Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Саясаттағы конфликтілік және дағдарыстық жағдайлар



бет65/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89
1.Саясаттағы конфликтілік және дағдарыстық жағдайлар.

Саяси жанжал — бұл қарсы іс-әрекеттер жағдайларындағы әртүрлі бағьптағы күштердің өздерінің мүдделерін іске асыру мақсатындағы екі немесе одан да көп сол күштердің қақтығысуы. Мұның өзі саясаттың бірегей құбылысы ретінде саяси жанжалдың барынша жинақталған сипаттамасы болады.

Соңғы жиырма жыл ішіндегі дүниежүзілік саяси процестің тәжірибесі жанжалдар жағдайларывда өзара пікірлесуінің басымдығын дәлелдейді. Әлем жұршылығы саяси жанжалдарды ғаламдық ракеталық-ядролық апатқа дейін асқындырудың мүмкін еместігін мойындап отыр және өткендегі егесулерден мұра болып қалған шамырқанулар мен жанжалдардан кейінгі белгілермен қиындаған, тіпті тұйыққа тірелген жағдайлардың өзінде мәмілелердің қажеттігі жөніндегі қорытындыға келді.

Жанжал саяси субъектілер іс-әрекетінің ықтимал нұсқаларының бірі болып табылады. Қоғамның біртектілігіне қарай адамдардың өз жағдайына деген ұдайы туындайтын қанағаттанбаушылығы, көзқарастарындағы айырмашылық пең айқындамаларының сәйкес келмеуінің өзге де нысандары жиі болатын нақ осы жаңжал топтар мен жеке-дара адамдардың мінез құлқының, билік құрылымдары таралуының, саяси процестер дамуының негізінде болып отыр.

Әлеуметтік жанжал тіршілікті қамтамасыз етудің саналуа ресурстары жөніндегі көптеген әлеуметтік топтардың егесуі ретінде көрінеді. Саяси жанжалды осы көптеген әлеуметтік топтардың ендігі жерде, әдетте, билік жолындағы күреспен байланысты саяси міндеттер, құндылықтар, талаптар, ұрандар түрінде білдіретін ықпалдас мүдделерінің қақтығысуы ретінде түсіндіруге болады.

Саяси жанжалдар субъектілері ресми түрде әлеуметтік бірлестіктерге ұйымдасқан, ресми емес негізде, белгілі бір мақсатты мойындайтын және кездейтін саяси сипаттағы қозғалыстар, қысым жасаудың экономикалық және саяси топтары, белгілі бір мақсаттарды ойлап, көздейтін қылмыстық топтар түрінде туған жеке-дара адамдар; олардың азды-көпті әлеуметтік топтары болады.

Саяси ғылым тарихында бірегей әлеуметтік құбылыс ретінде жанжал тұңғыш рет- Г.Зиммельдің, Г.Гегельдің, К.Маркстің, А.Смиттің, А.Токвильдің еңбектерінде зерттелген.

Жанжалдарды зерттеу әдістемелері мына көзқарастарға негізделген:

а) әлеуметтік-биологиялық көзқарас (С.Вильсон,А. Гелен). Авторлар табиғи сұрыпталу теориясына сүйене отырып, адамның табиғи қарақшылығы идеясын негізге алады. Қоғамдағы жан-жалдардың себебі адамдардың қарақшылық мінез-құлқының әралуан түрлерінде болып отыр және міндет осы қарақшылықты бейтараптау жолдарын іздестіруге келіп саяды;

б) психологиялық көзқарас (Т.Адорно, З.Фрейд. Э. Фромм). Жанжалдың психикалық-физиологиялық табиғаты болады, мұнда қауырттылық пен фрустрация маңызды рөл атқарады;

в) таптық көзқарас (К.Маркс, Г.Маркузе). Таптарға бөлінетін қоғамда жанжалдар ұдайы шығып тұрады, оның негізінде қарама-қайшы мүдделер болады;

г) қызметтік көзқарас (Т.Парсонс). Жанжал қоғамда қызметігі бұзу рөлін атқарады. Алайда мәселе жанжалды тек бұзу процесі ретінде ғана түсіндіру дұрыс емес;

д) диалектикалық көзқарас (Г.Зиммель, Р.Дарендорф, А.Дмитриев). Жанжал қалыпты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады, оның оң қызметтік мақсаты болуы мүмкін.

Саяси жанжалдар табиғатында әлеуметтік факторлар басым рөл атқарады. Саяси егесу негізінде жатқан үш негізгі себептер:

Бірінші себепке қоғамдық қатынастардың әралуан нысандары мен мәнжайлары жатады, олар саясат субъектілері мәртебесінің,олардың билік басындағың рөлдік мақсаттары мен міндеттерінің, мүдделері мен қажеттерінің, ресурстарының жетіспеуін және т.т. (басқарушы және қарсы бекзат, қысым жасаудың әртүрлі таптары, билік жүйесінің барлықөзге десаяси субъектілері арасындағы) сәйкес келмеуін анықтайды:

Саяси жанжалдардың екінші көзіне саяси құбылыстар (тарихи оқиғалардың саяси мұраттары, құндылықтары, бағалануы) туралы адамдардың субъективті мәнді түсініктеріндегі алшақтықтарды жатқызады.

Жанжалдардың үшінші көзі ретінде азаматтарды ұқсастыру, олардың өздерінің әлеуметтік, этникалық, діни және басқа да қауымдарға және бірлестіктерге жататынын мойындау процестері қарастырылады, мұның өзі олардың әлеуметтік және саяси жүйеде өзінің орнын түсінуін анықтайды.

Саяси жанжалдардың түрлері:

а) әрекет ету уақытына қарай — ұзаққа созылатын және тез өтетін жанжалдар;

б) әрекет көлеміне қарай —жергілікті немесе аймақтық жанжалдар;

в) көріну нысандарына қарай — бейбіт және, бейбіт емес жанжалдар;

г) қатысушылардың санына қарай — көпсубъектілі, немесе көпжақты қарама-қарсы, сондай-ақ екіжақты, немесе екіұдай қарама-қарсы жанжалдар;

д) нормативтік реттеудің деңгейі мен сипатына қарай — жүйелі немесе жүйелі емес, институалданған немесе институалданбаған жанжалдар;

е) өзінің салдарына қарай — оң немесе теріс, сындарлы немесе іріткі салатын жанжалдар;

ж) басқару тәртібін ұйымдастыру бағыныстылығы сатысына қарай — тікелей бағыныс сатысындағы (биліктің әртүрлі деңгейіне жататын субъектілердің өзара қатынастарын сипаттайтын) және жанама бағыныс сатысындағы (биліктің бірқатарлы субъектілері мен иеленушілерінің байланысын ашатын) жанжалдар.

Саяси жанжалдарды басқару. Саяси жанжалдарды басқарудың қазіргі технологияларын талдау оларды реттеуге арналған бірнеше міндеттерді атап көрсетеді.

Біріншіден, жанжалдың туындауына жол бермеу керек, ал егер ал айқын көрінетін болса, онда мүмкіндігінше оны реттеу үшін бағытталған әлеуметтік бағаны арттыра түсетін кезеңді ұласуына жол бермеу қажет. Екіншіден, бағынбайтын процестер-аймағын азайту мақсатында барлық көлеңкелі, жасырын жанжалдарды ашық түріне көшіру керек. Үшіншіден, саяси жанжалдың ағымымен туындайтын әлеуметтік өршуді ең төменгі деңгейге жеткізу керек.

Саяси жанжалдарды шешу әдістері.

Мәселен, Е.Нордлинжер саяси жанжалдарды ойдағыдай реттеу үшін алты принцииті негіздеді:

а) тұрақты бірлік;

б)тепе-теңдік принципі;

в) саясатсыздандыру;

г) тыйым салу құқығының өзара ортақтығы;

д) ымыраға келу;

е) шарт, яғни үшінші тарапқа жанжалды реттеу құқығын беру. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі бірегей құбылыс ретіндежанжал көпқырлы құбылыс болып табылады және осыған орай оны шешудің көп нұсқалығы пайда болады. Осы жағдайда кейбір ғалымдар мына факторларды есепке алуды ұсынады:

а) институциалдық фактор – қоғам ауқымында жанжалдарды шешу үшін әлеуметтік институттар: келісу комиссиялары, конституциялық сот, төрелік сот және т.т. болуға тиіс;

б) күштердің тепе-теңдігі факторы — екі тараптың да жанжал жағдайын шешуге тең құқығы мен өкілеттігі болуға тиіс;

в) топтық фактор — жанжалға қатысушылар саны неғұрлым аз болса, оны біліммен реттеу мүмкіңдігі соғұрлым ықтимал болады;

г) психологиялық фактор — жанжалға қатысушылардың субъективті ерекшеліктерін есепке алу.

Саяси жанжалды шешу үшін мыналар қажет:

а) жанжалдың шекарасын айқын анықтау, яғни оны шектен шығармау және оған қосымша факторларды қоспауға — қатысушылардың, себептерінің, көлемдерінің артуына жәнет.т. жол бермеу керек.

б) жанжалдың негізіндегі проблемаларды оңайлатудан, оларды екіұдай түсіндіруден аулақ болған жөн;

в) сындарлы шешімдер қабылдауды кешеуілдетуге жол бермеу қажетөйткені жанжалды шешу уақыты — бұл жанжалдың өзінең де қауіптірек соғатын салдарды туғызуға себепші фактор;

г) ұлттық ерекшелік көзқарас арқылы жанжалды реттеудің әмбебап (жалпы адамзаттық) тәжірибесін пайдалану керек.

Саяси жанжалдың даму сатылары: бастапқы, жасырын нысаны ашық нысаны (қарсы тұру) жанжалдан кейінгі кезең. Жанжалдың бастапқы (жасырын) сатысы үшін туындаған жанжал жағдайын түсіну, өздерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін басқа тараптың кедергілері мен ықтимал қарсы іс-әрекшеліктерін түсіну сипаты болады.

Екінші — ашық сатыда іс жүзіндегі шабуыл іс-әрекеттері: ұрандар, шақырулар, қоқан-лоққы жасаулар көрінеді, содан соңосылардың салдары ретінде кедергілер жасау, жанама зиян келтіру (БАҚ-та жария ету және т.с.с), Даулы заттарды басып алуға, ұстауға бағытталған әрекеттерге, күш қолдануға ұласады.

Жанжалдан кейінгі кезең аяқталған егесу объектісіне қатысты бағалаулар мен пікірлерінің одан әрі сәйкес келмейтін бұдан бұрын жанжалдасқан тараптарға қатысты қауыртылықпен сипатталады.

Жанжалдарды шешудің тәжірибесі саясатта жанжалдарды дамыту нысаны мен оларды шешу нұсқалары мейлінше көп ретте субъективті факторларға байланысты болады. Саяси ерік-жігер жанжалдың қарулы күреске өршуін болдырмауға, оныңәлеуметтік қауыртылығы мен шашпандығын төмендетуге, келісім мен мәмілеге келу негізінде оны бәсеңдету жолдарын табуға қабілетті болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет