3.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары
XX ғасырдың 60-жылдары ғылымда ғаламтану бағыты пайда болды.
Ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:
а) халықаралық әлеуметтік-саяси проблемалар: жалпыға бірдей қауіпсіздік жүйесін нығайту негізінде ядролық сағысқа жол бермеу, жанталаса қаруланудың деңгейін төмендету, аймақтық, мемлекетаралық жанжалдарды реттеу, күш көрсетпеу әлемін құру;
б) халықаралық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалар: дамушы елдердің мешеулігін (аштықты, кедейлікті, сауатсыздықты) жою, энергетикалық, шикізат және азық-түлік дағдарыстарын шешу, демографиялық ахуалды оңтайландыру, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғарыш пен Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсаттарға игеру;
в) адам проблемалары: негізгі құқықтар мен бостандықтарды сақтау, адамның өмір сүруінің қажетті өмірлік жағдайларын қамтамасыз ету, қағандық қатынастарды демократияландыру, адамды саясаттан және халықаралық қатынастардан аластауды жою.
Өзінің сипаты жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі болады, алайда олардың бәрі адамзаттың географиялық бірлігі мен оның өмір сүруінің принципіне бағынады. Өркениет басынан кешетін қайсыбір проблемада қауіп-қатердің деңгейіне қатысты даулар пайда болады, бірақ олардың өскелең өткірлігі мен олар сөзсіз шешіледі. Бұл орайда, қаншалықты қуатты болғанымен, бір де бір мемлекет, мемлекеттердің бір де бір тобы бұл проблемаларды дербес шеше алмайды. Бейбітшілік жағдайларындағы барлық елдердің өзара іс-қимылдары ғана, жалпыға ортақ өзара тәуелділікті түсіну мен бірінші кезекке жалпы адамзаттық міндеттерді қою ғана халықтардың ертеңгі күніне деген, былайша айтқанда өмір сүруіне кәміл сенімін ұялатады.
Қазіргі заманғы әлемнің ғаламдық проблемалары туындауының себептері қандай? Олардың көрінуіне себепші факторлар қандай?
Біріншіден, бұл дүние жүзінде кең өрістеген ғылыми-техникалық революция. Оның өткендегі өнеркәсіп төңкерістерінен айырмашылығы техникадағы, технологиядағы және ғылымдағы бір мезгілдегі сапалық секірістер болып табылады. Мұның өзіәскери істе, өндірісте, көлікте, байланыста, саудада ірі ілгерілеулерді туғызды, адамзат алдынан еңбек қарулары мен құрал-жабдықтарын, материалдық және рухани құндылықтарды өндіруде принципті жаңа мүмкіндіктерді ашты.
Екіншіден, ғылыми-техникалық революция дүние жүзіндегі аса ірі әлеуметтік өзгерістерден, елдердің индустриялық дамуын шапшаңдатқан қоғамдық ілгерілеумен тұспа-тұс келді.
Үшіншіден, қоғамдық дамудың барлық жақтарын, ең алдымен энергияның жаңа түрлерін, электрді, атом энергиясын, ғарышты, Дүниежүзілік мұхиттың құпияларын игеру мен оның байлықтарын пайдалануға жеткізетін өндіргіш күштердің дамуын шапшаңдату.
Достарыңызбен бөлісу: |