Сабақ мақсаты: Әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын талдай алу. Атақты әлеуметтанушы-теоретиктің ойымен, тұжырымдарымен танысу



Дата13.10.2022
өлшемі17,07 Kb.
#42942
түріСабақ
Байланысты:
СӨЖ #1 -әлеуметтану


СӨЖ № 1

Тақырыбы: Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеялары

Сабақ мақсаты: Әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын талдай алу. Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің ойымен, тұжырымдарымен танысу

Негізгі сұрақтар:

Әлеуметтанулық мектептер, ағымдар, теориялық бағыттар
Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойлары, тұжырымдары.
Орындаған:Амантаев Акежан Ербулатович
Тексерген: Ногаева Нурбану Макашевна

Э.Дюркгейм 1895 жылы жеке басылым болып жарық көрген «Әлеуметтану әдісі» кітабында әлеуметтануды философиядан түбегейлі бөліп алу мақсатын қояды. Ол қандай да болмасын қитұрқы әрекеттен бас тарта отырып, әлеуметтанудың ғылыми аппаратын жасау қажеттілігін және әлеуметтануды жүйеленген ғылымға айналдыруды көздейді. Эмиль Дюркгейм әлеуметтік фактілерді «зат есебінде» қарастыру кажет деп жазады.


Әлеуметтік индивидтің ерекшелігін, sin generis-тің нақтылығын негіздеу арқылы әлеуметтанудың ғылым ретіндегі заңдылығы мойындалуы тиіс дейді. Эмиль Дюркгеймнің осы объективистік көзқарасы — әдіснамалық принцип.
«Әлеуметтік нақтылық, сол әлеуметтік нақтылық туралы біздің түсініктеріміздің көмегімен тікелей беріледі деу — бос қиял, сондықтан әлеуметтану эксперимент енгізуі керек». Осы принциптерді талдауға Э.Дюркгейм өз еңбегінің негізгі бөлімін арнайды да, үш негізгі идеяны пайдалана отырып (топтау, түсіндіру, дәлелдеу), жүзеге асырады.
Эмиль Дюркгейм өзі өмір сүрген кездегі табиғат туралы ғылымның үлгісіне сәйкес тұжырым жасайды. Ғылымның максаты — құбылысты байланыстыратын каузалды заңдарды іздеу; ғылым тікелей немесе жанама түрде жүргізілген экспериментке сүйенеді. Әлеуметтану ғылымы жүйелі түрде мәліметтердің топтамасын бақылау арқылы осы мәліметтердің салыстырмалы нұсқаларын тіркеуге және түсіндіруге, тәптіштеуге тырысады.
Э.Дюркгейм әлеуметтанудағы эпистемология тұрғысынан енгізген әдістің екі жақты табиғаты бар: біріншіден, ол — социологияны белгілі бір ғылымилықтың үлгісі шеңберіне орналастырады (табиғат туралы ғылым үлгісі), ал екінші жағынан ерекше зерттеу бағдарламасын (каузалды талдау бағдарламасы) кұрастырады.
Осы екі бағыт француз әлеуметтануына күні бүгінге дейін ықпал етіп келеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін бұл бағыттардың жағдайы туралы сөз болған жоқ. Әлеуметтану философия аясында ғана болды. М.Мосс пен М.Хальбвакс жұмыстары жарықка шыққанына қарамастан, олар Э.Дюркгейм қол жеткізген беделге жете алмады.
Эпистемологиялық рефлексия әлеуметтану туралы жалпы және академиялық пікірлер арасынан екі әдіснамалық мәселеге катысты ерекшеленеді де сол жерге топталады: біріншісі — әлеуметтік-экономикалық статистиканың институттары мен құралдары дамыған дәуірде әлеуметтануға статистикалық талдауды енгізу туралы мәселе. Екінші әдіснамалық тәсіл -антропологиялық талдау әдісі туралы Мосс көптеген очерктер мен мақалалар жазды, бірақ өз ойларын біртұтас еңбек етіп жариялаған жок. Француз ғалымдары арасынан Р.Арон, Ж.Фридман, К.Леви-Стросс антропологиялық талдауды өз зерттеулеріне арқау ете отырып, табысқа жетті.
Эмиль Дюркгеймнің объективизмін Франциядан басқа жерлерде қабылдады әрі сынады. Мысалы, оны натурализм және позитивизм ағымдарының өкілдері қатты сынға алды. Айталық, «Рух туралы ғылым» мен «Ұғыну әлеуметтануы» (Дильтей, Вебер, Зиммель), сондай-ақ Гегель мен Маркс идеяларына жан бітірген Франкфурт мектебі (Адорно, Хоркхаймер) сынады. Ал АҚШ-тағы стандартталған сұрау салу нәтижесін кодтау мен себептіліктің математикалық талдауы Э.Дюркгейм ілімінің ерекше бағытын дамытты.

Францияның өзінде Эмиль Дюркгейм ілімін сынға алғандардың арасында этнология мен сюрреализмнің шекарасында пайда болған ағым да болды. Аталмыш ағым ұзақ өмір сүрмесе де, табысты болды деуге болады. Бұл бағыттағылар обьективизм мен каузализм ойдың шарықтауына, кең құлаш сермеуіне кедергі деп түсініп, интерпретативті әлеуметтануды жақтады.


Раймон Арон неміс ғылымында дамыған эпистемологиялық импликацияларды зерттеді. Ол неоканттық философия және ұғыну социологиясымен шектелген жоқ, «Тарих философиясына кіріспе» деген еңбегінде тарихи танымның объективтілігі мен тарих пен социологиядағы себеп-салдарлық әдісті пайдалану тәсілдері туралы ой қозғады.
Макс Веберге сүйене отырып, Р.Арон әрекеттің мәнін ұғынуды — оның нәтижелерін түсіндірумен байланыстырды. Осылайша, себеп-салдарлықтың бірнеше түрін көрсетті. Мысалы, тарихи-социологиялық, табиғи-тарихи. Р.Арон бір ғана үлгінің болуын дұрыс емес деп тапты. Р.Аронның көзқарастары кең колдау таппады. Францияда эмпириялық әлеуметтанудың дами бастағанын байқауға болатын еді, тіпті екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары Э.Дюркгейм өз елінде ұмытылған десе де болғандай еді.
Э.Дюркгейм ұсынган каузалдық әдісі («Өзін-өзі өлтіру» еңбегінде ол осы әдісті бірінші рет пайдаланды) америкалық зерттеу бағдарламаларында қолданыс тапты. Негізінен осы әдіс П.Лазарсфельдтің тікелей ықпалымен жүйеге келтірілген еді. «Белгілі бір айнымалы X шама Ү айнымалы шамасының өзгеруіне ықпал етеді» деген қарапайым қағида каузалдық түсінігін тым жұтаң күйге түсірер еді. «X — Ү» формуласы өте күрделі каузалды жүйелердің өте қарапайым түрін белгілейді.
Соғыстан кейін каузалдық талдау Францияға Вена үйірмесінің логицизмі арқылы қайтып келді. Осы кезде ол маңызды әдіснамалық тұжырымға айналып, позитивті эпистемологиялық негіздің рөлін атқарды. Каузалдық талдауды Францияға қайтадан Ж.Стетзель (Француз коғамдык пікір институтының негізін қалаушы) мен Р.Будон алып келді. Р.Будон мен П.Лазарсфельд екеуі «Әлеуметтік зерттеудің тілі» деген атақты еңбектің француздық шығарылымын дайындады. Өзінің ғылыми диссертациясында Р.Будон «каузалдық әдістің негізін Эмиль Дюркгейм салды» деп дәлелдеп шықты. Сонымен бірге француз структуралистері мектебі де Эмиль Дюркгейм ілімдеріне жакындай түсті. Структурализм М.Мосстың «жаппай әлеуметтік факт» деген ұғымына лингвистика мен фонология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қайта қарауды ұсынды.
Клод Леви-Стросс «жаппай әлеуметтік фактіні» нақтылықтың әртүрлі деңгейлеріндегі кұрылымдық-күрделілік идеясынан бөліп алып, оны этнологиядағы объективтілік пен субъективтіліктің байланыстары мәселесіне әкеп тірейді, яғни құбылыстардың ұйымдасуын айқындайтын қарым-катынастың санасыз жүйесі деген ұғымға алып келді. Бұл ой — М.Мосс жұмыстарының жаңа басылымының алғысөзінде айтылды. Этнология аясында айтылған осы пікір структурализмнің 1970 жылдарға дейінгі беделді болуын камтамасыз етті. Бұл идея әлеуметтану үшін аса мәнді емес еді, бірақ екі нәрсені ескерсек: біріншісі — М.Мосстың осы екі пәнді бөлгісі келмегені; екіншісі — Клод Леви-Стросс ұсынған эпистемологиялық төңкеріс. 1949 жылы «Тарих және әлеуметтану» деген еңбегінде Леви-Стросс элеуметтану мен этнология арасында Э.Дюркгейм орнатқан қарым-қатынасты өзгертті.

