Психологиялық-педагогикалық эксперимент – бұл педагогикалық психологияда кеңінен қолданылып, баланы оқыта (тәрбиелей) отырып зерттеуге мүмкіндік беретін табиғи эксперименттің бір түрі. Психологиялық-педагогикалық эксперименттің негізгі ерекшелігі, мақсаты зерттеу емес, белсенді түрде жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін өзгерту, қайта құру, қандайда бір психикалық іс-әрекетті қалыптастыру болып табылады.