.
Белгілі жастар қозғалысына "металлистер", "фанаттар", "панкілер", "хиппилер", "рокерлер", "брейкерлер", "пацифистер" және т.с.с. жатады.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:
экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: "Невада-Семей" қозғалысы," Арал — Азия— Қазақстан" халық-аралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті және т.б.;
ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақ-станның "Азат" азаматтық қозғалысы, славяңдардың респуб-ликалық қоғамдық "Лад" қозғалысы, "Русская община", "Един-ство" қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалы-сы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары;
тарихи-ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.с.с;
әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтын бесік", "Жерұйық", "Шаңырақ" және т.б. Бұлардың көбі заман талабына сай пайда болып, өз мақсаттарын орындауына байланысты өмір сахнасынан кетті, бірталайы іс-әрекеттерін әлі де атқаруда.
Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс-тар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әрқайсысының өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсеңділігін арттырып, Қазакстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуы-на үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.
Достарыңызбен бөлісу: |