Француз социологиясындағы каузализм мен структурализм бағыттары америкалык эмпириялық әлеуметтану мен рефлексияға деген қызығушылықтың екі ортасында дамыды. Мысалы, 1964-1974 жылдары П.Навиль редакторы болған «Epistemologie sociologique» деген журналдағы жарияланған мақалалар -соның айғағы. Осы басылым француз социологтарының кәсіби қауымға айналуына мүмкіндік берді. Әрине осы процеске әдіснамалық және логикалық мәселелерді аналитикалык тұрғыдан карастыруға француз ғалымдарының социологиялык зерттеулердің техникасын жетілдіруі де ықпал етті. Журналда француз социологы Луи Альтюссердің құрылымның себептілігі мен тиімділігі туралы маркстік ілім ықпалында жазылған мақалалары жарық көрді. Жалпы 60-70 жылдардағы теориялык және идеологиялық пікірталастар структурализмді дамытты.


Эпистемология саласындағы белгілі еңбектер катарында «Әлеуметтанудың эпистемологиясы», «Құрылым ұғымы не нәрсеге қызмет етеді», «Әлеуметтанушының кәсібі», «Әлеуметтанудың дағдарысы» және т.б. атауға болады. Әлеуметтанушы Л.Гольдман марксизм мен позитивизм арасынан генетикалық құрылымдылықты таппақшы болды. Ол Карл Маркс, Эмиль Дюркгейм, Макс Веберге ортақ әлеуметтікті тану аксиомаларын анықтайды және оның кезеңдерін Г.Башлярдың қолданбалы рационализміне сүйене отырып, объектіні кұрастыруда эмпириялық диалогқа жол ашты. Эмиль Дюркгейм көтерген кейбір мәселелер де қайта колданысқа енді. Мысалы, жабық (айқын емес) принцип, күнделікті өмір әлеуметтануын сынау т.б. «Әлеуметтанушының кәсібі» деген кітапта структурализм, америкалық эмпиризм және марксизм біріктірілді.
1958 жылдан бастап Францияда әлеуметтану біраз университеттерде оқытыла бастады. 1968 жылғы реформадан кейін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша студенттер мен окытушылардың саны артты, қазіргі кезде Франциядағы 15 үлкен факультетте 1500 студент, әр университетте арнайы кафедралар бар, әрбір кафедрада екі немесе үш зерттеу тобы бар, кафедраларда 30-дан 50-ге дейін окытушы-зерттеушілер және 30-дан 50-ге маман келісім негізінде жұмыс жасайды.

1990 жылы «Raisons pratiques» («Тәжірибелік ой») журналы этноәдіснаманың ықпалында дамыған жаңа рефлексиялық ағым ( Конен, Кере, Фаро, Тевено) әлеуметтік социологиялык кызметтің логикалык және когнитивті алғышарттарын зерттеді. Оған түрткі болған тілдік, концепциялық мәселелер еді. Ал әлеуметтанудың неміс мектебі әлеуметтік ілімді үш негізгі бағыттарға бөледі: әлеуметтік ұрпақ ілімі («Generation»), әлеуметтік орта ілімі («Social milieu») және әлеуметтік тұлға ілімі («Social Person»). Әлеуметтану ғылымына деген қызығушылық осы үш мәселе төңірегіне топтасты.


Вильгелм Дильтей (1839-1911) Гегельдің ең бірінші сыншысы ретінде ұрпақтардың ауысуы, әр ұрпақтың табысқа жетуін зерттеді. Арада 60 жыл өткеннен кейін Карл Маннхейм (1893-1947) К.Маркс ілімін сынау мақсатында ұрпақтар тенденциясын дамытушы бірінші социолог болды.
Неміс әлеуметтануында орны ерекше есімнің бірі — Р.Михельс (1876-1936) өзінің «олигархияның темірдей заңы» деп аталатын тұжырымымен саясат әлеуметтануына енді. 1911 жылы жарық көрген «Қазіргі заманғы демократиядағы саяси партияның социологиясына» деген еңбегінде Р.Михельс «демократиялық партиялар элиталық және жабық ұйымға айналды» деп жазды. Осылайша, партия бюрократияланады және олигархияланады. Партия басшылары мен көсемдері халықтың емес, «тек қарақан қу басының қамын ғана ойлайтын пендеге айналады». Р.Михельс сөзімен айтқанда, «революционер партия лидерлері кәдімгі функционерлерге айналады». Осы заң партия шеңберінен шығып, жалпы қоғамға тән заңдылық бола бастайды.

Сонымен қатар неміс әлеуметтануында «культур — социология» деген атпен белгілі мәдени әлеуметтанулық ағым пайда болды. Оның өкілдері — Макс Шелер, Карл Маннхейм. М.Шелер туралы біз феноменология ағымы туралы бөлімде айтатын боламыз. Ал Карл Маннхейм — мол мұра қалдырған зерттеушінің бірі. Мысалы, оның еңбектері «Жан және мәдениет» (1918), «Тарихилық» (1924), «Білімнің әлеуметтік мәселелері» (1925), «Рухани кұрылымдардың идеологиялық және әлеуметтанулық түсіндірілуі» (1926), «Идеология және утопия» (1929) және т.б. К.Маннхейм «әлеуметтік болмыс» тек экономикалық емес, сондай-ақ тарихи кезеңдердің діни сипатымен де түсіндіріледі деген ойды айтады. Ғалым адамның ойлау кызметі мен


әлеуметтік позициялары арасында байланыс бар деп түсінді.
Альфред Вебер (1868-1958) — неміс әлеуметтануындағы мәдени әлеуметтанудың өкілі, Макс Вебердің інісі. Оның «Германдық және еуропалық мәдениеттің дағдарысы» (1924), «Мемлекет пен мәдениеттің әлеуметтік идеялары» (1927) деген еңбектері бар. Ол 1904-1907 жылдары Прага университетінде дәріс окыды. Ал 1907 жылы Гейдельберг университетіне ауысып, өмірінің соңына дейін сол жерде профессор қызметін атқарды. А.Вебер «мәдениет-өркениет-әлеуметтілік» жүйесіндегі құбылыстар мен байланыстар туралы пікірлерін білдірді.
Соғыстан ксйінгі неміс әлеуметтануының жандануына ықпал еткен Л.Визе Рене Кениг, Хельмут Шельски, А.Гелен және т.б.болды. Геттинген университетінде саяси ғылымдар мен әлеуметтік философияны зерттеуші Хельмут Плеснер (1892-1985) ұрпақ ауысуының эмпириялық мәселелерін, соның ішінде зиялы қауымның өзгерісін зерттейді. Оның соғыс алдындағы университст профсссорлары мсн ғылыми ортадағы өзгерістерді талдаған жұмыстары танымал болды да ғалымның бсдслін арттыра түсті. «Ұрпақтардың ауысуы кәсіби элиталардың өзгерісіне алып келеді» деген тұжырым — Х.Плеснер ізденістерінің нәтижесі еді.
Соғыстан ксйінгі Германияда әлсуметтанудың калпына келуі — социолог ғалымдардың елге қайта оралуымен тығыз байланысты. Мамандарды даярлауға Цюрихтан келген Рснс Кениг, АҚШ-тан қайтып оралған Адорно мен Хоркхаймер және Голландияда соғыс жылдарында астыртын шығып тұрған «Homo absconditus» журналымен тығыз байланыста болған Х.Плеснер атсалысты.
XX ғасырдағы неміс әлеуметтанулық мектебі туралы айтқанда Франкфурт мектебі туралы айтпау мүмкін емес. Оның өкілі Юрген Хабермастың әлеуметтік ілімі неомаркстік бағытта болды. Бір кездері атақтары жер жарған мектеп өкілдерінің бірде-біреуі 1972 жылы Франкфуртта болған жоқ. Теодор Адорно басқарған Франкфурт мектебі көп ұзамай тарап кетуге мәжбүр болды. Оның себебі — Адорно мен Хоркхаймер арасындағы келіспеушілік. Ал Рене Кениг (1905-1992) эмпириялық неопозитивизмді америкалық социология дәстүрінде дамытты.
1965 жылы Томас Лукман АҚШ- тан оралғаннан кейін неміс мектебінің феноменология бағытын жалғастырды. Ал енді неміс әлеуметтануындағы үшінші бағытты соғысқа дейін аса беделді болған аға ұрпак өкілдері дамытқан еді. Бұл мектеп Гегель мен Марксті сынға ала отырып, жаңа ілімдерге позитивті карым-қатынаста болды. Сонымен осы негізгі үш орталық XX ғасырдың 50-60 жылдары Германияда үстем болды, бірақ олардың позициясы 1967-1970 жылдар аралығында әлсірей бастады.

Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болып.


Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 – 30 – жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болады. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдарын қамитды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын дайындау басталды., әлеуметтану эксперементальды (практикалық ) ғылымға айналды.Оның әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кенінен қолдана бастады.
3- кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезенде әлекуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттің сайлаулардың қарсанында нақтылы әлеументтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.

«Әлеуметтану» термині енгізілді ғылыми айналымОгюст Конт өзінің «Позитивті философия курсы» атты еңбегінде 1842 ж. Конт жаңа ғылым қоғамды құрылымдық организм ретінде қарастыруы керек деп есептеді, онда әрбір жасуша тұрғысынан зерттелуі керек қоғамдық игілік... Осыған байланысты ол бүкіл әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға бөлді. О.Комт механика заңдарын қоғамды зерттеуде қолдануға болады деп есептеді. Оған социологиялық білімге эмпирикалық көзқарас тән болды. О.Комт әлеуметтануда үлкен ғылыми із қалдырмады, бірақ оның қоғам туралы ғылымы позитивті фактілерге сүйенуі керек, жаратылыстану ғылымдарының мысалында құрылуы керек деген идеясы өте маңызды. Әлеуметтанудың бастапқыда әлеуметтік физика деп аталуы кездейсоқ емес. Әлеуметтану қазіргі уақытта ең жылдам дамып келе жатқан ғылымдардың бірі. Оның әдістерін, құралдарын қоғам туралы басқа ғылымдар қабылдайды: экономика, құқық, демография. Олардың ішінде әлеуметтану математиканың жаратылыстану ғылымында алатын рөлін атқара бастайды, өйткені социологиялық әдістер көптеген процестерге нақты сандық баға беруге мүмкіндік береді. әлеуметтік даму.


Қазіргі әлеуметтану - бұл өз пәні мен рөлін әр түрлі түсіндіретін және әлеуметтану дегеніміз не деген сұраққа әр түрлі жауап беретін көптеген ағымдар мен ғылыми мектептер. Әлеуметтанудың қоғам туралы ғылым ретінде әр түрлі анықтамалары бар. « Қысқаша сөздік қорыәлеуметтануда «әлеуметтануды қоғамның, әлеуметтік қатынастар мен әлеуметтік қауымдастықтардың құрылуы, жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылым ретінде анықтайды. Социологиялық сөздік» әлеуметтануды әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік процестердің дамуы мен қызмет ету заңдылықтары туралы ғылым ретінде анықтайды. әлеуметтік қатынастар қоғам мен адамдар арасындағы, қауымдастықтар арасындағы, қауымдастықтар мен жеке адам арасындағы өзара байланыс пен өзара әрекеттесу механизмі ретінде. «Социологияға кіріспе» кітабында әлеуметтанудың әлеуметтік қауымдастықтарға, олардың генезисіне, өзара әрекеттесуіне және даму тенденциясына бағытталған ғылым екендігі атап көрсетілген. Анықтамалардың әрқайсысында ұтымды дән бар Ғалымдардың көпшілігі социологияның пәні қоғам немесе белгілі бір әлеуметтік құбылыстар деп санайды. арнайы ғылымдарда ол белгілі бір әлеуметтік құбылыстарды, жекелеген ерекше аспектілерді немесе әлеуметтік құбылыстардың сериясын зерттемейді, бірақ олардың ешқайсысы зерттемейтін олардың жалпы жалпы қасиеттерін зерттейді. Білімнің құқықтық салалары тек заңды зерттейді. Өнер теориясы тек өнер және т.б. Ғылымдардың ешқайсысы экономикалық, заңдық, көркемдік және діни құбылыстарда және т. Және олар әлеуметтік қызметтің жеке түрлері екенін ескере отырып, олардың барлығына ортақ жалпы белгілері болуы керек және барлық әлеуметтік құбылыстарға ортақ заңдылықтар өмірде көрініс табуы керек. Бұл барлық әлеуметтік құбылыстарға тән және ешбір әлеуметтік ғылым зерттемейтін ең жалпы қасиеттер мен заңдылықтар және әлеуметтанудың ең жақын объектісі.

Демек, әлеуметтану - бұл қоғамдық құбылыстардың жалпы қасиеттері мен негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану эмпирикалық тәжірибені, яғни сенімді қабылдауды сенімді білімнің, әлеуметтік өзгерістердің жалғыз құралы ретінде таңдап қана қоймайды, сонымен қатар оны теориялық тұрғыдан жалпылайды. Әлеуметтанудың пайда болуымен жеке адамның ішкі әлеміне ену, оның өмірлік мақсаттары, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін түсіну үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Алайда, әлеуметтану жалпы адамды емес, оның нақты әлемін - әлеуметтік ортаны, ол кіретін қауымдастықтарды, өмір салтын, әлеуметтік байланыстарды, әлеуметтік әрекеттерді зерттейді. Әлеуметтанудың көптеген салаларының маңыздылығын төмендетпестен, социология әлемді біртұтас жүйе ретінде көру қабілетімен бірегей. Оның үстіне, әлеуметтану бұл жүйені жұмыс істеп, дамып қана қоймай, сонымен қатар терең дағдарыс жағдайын бастан кешіреді. Қазіргі әлеуметтану дағдарыстың себептерін зерттеуге және қоғамдағы дағдарыстан шығудың жолдарын табуға тырысады. Негізгі проблемалар қазіргі әлеуметтану- адамзаттың өмір сүруі және өркениеттің жаңаруы, оны дамудың жоғары сатысына көтеру. Әлеуметтану мәселелерді шешуді тек жаһандық деңгейде ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік қауымдастықтар, нақты әлеуметтік институттар мен бірлестіктер, жеке адамның әлеуметтік мінез -құлқы деңгейінде шешуге тырысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет