Физика ғылымдары. Қазақстанның әлемдік ғылыми кеңістікте
шоқтығын биіктетіп тұрған физика саласы деп нық сеніммен айтуға болады.
Ғалымдарымыздың бұл бағытта жазған ғылыми жұмыстары импакт-
факторлық
рейтингісі
жоғары
журналдарға
жариялануы
және
жарияланымдардың көптеген сілтемеге ие болуы пікірімізді қуаттай түседі.
Web of Science мәліметтер базасы бойынша 2009-2013 жылдар
аралығында қазақстандық ғалымдар физика саласы бойынша 16 ғылыми
бағыт бойынша 1238 ғылым мақала жариялаған. Дегенмен 12 ғылыми бағыт
бойынша ғана 10 астам ғылыми мақалалар жарияланғанын айта кетуіміз
керек. Қазақстанның орташа сілтемелік көрсеткішімен салыстырғанда да
физика саласы бойынша жасалған сілтемелердің айтарлықтай жоғары екенін
байқаймыз. Физика салаласы бойынша жасалған сілтемелер 2,70 құраған
(7.2-кесте).
7.2-кесте. Web of Science 2010-2012 жылдардағы Қазақстанның физика саласы бойынша
жарияланымдарының орташа сілтемелік көрсеткіші
№
Зерттеу саласы
Орташа
сілтемелік
көрсеткіш
Жарияланым
саны
1.
Астрономия және астрофизика
6,83
89
2.
Метеорология. Атмосфера ғылымы
5,08
12
3.
Физика
3,89
493
4.
Геология
2,57
63
5.
Геохимия және геофизика
2,24
29
6.
Химия
2,06
368
7.
Полимер туралы ғылым
1,45
11
8.
Минералогия
1,25
16
9.
Оптика
1,20
20
10.
Пайдалы қазбаларды өңдеу және өндіру
0,76
25
11.
Математика
0,67
209
12.
Термодинамика
0,50
14
140
Ғылымның көптеген бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жазған қазақстандық ғалымдардың еңбегін әлемдік ғылыми қоғамдастық
жоғары бағалап, айтарлықтай сілтеме жасаған. Осы ретте астрономия және
астрофизика, метеорология салалары бойынша жарияланған қазақстандық
ғылыми мақалалар сілтемелік көрсеткіші 6,83-5,08 дейін жеткенін айта
кетуіміз керек. Бұдан басқа физика, геология, геохимия және геофизика
бағыттарындағы қазақстандық жарияланымдар да ғылыми ортаның
қызығушылығын туғызған. Ал пайдалы қазбаларды өңдеу, математика,
термодинамика, математика және минералогия салаларына біршама ғана
сілтемелер жасалғанын байқадық.
Физика саласы бойынша жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған
қазақстандық ғалымдардың тобын Еуразия Ұлттық университеті арнайы
шақырған білікті маман Сергей Одинцов мақаласы көшбастап тұр.
Ғалымның мақаласы ғылыми мәліметтер базасында жарияланған күннен
бастап оған әлемдік ғылыми орта айрықша қызығушылық танытып,
дүниежүзінің әр еліндегі ғалымдар 162 рет сілтеме жасағанын үлкен жетістік
деп бағалауға болады.
Бұдан басқа Физика-техникалық институттың ғылыми қызметкерлері
Э. Боос, Б. Жәутіков, Н. Покровский, А. Барақбаевтың ғылыми жұмыстары
да әлемдік ғылыми қоғамдастық тарапынан өз бағасын алды. Физика саласы
бойынша жоғарғы энергия бойынша халықаралық авторлармен бірлесіп
жазылған ғылыми жұмысқа 138 сілтеме жасалынған. Осы ретте ғылыми-
зерттеу жұмысын дайындауға әлемнің 111 ғылыми мекемелерінің
қызметкерлері атсалысқанын айта кетуіміз керек.
Тағы да Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің
ғылыми қызметкерлері И. Іргебаева мен Д. Бірімжановалардың химия
саласы бойынша жариялаған мақалаларына 101 рет сілтеме жасалынып,
еліміздің абыройын асқақтатты.
Әдеттегідей физика ғылымдары бойынша да шетелдік ғалымдармен
бірлесіп ғылыми зерттеу-жұмысын жазу ғылыми-техникалық саланың
ынтмақтастық көрсеткішін айқындай түседі. Мысалы, белгіленген мерзім
аралығында тек қана қазақстандық ғалымдар физика ғылым бойынша 592
ғылыми жұмыстарды жариялап, орташа сілтемелік көрсеткіштері 0,88
құрағанын айта кетуіміз керек. Соның отандық ғалымдар шетелдік
әріптестерімен ынтмақтастып 64 ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаған.
Зерттеу барысында бұл жұмыстардың сілтемелік көрсеткіші 4,38 деңгейге
дейін жеткеніне куә болдық.
Отандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарын жариялаған ғылыми
журналдардың импакт-факторлық көрсеткіші 5,62-0,18 аралығын болған.
Ғылыми жұмыстардың үштен екісі импакт-факторлық көрсеткіші 0,60 тең
болатын посткеңестік елдерде жарық көретін ғылыми журналдарда жарық
көріпті. Қазақстандық ғылымдардың ғылыми жұмыстарын жариялауда
Russian Journal of Applied Chemistry, Russian Journal of General Chemistry,
ранее отмеченное узбекское издание Chemistry of Natural Compounds, а
141
также американский журнал Abstracts of Papers of The American Chemical
Society халықаралық ғылыми журналдары топ бастап тұр.
Өмір туралы ғылым және биомедицина. Өмір турлы ғылым және
биомедицина тақырыптары бойынша жарияланған ғылыми мақалаларды
аграрлық, биология ғылым және медицина деп бөліп қарастырылды.
Бұл бағытта қазақстандық ғалымдар ғылымның 20 пәні бойынша 352
құжат жариялағанына зерттеу барысында көз жеткіздік. Осы ретте 2009-2013
жылдар аралығында 10-нан жоғары мақала жарияланған салаларды таңдап
алып, талдау жасалынды, (7.3-кесте).
7.3-кесте. Web of Science бойынша 2009-2013 жылдар аралығындағы Қазақстанның
аграрлық және биология ғылымдары бойынша орташа сілтемелік көрсеткіші
№
Зерттеу саласы
Орташа
сілтемелік
көрсеткіш
Жарияланымдар
саны
1.
Биофизика
5,45
20
2.
Биоалуандық және оны сақтау
5,45
11
3.
Тамақтану ғылымы және технология
2,82
11
4.
Жасушылаық биология
2,11
35
5.
Қоршаған орта жайлы ғылым. Экология
2,03
93
6.
Палеонтология
1,85
13
7.
Ауыл шаруашылығы
1,70
30
8.
Өсімдіктану
1,43
28
9.
Жануартану
1,19
36
10.
Биотехнология және қолданбалы
микробиология
0,90
48
11.
Биохимия және молекулярлық биология
0,82
93
12.
Микробиология
0,71
14
Жалпы алғанда жоғарыда атап көрсетілген салалар бойынша сілтемелік
көрсеткіш 5,45-0,71 аралығында болған. Осы ретте биоалуандық және оны
сақтау, биофизика және энтомология салалары бойынша жоғары нәтижеге
қол жеткізгенімізді айта кетуіміз керек. Ал отандық ғалымдардың тамақтану
және технология, жасушалық биология, қоршаған ортаны қорғау туралы
ғылым салалары бойынша жұмыстары 2,00 сілтемелік көрсеткішке ие
болды. Қазақстанның агробиологиялық ғылымдары бойынша орта
сілтемелік көрсеткішке ауыл шаруашылығы саласы да қол жеткізген.
Негізінен көптеген сілтемелер ғылыми-зерттеу тұрғысынан өз
нәтижесін берген жұмыстарға жасалынған. Олар – микроденелердің
биотехнологиясы, өсімдіктану, жануартану, экология, ветеринария,
медициналық биотехнологиясы болып жіктеледі. Осы ретте аталған салалар
бойынша
ғылыми-зерттеу
жұмыстарын
жазуда
ҚР
Ұлттық
биотехнологиялық орталықтың ғалымдары – Раманқұлов Е., Тілеуова Н.
(сілтеме саны - 22-26) импакт-факторымен жарық көрген жарияланымдары
(3,5-7,0) бар екенін айта кетуіміз керек.
142
Белсенді дәйексөз алынған мақала авторы А. Бисенбаев (әл-Фараби ат.
Қазақ ұлттық университеті), мұнда ДНК репарациясы жүйесінің
рибосомдары
және
тотықтырушы-орнына
келтіруші
ферменттер,
шаруашылық маңызы бар астық тұқымдастардың жасушалар апоптозын
механизмдерде жүзеге асыру зерттеу нәтижелері талқыланып және
ұсынылған, 5 жыл ішінде 20-дан аса сілтеме.
Дәйексөз алынған саны (15) мақала авторлары И. Гарчев, А. Бекенов
және олардың Англиядағы шетелдік авторларларымен бірлесіпжазылған
еңбекте ақбөкендерді қорғау және сақтау мәселесі, сондай-ақ аталған
жұмыстың маңыздылығын күәландыратыншаралар талқыланған.
Медицина. 2009-2013 жылдар аралығында Web of Science мәліметтер
қорына Қазақстан ғалымдарының медицина саласы бойынша жариялаған
ғылыми жұмыстарының жалпы саны 405 құрап, олар 46 бағытқа бөлінген.
Осы уақыт аралығында тек 17 пәндік сала бойынша ғана 10 астам ғылыми
жұмыстар жарияланыпты. Медицинаның кейбір маңызды салалары
бойынша бірнеше ғана ғылыми мақала жарияланғанын байқадық. Осы ретте
медициналық ғылыми жұмыстардың орташа сілтемелік көрсеткіші 1,34
құраған (7.4- кесте).
7.4-кесте. Web of Science бойынша 2009-2013 жылдар аралығында Қазақстанның
медицина саласы бойынша жарияланған ғылыми жұмыстарының сілтемелік көрсеткіші
№
Зерттеу саласы
Орташа
сілтемелік
көрсеткіш
Жарияланымдар
саны
Медицинлық генетика
4,02
17
Қоғамдық денсаулық сақтау және
денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру
2,47
15
Онкология
2,41
44
Жұқпалы аурулар
1,64
22
Иммунология
1,57
58
Жалпы ішкі медицина
1,50
12
Биомедицина
1,24
42
Фармакология және фармация
0,87
71
Денсаулық сақтау
0,74
19
Психиатрия
0,33
12
Эксперименттік медицина
0,30
23
Пульмонология
0,22
18
Гинекология
0,18
11
Педиатрия
0,08
12
Аллергия
0,00
32
Нейронауки және неврология
0,00
23
Кардиология
0,00
14
Зерттеу барысында медициналық генетика, генетика және тұқымқуалау,
паразитология, токсикология және онкология саласы бойынша жазылған
143
ғылыми-зерттеу жұмыстары өздерінің маңыздылығын дәлелдеп, олардың
сілтемелік көрсеткіші 2,0 деңгейге жеткен.
Бұдан басқан отандық ғалымдардың медицина саласының жұқпалы
аурулар, иммунология, жалпы ішкі медицина және биомедицина бағыттары
бойынша жазған ғылыми жұмыстары да өзінің маңыздылғын дәлелдеп,
жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болғанын айта кетуіміз керек.
Web of Science мәліметтер қорындағы қазақстандық ғалымдарының
аллергия,
нейроғылым
және
неврология,
кардиология,
урология,
гепатология, мейірбике ісі және эндокринология саласы бойынша жазылған
ғылыми жұмыстары белгіленген мерзім аралығында бірде-бір сілтемелік
көрсеткішке ие болмаған.
Қайта профессор Ж. Ыдырысованың (С. Асфендияров атындағы Қазақ
ұлттық
медицина
университеті)
шетелдік
ғалымдармен
бірлесіп
иммунология бағыты бойынша педиатриялық склероздың жіктелуі жайында
жазған мақаласына біраз сілтеме жасалынған.
Осы ретте Web of Science мәліметтер базасында жарияланған
қазақстандық екі ғалымның генетика және онкология саласы бойынша
жазылған ғылыми жұмыстары әлемдік ғылми ортаның назарын өзіне
аударғанын бөле-жара айта кетуіміз керек. Олар – Жалпы генетика және
цитология институтының ғалымы А. Аскапули мен Қазақ онкология және
радиология ғылыми-зерттеу институтының ғалымы С. Игісінов.
Шетелдік ғалымдармен бірлесіп ғылыми зерттеу-жұмысын жазу
ғылыми-техникалық саланың ынтмақтастық көрсеткішін айқындай түсетіні
белгілі. Белгіленген мерзім аралығында отандық ғалымдар шетелдік
әріптестерімен тізе қосып, 210 ғылыми мақала жазып, олардың орташа
сілтемелік көрсеткіші 0,27 деңгейді құраған. Ал бүгінге дейін оның саны 218
жетіп, орташа сілтемелік көрсеткіші 2,37 дейін көтерілгеннен медицина
саласында ғылыми ынтмақтастықтың өрісі қаншалықты кеңейгенін байқауға
болады. Осы бір көрсеткіштен отандық және шетелдік ғалымдардың жемісті
жұмыс істеп жатқанын байқауға болады.
Зерттеу барысында қазақстандық ғалымдардың Өмір туралы ғылым
және биомедицина саласы бойынша жариялаған ғылыми жұмыстары
дүниежүзінің 265 ғылыми журналына жарияланған. Оның қатарында
импакт-факторлық көрсеткіші 39,06 құрайтын ағылшын тіліндегі «Lancet»
ғылыми журналы мен медицина саласы бойынша тек қана таңдаулы
мақалаларды жариялайтын ондағын басылым бар. 2010 жылы Әсел
Терлікбаеваның «HIV and women who use drugs: double neglect, double risk»
(Колумбия университеті жанындағы Ғаламдық денсаулық сақтау саласы
зерттеу орталығын Орталық Азияны зерттеу) деген ғылыми жұмысына екі
жылдың ішінде 15 ғылыми-зерттеу жұмысы сілтеме жасаған. Қазақстандық
ғалымның мақаласына шетелдік әріптестерінің бұлайша қызығушылық
танытуына мақала авторының ВИЧ дерті мен есірткіден зардап шеккен
әйелдердің аянышты тағдыры әсер еткені анық.
144
Қазақстандық ғалымдардың өмір туралы ғылым және биомедицина
тақырыбында жазған мақалалары үшінші бөлігі импакт-факторлық
көрсеткіші 0,06-5,98 тең келетін Англия, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ
және Өзбекстанның ғылыми журналдарына жариялаған. Осы ретте
жарияланған ғылыми жұмыстардың басым бөлігі Өзбекстанда жарық
көретін «Химия табиғи байланыс» журналының еншісіне тиіп отыр. Web of
Science мәліметтер қорында аталған журналдың ағылшын тілінде Chemistry
of Natural Compounds деп аталады.
Отандық ғалымдар бұдан басқа дүниежүзінде биология саласы
бойынша жетекші басылым саналатын Faseb Journal журналына да ғылыми
жұмыстарын жариялағанын үлкен жетістік деп қарастыруға болады. Осы
ретте импакт-факторлық көрсеткіші жоғары Allergy, European Journal of
Neurology, Epilepsia, Planta Medica журналдарына жарияланған қазақстандық
мақалаларға тиісті деңгейде сілтеме жасалынбағанын аңғардық. Мұның
басты себебі бұл бағытта әлемдік медицина саласында ғылыми-зерттеу
жұмыстарының жүргізілмегендіктен болуы да мүмкін.
Техникалық және қолданбалы ғылымдар. Техникалық және
қолданбалы ғылым салаларына бөлінетін қаржы көлемі қомақты, бірақ одан
келетін экономикалық тиімділік көлемі де айтарлықтай көп. Қолданбалы
зерттеулер ғылыми зерттеу нәтижелерін, яғни инновацияны әртүрлі
салаларда (экономика, технология, басқару, қызмет көрсету) пайдалануға
бағытталады.
2009-2013 жылдар аралығында Қазақстанда қолданбалы ғылым саласы
19 ғылыми бағытты қамтып, бұл салада 547 жарияланым жарық көрген.
Қолданбалы ғылым саласындағы жарияланымдарға орташа сілтемелік
көрсеткіш Қазақстан бойынша өзге ғылымдардың орташа көрсеткішімен
салыстырғанда төмен, 1,49-ды құрайды.
Аталмыш саладағы атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымды бөлігі
пәнаралық бағыттарды, атап айтқанда инженерия, материалтану, химия,
физика, нанотехнология, геоғылымдар, экология және ауыл шаруашылығы
сынды әртүрлі салалардың мәселелерін қарастырады. Жұмыстардың негізгі
бөлігі мұнай химиясы қатты отын химиясы, металлургия және түсті
металдар мәселелерін қамтиды.
Жарияланымдардың орташа сілтемелік көрсеткіші салыстырмалы
қолжетімділік деңгейін және зерттеу нәтижелеріне ғылымның әсерін
көрсетеді. Техникалық және қолданбалы ғылым салалары бойынша бір
жарияланымға сілтемелік көрсеткіш 2,56-дан 0,44-ке дейінгі аралықта
өзгеріп отырады. Кейбір екі реттен көп сілтемелік көрсеткішке ие болған
пәндер, нақтырақ айтқанда, пәнаралық ғылымдар, материалтану,
спектрскопия ғылымдары халықаралық жетістіктермен тығыз байланысты.
(7.5-кесте).
Қазақстандық пәнаралық ең жоғары сілтемелік көрсеткішке ие, (75
сілтеме) аты әлемге танымал археолог ғалым В.Ф. Зайберт (Ш. Уәлиханов
атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті). Жарияланым Science
145
журналында 31.027 импакт-факторымен басылған және зерттеу жанамалы
сипатта археология саласына қатысты. Ғалымның өзі туралы бірер сөз.
Ежелгі қоныс-мекендердің бірі Ботай тұрағынан қазба жұмыстарымен
айналысқан ғалым бас сүйектерден кеуіп қалған қымыздың қалдықтарын
табады. Солтүстік Қазақстан жерінде өмір сүрген арғы аталарымыз
ботайлықтар осыдан 6 мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретіп, өсірумен
айналысқан деп тұжырым жасауға негіз болды. Осылайша В.Ф. Зайберт
жылқыны алғаш қолға үйреткен Орталық Еуропа деген көпжылдық
теорияны теріске шығарды.
7.5-кесте. Қазақстанның 2010-2012 жылдар аралығында техникалық және қолданбалы
ғылым салалары бойынша Web of Science мәліметтер базасында жарық көрген
жарияланымдардың орташа сілтемелік көрсеткіші
№
Зерттеу саласы
Орташа
сілтемелік
көрсеткіш
Жарияланым
саны
1.
Пәнаралық ғылымдар
2,56
85
2.
Материалтану
2,03
171
3.
Спектроскопия
2,02
24
4.
Энергия және отын
1,31
54
5.
Ядролық технология
1,12
59
6.
Компьютерлік ғылымдар
1,02
42
7.
Механика
0,96
26
8.
Инженер ісі
0,82
188
9.
Металлургия
0,75
65
10.
Аспаптық және метрологиялық жүйе
0,44
25
11.
Автоматтандыру және басқару жүйесі
0,00
12
Жарияланымдардың жалпы жиынтығында халықаралық бірлескен
авторлық негізде жазылған жұмыстардың үлесі сол ел зерттеушілерінің
әлемдік ғылыми қауымдастықтағы интеграциялық деңгейінің салыстырмалы
көрсеткішін құрайды. Техникалық ғылым саласында тек қазақстандық
ғалымдар жазған жұмыстардың (309 бірлік) орташа сілтемелік көрсеткіші
0,32. Қазақстандық ғалымдардың шетелдік зерттеушілермен бірлескен
авторлық жарияланымдарының саны 263, олардың орташа сілтемелік
көрсеткіші 2,87. 2009-2013 жылдар аралығындағы басылымдарда жарық
көрген қазақстандық жарияланымдардың импакт-факторы 4,19-дан аспайды,
аталмыш саладағы журналдардың максимальді маңызы 35,75-ті құрайды.
Ресейден жарық көретін журналдардағы жарияланымдар саны айтарлықтай
едәуір және импакт-факторы 0,60-тан төмен.
Аспаптық және метрологиялық жүйелер, ядролық технология,
спектроскопия, материалтану және пәнаралық ғылымдар бағытындағы
жарияланымдар Нидерланды және АҚШ басылымдарында 1,0-ден 4,0-ге
дейінгі аралықтағы импакт-фактормен жарияланған. Аталған журналдарда
жарық көрген қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының орташа
сілтемелік көрсеткіші 2,0-ден 10,0-ге дейінгі аралықта. Өкінішке орай,
146
ресейлік журналдарда жарық көрген қазақстандық ғалымдардың
жарияланымдары сілтемеге ие емес немесе бұл көрсеткіш 1,0-ден аспайды.
Әлеуметтік
ғылымдар.
Жалпы
алғанда
қоғамдық
жүйені
қалыптастыруда әлеуметтік ғылымдардың алатын орыны ерекше.
Белгіленген мерзім аралығында бұл бағытта қазақстандық ғалымдар 334
ғылыми жұмыс жариялап, оны 19 салаға жіктеген. Әлеуметтік ғылымдар
бойынша жарияланған мақалалардың тең жартысы бизнес пен экономика
саласының еншісіне тиіп, орташа сілтемелік көрсеткіші 0,35-ті құраған.
2009-2013 жылдары Web of Science мәліметтер базасына жарияланған
қазақстандық жарияланымда 8 бағыт бойынша ғана 10 астам мақалалар
жарияланған (7.6-кесте).
Зерттеу барысында шетелдік ғалымдардың еліміздің мемлекет және
құқық, бизнес және экономика саласының дамуы мен жан-жақты жұмыс
істеуі қызықтырғанын байқадық.
7.6-кесте. Web of Science бойынша 2009-2013 жылдары Қазақстанның әлеуметтік
ғылымдар бойынша жарияланған ғылыми жұмыстарының орташа сілтемелік көрсеткіші
№
Зерттеу саласы
Орташа
сілтемелік
көрсеткіш
Жарияланым саны
1.
Мемлекет және құқық
0,50
20
2.
Бизнес және экономика
0,27
199
3.
Мемлекеттік басқару
0,24
98
4.
Елтану
0,10
10
5.
Қоғамдық ғылымдар
0,06
17
6.
Психология
0,04
27
7.
Білім: педагогикалық зерттеулер
0,00
46
8.
Әлеуметтану
0,00
26
Қоғамдық және гуманитарлық бағыттар бойынша жарияланған кейбір
ғылыми-зерттеу жұмыстары жанама түрде бірқатар елдер мен аймақтарға
қатысы болғандықтан қазақстандық ғалымдардың бұл бағытта жазған
ғылыми жұмыстарына сілтемелер жасалған.
Аталған саланың жекелеген бағыттары бойынша санаулы ғана ғылыми
мақалалар жазылған. Осы ретте Қазақстанның археология институтының
ғылыми
қызметкері
А.Н. Марьяшевтың
АҚШ-тың
Вашингтон
университетінің ғалымдарымен бірлесіп жазған ғылыми зерттеуі импакт-
факторлық көрсеткіші 1,44 тең болатын Antiquity журналына жарияланған
мақаласы айтылықтай сілтемеге (17 сілтеме) ие болған.
Бұл бағыттар бойынша да шетелдік ғалымдармен бірлесіп ғылыми
зерттеу-жұмысын жазу ғылыми-техникалық саланың ынтмақтастық
көрсеткішін айқындай түседі.
Әлеуметтік ғылымдар бойынша қазақстандық ғалымда шетелдік
әріптестерімен бірлесіп 43 ғылыми-зерттеу жұмысын жазған. Осы ретте
147
Қазақстанға арнайы келіп, біздің ғалымдармен бірлесіп жазылған ғылыми-
зерттеу жұмыстары біршама сілтемелерге ие болғанын айта кетуіміз керек.
Зерттеу барысында әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша жарияланған
қазақстандық ғылыми жұмыстардың тең жартысы екі журналға
жарияланғанына көз жеткіздік. Оның біріншісі ғылыми ортада танымадл
Украинаның Аctual Problems of Economics журналы. Аталған жураналға
орыс тілінде мақала жариялау және бағасы жағынан отандық ғалымдар үшін
біршама тиімді болғанын айта кетуіміз керек.
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарын көп жариялаған
екінші басылым Францияның International Journal of Psychology журналы
болып тұр. Көпсалалы бағытта шығатын бұл журналдың импакт-факторлық
көрсеткіші 0,63 құрайды. Осы ретте аталған журналған отандық
ғалымдардың ғылыми жұмыстарына бірде-бір сілтеме жасалынбағанын айта
кетуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |