4.Саяси даму мен модернизация.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік жәнесоциалистік системалардың арақатынасында "кырғи қабақ соғыс"пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 1980 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды. Глобальды (латынның "глобус" — Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамтитын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдас-тыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.
Мұндай жағдайда одан әрі емір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 19 80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көпте-ген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқталып етейік.
Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтығыстар балмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарық-тау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіңдегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп со-қтырады.
Бүгінгі танда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп тендіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 1980 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының езі 58 млрд. адамды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкін. Оған себеп — ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн етпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның сал-дарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа со-қтырады. Жер тез суый бастайды. Климат жағдайлары күрт езгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Де-мек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.
Қазіргі заманда жеке елдер арасыңдағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақтығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайда қай мемлекет болмасын езін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондыктан кауіпсіздік тек бір ұлтгық болуы мумкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын гло-бальды, ғаламдық мәселелердің маңызының өте зор артуында. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмау-дан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдар-дың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал кемір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға өте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.
Табиғат байлыктарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы онжылдықтарда жұртшылықты қатты алаңдатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінен мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатароған мил-лиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, келдер, ағын сумен бірге келген ты-ңайтқыштар, пестицидтер, сынап, мышьяк, корғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қара-ғанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-і сапа-сыз судың саддарынан пайда болатын көрінеді. Атмосфералық ауадағы жағдай да одан асып тұрған жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы 115 млн. жеңіл машина оттегін өзінің табиғи жағдайда пайда болуынан екі есе көп пайдаланады екен. Оның үстіне тұрмыс-тағы қоқыстар: әр түрлі қатты заттардың, әйнек, полиэтилен қапшықтардың, синтетикалық жуу құралдарының және т.б. қалдықтары айналадағы ортаны ластауда. Ғылыми-зерттеу және технологияға арналған Халықаралық корпорацияның зерттеулері бойынша 1970—2000 жылдарда өндіріс пен пайдаланудан қалған қалдық заттардың жыл сайынғы көлемі мен құрамы мынадай болмақ: атмосфераны газ тәрізділермен ластау 19,7 млрд. тонна-дан 50,8 млрд. тоннаға, қатты заттар — 0,24 млрд.-тан 0,72 млрд.-ка, органикалық емес қатты қалдықтардан—5 млрд.-тан 15 млрд.-қа, мұнай заттарынан — 0,07 млрд.-тан 0,24 млрд.-қа, органика-лық ауыл шаруашылық және тұрмыс қалдықтарынан — 14,1 млрд.-тан 37 млрд тоннаға дейін артпақ көрінеді. Мұның бәрі табиғаттағы экологиялық тепе-тендікті бұзуға әкеліп соқтырады.
Әлемдік кауымдастықты аландатып отырған үшінші үлкен мәселе — "үшінші елдердің" алдыңғы қатарлы Батыс державала-рымен салыстырғанда экономикалық артта қалу тенденция-сының күннен-күнге артуы. Осы ғасырдың 50—60 жылдары колониялық жүйе құлаған болатын. Саяси бостандығын алған елдер енді экономикалық және мәдени жағынан жылдам да-муға мүмкіншілік туды деп қуанғаны белгілі. Алғашында олар (әсіресе дамыған және мұнай ендіретін елдер) жылдам карқ-ынмен дамыды да. Бірақ 80 жылдары әлемдік саудада бұл елдердің үлесі төмендеп кетті. Олар шетелдерден карыз ала бас-тады. 80 жылдардың ортасына қарай "үшінші еддердің" Батысқа қарызы триллион доллардан асып түсті. Дамыған жөне да-мып келе жатқан елдердің арасында алшақтық көбейе түсті. Ол тоқтар емес.
Бұл тенденцияның себептері кеп. Оның айтарлықтай бір себебі "үшінші еддердегі" демофафиялық жағдайға байланысты.
Адамдардыңсаны әлеуметтік-экономикалық жағынан төмен дамыған Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде қатты ©суде. Оларға білім, медициналық көмек беру, әсіресе тұрғын үй және азық-түлікпен қамтамасыз ету ауыр проблемаға айна-луда. Б¥Ү-ның мәліметтеріне қарағанда, дүниеде жыл сайын 50 млн. адам аштан әлсді екен. Оның басым көпшілігі дамып келе жатқан елдердің үлесіне тиеді.
Жоғарыда керсетілгендерден басқа ғаламдық проблемаларға азық-түлік, шикізат, энергия көздері және т.б. адамзаттың одан әрі экономикалық өсуіне қажет табиғи қорлармен қамтамасыз ету; планетада демографиялық жағдайды тұрақтандыру; ғылы-ми-техникалық революцияның теріс зардаптарын жойып, олар-ды ұтымды пайдалану; халықаралық терроризм, нашақорлық және маскүнемдіктің өріс алуын тоқтату, денсаулықты сақтау, СПИД-тің жайылуын жою және т.б. енеді.
Төртіншіден, қазіргі уақытта Жер шарында мыңдаған ірілі-уақ халықтар, екі жүзге жуық мемлекеттер бар. Олар табиғат жағдайлары, мекендеген физикалық ортасы, қоғамдық құрылы-сы, экономикалық укладтары саяси-әлеуметтік және мәдени өмірінің түрлеріне және т.т. бойынша ерекшеленеді. Сөйте тұра, олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста, олардың бәрі бір адам-заттыңтегіне, жанұясына жатады. Дүниежүзілік дамып келе жат-қан экономикалык-сауда, ғылыми-техникалық, мөдени жәнет.б. байланыстар барлық мемлекеттерді бұрынғы бөлектеніп, онаша-лануды тыйдырып, жақындастыруда. Ғылыми-техникалық революцияның салдарында қаулап өскен ендіргіш күштер қоғамдық өмірді жедел түрде интернационализацияландыра түсуде.
80 жылдары адамзат, біріншіден, жоғарыда айтылған ғалам-дық мәселелердің қауіпті зардаптарға әкеп соқтыратынын, екіншіден, қазіргі дүниенің өзара байланыстылығын, тұтасты-ғын қатты сезіне бастады. Сондықтан да 80 жылдардың орта-сынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Жаңаша саяси болжау деп елдің сыртқы, ішкі саясатын белгілеп, жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар мен казыналарды жоғары қою жүйесін айтады.
Бұдан жаңаша саяси ойлау 80 жылдары ғана пайда болған екен деген ой тумауы керек. Себебі ядролық қаруды ойлап тап-қаннан кейінгі онжылдықтың ішінде капиталистік және социалистік елдердің ғалымдары атақты Рассел-Эйнштейн Манифестін жариялады (1955 жылдың 9 шілдесінде). Онда жап-пай қырып- жою қаруы өндірілуінің салдарында адамзат өте ауыр, қайғылы-қасіретті жағдайға душар болғандығы баянда-лады. Онда былай делінген: "Көпшілік жұрт, тіпті мемлекеттік қайраткерлердің көбі ядролық бомбаны пайдаланған соғыстың неге әкеліп соқтырарын әлі түсінбейді... Адамдар өздерін, ба-лаларын және немерелерін қатерге түсіріп тұрғанын болар-бол-мас қана елестетеді... Олардың әрқайсысына және жақында-рына азапты өлім қаупі теніп тұр... "Сондықтан мұндай жағ-дайда әрбір адам жаңаша ойлап, өмірге жаңаша көзқараспен қарау керектілігі атап көрсетілді.
Қазіргі таңда саясаттың, ғылымның, субъективтік фактордың рөлі орасан зор өсуде. Әлеуметтік, экономикалық, таптық, мәдени, діни және т.с.с. айырмашылықтарға қарамай басын қосып, ынтымақтасып, одан әрі ғарыштап алға басуға болады. Адамзат ядролық қауіпсіздіктің барлық жақтарын қамтитын-дай жүйесін жасаған шақта ғана құтылады. Дамудың баска жолы жоқ.
Ғалымдардың болжауынша, ядролық соғысты болдырмау үшін төмендегідей басты принциптерге негізделген әлемдік тәртіп орнату керек:
жалпыадамзаттық қазыналардың басымдығын мойындау, адам өмірі мен дүниеге адамзаттық ең жоғарғы құндылығы, қазынасы ретіңде карау;
даулы мәселелерді соғыс арқылы шешуден бас тарту, бар-лық дау-жанжалдарды саяси, бейбіт түрде шешудің жолдарын аянбай-талмай іздестіру;
халықтар өз тағдырын ез еркінше, дербес, тәуелсіз тандау құқығын тану;
— казіргі дүниені біртұтас және езара байланыстағы адам-дардың қауымдастығы ретінде түсіну.
Бұл принциптерді іске асыру үшін ең алдымен ядролық қару-ды біртіндеп, кезеңімен қысқартып, кейіннен оларды толық жою, ядролық космостық қару-жараққа тыйым салу. Бұл шаралар көп кешіктірілмей орындалса, тіпті тамаша болар еді. Ол үшін алғашқы қадамды ядролық қаруды сынауға толық тыйым салу-дан бастауға болар еді. Одан кейін химиялық, жаппай қырып-жою қаруларын жойып, басқа қару мен қарулы күштерді ақыл-ға сыйымды калпында қалдырса жеткілікті.
Жоғарыда көрсетілгендей, адамзат үшін келесі ең қауіпті мәселе — экологиялық апат. Айналадағы ортаның ластануын тоқтату мақсатыңда жүйелі шаралар қолдану қажет. Ол үшін алдымен экономикалық амалдар мен ынтыландыру тәсілін пай-даланған дұрыс. Ондай тәсіл шетелдерде кенінен қолданыла-ды. Мысалы, Германия Федерациялық Республикасында бұл мақсатта сертификаттарды енгізген. Егер көсіпорын немесе ұйым айналадағы ортаға зиян келтірсе, олардың барлығы қосым-ша салық төлейді. Зиянды қалдықтар сертификатта көрсетіл-гендей белгілі бір мелшерде болса, онда онша кеп телемейді. Ал егер ол мөлшерден артық кетсе, салық ақысы айтарлықтай көбейеді. Оның үстіне сертификаттағы керсетілген ластану мәлшері жылдан-жылға азайтылып отырады. Салықтың езі де жеке салалар мен аймақтар үшін олардың мүмкіншілігі мен жағдайына қарай әр түрлі салынады. Мұндай жүйелі әдістің жан-жақты пайдасы бар. Біріншіден, фирмаларды экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді түрде ұзақ мерзімді капитал жұмсауға мәжбүр етеді (инвестиция жасатады). Екіншіден, эко-логиялық жағынан зиянды өнеркәсіптер есебінен айналадағы ортаны қорғауды қаржыландыратын арнаулы қор ашылады.
Айналадағы ортаны ластамай, қорғау үшін газ, тозандарды ұстап қалатын қондырғылар орнатса, ластаушы кездерді кұртса, қалдықтар қалдырмайтын немесе аз қаддыратындай технологиялар кіргізсе, отынның экологиялық таза түрлерін пайдаланса, кеп мәселе шешілер еді.
Экологиялық ахуалды көтеру үшін кәсіпорындардың езінің жауапкершілігінің арттырылғаны, жергілікті өзін-өзі басқару орындарының құқықтары мен өкілдіктері іске асырылғаны,табиғаггы қорғау зандарын орындауға мемлекеттік және крғамдық катаң бақылау орнатылғаны жөн. Сонымен қатар табиғатты қорғау бір елдің ғана міндеті емес, оған бүкіл мемлекеттер ат салысу керек және бұл саладағы іс-әрекеттерін үйлестіре істегені абзал. Ол халықаралық келісімдерде көрінісін табуы тиіс. Бұл саладағы келесі міндет — ғылыми және материалдық байлық, қаржы, қорды біріктіру. Мұның бәрі экология жөніндегі ұлттық бағдарламаның құрамдас бөлігі болуы кажет.
"Үшінші елдердің" әлеуметтік-экономикалық артта қалуын жою үшін жанталаса қарулануды қысқарту және әскери шығынды едәуір азайту керек. Соның арқасында артта қалған елдерді тезірек дамытуға бірталай қаржыны бөлуге болады. Сарапшылардың айтуы бойынша, бұл елдердің экономикасын қазіргі тілекке сәйкес езгертуге керекті ақша қаражатын етеу үшін әскери шығынның оннан бірі де жеткілікті екен. Сонымен катар бұл мәселені шешу арқылы қонымды түрде халықты, жал-пы демографиялық жағдайды реттейтіндей саясат жүргізуді талап етеді.
Сонымен, қорыта келгенде, ғаламдық мәселелердің бір-бірімен тығыз байланыста екендігіне біздің көзіміз тағы да жетті. Оларды ойдағыдай шешу үшін әр түрлі елдердің халықаралық ынтымақтастыққа негізделген бірлескен амалы кажет. Ғалам-дық мәселелерді шешкенде, адамзаттың езін-өзі сақтап, таби-ғатты қорғағанда жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлт пен үлыстардың қандай бір максатымен салыстырғанда жал-пыадамзаттык қазына, мүдде әркашан басым, биік тұруға тиіс. Барлық халықтар ынтымақтастықты арттыру үшін келіссөздер мен ақылдасу арқылы өзара мақсат-мүдделерінің сәйкес келер жерлерін іздегені орынды. Сондай мемлекеттердің басын қосып, біріктіруге дәнекер боларлық нәрсеге техника, ғылыми-техни-калық революция жатады. Жеке бір мемлекет не саяси, әскери, экономикалық топтарға емес, бүкіл адамзаттың мұратына қыз-мет етерлік ғылым мен техниканың даму бағдарламаларын жа-сап, іске асырған абзал. Оның жолы өте кеп. Дамыған елдер күш-жігерін қосып, каражаттарын бөліп СПИД, рак немесе жүздеген басқа ауруларды емдеп, жазудың жолын іздесе, тіпті дүние-жүзілік дәрігерлік жүйе жасаса қандай ғажап болар еді?! Космосты бейбіт мақсатта игеретін дүниежүзілік ұйым құрса, жал-пы жаңа экономикалық тәртіп орнатса ғой. Мүндай мысалдарды ондап келтіруге болады. Бұл көрсетілген мұраттар орындалса, соғыс каупінен құты-лар едік. Адамзаттың жарқын болашағы үшін күресте барлық мемлекеттердің ынтымақтастығы құрыштай бекір еді. Бірақ мұның бәрі өзінен-езі келмейді. Ол үшін барлық халықтар мен елдер қажымай-талмай жұмыла күресуі керек. Халықаралық , катынастарды адамгершіліктендіру, демократияландыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |