Анықтаушы – белгілі қасиет пен сапаның даму деңгейін анықтау үшін пайдаланылады.
Қалыптастырушы – сәкес қасиетті қалыптастыру үшін мақсатты әрекет ету.
Бақылаушы – оқыту жұмысының нәтижелілігін анықтау үшін жүргізіледі.
Іс-әрекет өнімдерін зерттеу. Психологиялық іс-әрекет нәтижелерінің фактілерін жинап талдау. Ойын, оқу, еңбек іс-әрекеттерінің өнімдерін зерттеу.
Әңгіме – зерттелінушіден тура немесе жанама, ауызша немесе жазбаша түрде оның іс-әрекеті туралы мәлімет алудың психологиялық әдісі болып табылады. Әңгіме – арнайы бағдарлама бойынша фактілерді жеке қарым-қатынас жасау барысында жинақтау. Анкета – арнайы бағдарлама бойынша фактілерді жазбаша сұрау барысында жинақтау.