1.Әлеуметтанулық ғылымының қалыптасу және даму тарихы.
Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуын француз философы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен байланыстырады, ол ғылыми айналысқа алғаш рет «әлеуметтану» деген терминді енгізді. Конт нақты ғылым мен білімді үгіттеуші болды және әлеуметтанушыларды қоғамды қатаң ғылыми негізінде зерттеуге шақырады. Алайда, бәрі бірдей оған бір ауыздан үн қата алмады. Сондықтан да кейінірек қоғамтануда екі бәсекелестік бағыт қалыптасты, ол: позитивизм және антипозитивизм.
«Конттың 1830 жылдары «Позитивті философияның негізгі курстары» атты еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде негізгі ойлары айтылады. Конт негізін қалаған позитивзмнің (Латын тілінде positivus-жағымды) негізгі мәні мынада, әлеуметтану субъективті пікір мен абстрактілі дәлелсіз философиялыққа салынбауы керек. Ол қоғамды зерттейді, қоғам тірі табиғат сияқты «организм». Табиғат заңдары сияқты, оның дамуын объективті заңдар басқарады. Сондықтан да ол әлеуметтану, биология, анатомия және т.б. жаратылыстану ғылымдары үлгісіндегі нақты ғылымдар жүйесіне кіреді, ол нәтижесін тексеріп білуге болатын дәлелді ғылым. Мұндай «түсіндіруші әлеуметтану», олардың ойынша, қандай да болсын идеология мен жеке адамдардың пікіріне тәуелді болмауы керек.
Антипозитивизм мен «ұғындырушы әлеуметтану» қоғам туралы ғылымда басқаша көзқарас қалыптастырады. Бұл бағыттың негізгі өкілі әлеуметтанушы, философ, және тарихшы М. Вебер (1864-1920) болды. Ол және оның ізбасарлары әлеуметтік өмірді зерттеудің негізі ретінде оны ұғынуды алды және оған субъективті баға берудің мүмкіндігін айтты.
Олар ғылымды унификациялауға қарсы шықты, яғни жаратылыстану ғылымы мен қоғам туралы ғылымды ортақ жүйеге келтіруге болмайды деді. Әлеуметтану ерекше таным теориясын жасап, қолдануы керек. Табиғат құбылыстары объективті, ол адамның санасы мен еркінен тыс өмір сүреді. Оларды ғылыми тәсілдер арқылы дәл өлшеп, оны тәжірибе жүзінде қайталауға болады. Қоғам-адам әрекетінің нәтижесінде мәдениет желісі бойынша оны өзгертіп, және жетілдіріп отырады. Қоғам қайталанбас тұлғалардан тұрады, сондықтан индивидуализациялық тәсілмен шын ықыласпен ұғынуды талап етеді. Сонымен бірге, осы ұғыну арқылы алынған нәтижелерді тәжірибе жүзінде тексеруге болады. Мысалы, суретшінің салған кенептігі суретінің бояуын табиғи-ғылыми тәсіл арқылы, оған физикалық-химиялық талдау жасауға болады. Алайда, бұл тәсіл суретшінің бейнелеген суретінің мәдени мәні мен идеясы туралы ештеңе айта алмайды. Тағы бір мысал, жолаушы және бомбалаушы ұшақ ғылыми көзқарас тұрғысынан құрылымы бірдей, алайда әлеуметтік қызметі әр түрлі. Мұны тек «ұғынушы әлеуметтану» ғана анықтайды. Конт пен Веберден басқа әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасып дамуына неміс ойшылы К.Маркс (1818-1883), ағылшын философы әрі әлеуметтанушысы Г.Спенсер (1820-1903) және француз әлеуметтанушысы Э.Дюргейм (1859-1917) үлкен үлес қосты. Бұл ойшылдар қоғамтанулық мәселелерге жауап іздеді, ол: қоғам дамуының жолдары қандай; ондағы қатынастарды қалай реттеу керек, адамның әлеуметтік мінез - құлқын не анықтайды және т.б. Олардың әрқайсысының зерттеу тәсілі мен теориялық тұжырымы болды.
Э. Дюргейм әлеуметтік таным жеке индивиттердің мінез-құлқы мен санасына емес, қоғамның әрбір мүшесінен жоғары тұратын әлеуметтік фактіні зерттеуге бағытталуы керек деп түсіндіреді.
Әлеуметтік фактілер – адамдардың біріккен әрекеті мен ұжымдық санасынан қалыптасқан ерекше қоғамдық құбылыс. Бұл қоғамда әрекет ететін моральдық және құқықтық нормалардың белгілі салт-дәстүрлер мен әдеттерге, дінге, ғылымға, ағарту ісіне т.б құндылықтарға қатынасы. Осы әлеуметтік фактілер бір қоғамды екінші қоғамнан ажыратады. Олар индивидтің көпшілік адамдар арасындағы мінез-құлқын айқындайды. К.Маркстің ерекшелігі, оның дүниені танып, білу ғана емес оны өзгертуге үндеуі. Өзгерістің негізгі тәсілі революция-қоғам өміріне күшпен өзгеріс енгізу. Тек бір таптық (пролетариаттық), екінші тапты (бұржуазияны) жоюуы, қоғамдағы қарама-қайшылықты шешеді. Бұған қарама - қарсы Г.Спенсердің қоғамды өзгертуге негізгі идеясы-эволюция. Ол табиғаттың тірі организмдердің мыңдаған жылдар бойына қалыптасқаны сияқты, адамзат қоғамында биологиялық организм сияқты, қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамитынын айтады. М.Вебердің негізгі ойы-жалпыны қамтитын рационалдық (латын тілінде rationalis- ақыл-парасаттық) идеясы, яғни ақыл парасатқа бағытталып, мақсаттандырылып ұйымдастырылған өмір.
Бұлар:
1. рационалды тиімді шаруашылық;
2. рационалды бюрократия, яғни пісіп-жетілген қоғамды басқару жүйесі;
3. рационалды құқық – адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін нақты және іс-әрекеттегі нормалар мен тәртіптер;
4. рационалды дін, адамдар бойында еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, адалдық пен әделеттілік қалыптастырды.
ХХ ғасырда әлеуметтану ғылымы АҚШ-да жемісті дамыды. Егер Еуропада әлеуметтану жеке ғылымдардың ынта жігері арқылы дамыса, америкада басынан жақсы ұйымдастырылып, қаржы бөлініп, университеттік білімнің ажырамас бөліміне айналды. Математика, статистика, модельдеу тәсілдері мен экспериментті кең қолдану әлеуметтануды нақты ғылым ретінде қалыптастырды.
Америка ғалымдарының негізгі күші практикалық мәселелерді шешуге бағытталған, яғни, адамдар мінез - құлқының себептері қандай, әлеуметтік бақылау мен басқаруды қалай жетілдіруге болады, өндірісті адамдардың ынтымақтастық рухын, еңбек өнімділігін арттыруды, халықтың әл-ауқатын көтеруді қалай қамтамасыз ету керек деген секілді мәселелер. Тейлор системасы немесе тейлоризм бағытын американ инженері және зерттеушісі Фредерик Тейлор (1856-1915) қалыптастырды. Өндірісті терең талдай отырып, Тейлор мынадай қорытындыға келді. Өндіріс жеткілікті өнімді емес, себебі жұмысшылар енжарлық танытып, жұмысқа салқын қарайды. Жағдайды түзету үшін зерттеуші алғаш рет еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен өндірісті рационалды басқаруды зерттеп енгізді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру еңбек операцияларын жан-жақты талдауды, артық және ыңғайсыз әрекеттерді жоюды, еңбекке қабылдаудың қолайлы түрін анықтау мен олардың іс-әрекетін автоматтандыру, еңбек уақытын қатаң реттеп, жұмыс пен демалысты үйлестіру т.б. Рационалды басқару өз кезегінде: а) өндірісте қатаң тәртіп және бақылауды; б) мамандарды дұрыс таңдап өз орнына қоюды; в) мамандықты жетілдіру жүйесі мен жұмысшылардың қызмет бабын көтеру; г) өндірісте материялдық ынталандыру принципін еңбек нәтижесі мен басқа да өлшемдерді алға тартып еңбек ақыны диференциалау (әртүрлі дәрежеде қалыптастыру). Өндірісті ұйымдастыру жүйесінде, Тейлордың айтуынша, филонтропияға (грек сөзі phileo-сүю, anthopos-адам, адамгершілік) жол берілмеуі керек. Әр адам өз жетістігіне өзі жауап береді. Еңбек процесі жоғары рационалдандырылып, өнім өндіру жоғары болуы қажет. Кім өнімді аз өндірсе, басқалардан жалақыны төмен алады. Жалақы жұмысшының өндіріске сіңірген жеке үлесіне сай келуі тиіс. XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басындағы Америка әлеуметтануының негізгі бағыттарының бірі бихевиоризм, қалыптасты. «Бихевиоризм» ағылшынның «behavior» - мінез-құлық туралы ғылым деген мағынаны берді. Бұл бағыттың негізін қалаған американ психологы Эдуард Торндаик (1874-1949) пен Джордж Уотсон (1878-1858) және олардың шәкірттері шын мәнінде адамның «мінез-құлық технологиясын» жасауға ұмтылды.
Мұнда мінез-құлықты «Стимул-реакция» қарапайым формуласы арқылы анықтады. Стимул – адамдарды әрекет етуге итермелейтін әсер, ал реакция – оған қарсы әрекет. Мысалы, жаңбырдың басталуы (стимул), қолшатырды қолдануымыз (реакция). Бірқатар «мінез-құлық схемалары» адамға туа біткен (дем алу, тамақ ішу, жөтелу т.б.), ал басқа реакцияларды тыңғылықты үйрету арқылы автоматтандырып, адам мінез-құлқын реттеп, қоғамда үйлесімділік орнатуға болады деп тұжырымдайды.
Ғалым есімі
|
Туған елі
|
Негізгі идеялары
|
Огюст Конт (1798-1857)
|
Франция
|
Әлеуметтану мен позитивизмнің негізін қалаушы, оның ойынша әлеуметтану дәл ғылым болуы керек
|
Карл Маркс (1818-1883)
|
Германия
|
Ғалымдар дүниені түсіндірумен шектелді, негізінде оны өзгерту керек – революция жолымен
|
Герберт Спенсер (1820-1903)
|
Англия
|
Қоғамның даму жолы – эволюция
|
Эмиль Дюргейм (1858-1917)
|
Франция
|
Әлеуметтанудың міндеті - әлеуметтік фактілерді қатаң және объективті зерттеу
|
Марс Вебер (1864-1920)
|
Германия
|
Ұғынушы әлеуметтанудың негізін қалаушы, тұтастай рационалдылық идеясының жақтаушысы
|
Достарыңызбен бөлісу: |