Т. Ж. Естөре ббб: М01502 – Физика, 2-курс жылдық Тағылымдама өтілген орын



бет4/4
Дата08.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#80505
1   2   3   4
Байланысты:
Зерттеу практикасы есеп Т.Естөре

Қорытынды:
Рентгендік сәулелерді тек теориялық тұрғыдан ғана оқып білген білгенмен, практикалық тұрғыдан зерттеу жұмысын алғаш жүргізуім. Рентген лабораториясын өз көзіммен көріп, дифрактометр құрылғысының жұмыс жасау принципімен танысып, әр түрлі үлгілерді зерттеу мен үшін қызық болды. Инфрақызыл спектроскопия (ИК) тағам өнімдерінің сандық және сапалық анализінің жаңа физикалық әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс органикалық заттың құрылысы және құрамы туралы толық ақпарат алуға мүмкіншілік береді. ИК-сәулелер сүт өнімдерінің майқышқылдық құрамын зерттеу үшін, әр түрлі тағамдық өнімдерде пестицидтерді анықтау үшін, тағамдық бояғыштарды зерттеу үшін, сондай-ақ өсімдік және жануар шикізаттарын ұқсату кезінде технологиялық процестерді бақылау үшін қолданылады. Инфрақызыл спектрлер бойынша сандық анализ жүргізу Бугера-Ламберта-Бера заңын қолдануда негізделеді. Жиі жағдайда градуирлеу графигі құрылады. Жиі жағдайда тағамдық өнімдердің күрделі компоненттерінің ішінен хроматографиялық бөлу әдісімен алынған таза заттарды идентификациялау (жекешелендіру) үшін ИК-спектроскопия пайдалы қосымша әдіс болып табылады. Органикалық қосылыстың инфрақызыл спектрі заттың нақты физикалық қасиеттерінің бірі болып табылады. ИК-спектр затты оның балқу температурасы, сыну көрсеткші немесе тығыздығымен салыстырғанда дәлірек сипаттайды. Затты идентификаиялау үшін алынған спекрді жарияланған жұту қисықтарымен (графикпен) салыстыру жеткілікті болып табылады. Анықталатын зат органикалық қосылыстардың қай класына жататыны белгілі болу керек.
ИК-спектроскопия әдісі тағам өнімдеріндегі А, К, В1, В2, В6, С, никотин қышқылы, токоферолдар дәрумендерін және каротинді анықтау үшін қолданылады. Хроматография әдісімен бірге ИК-спектроскопины ароматты заттар және бірқатар органикалық қосылыстырды зерттеуге болатындығын түсіндім.

Аталған институтта тағылымдаламадан өту менің ұcтаздық қызметіме өзінің оң ықпалын тигізді. Басқа университетке барып үйренген дағдыларыма білімді апробациялау, студенттермен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және коммуникативтілікті қалыптастыру жатады. Менің диссертациямның тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу, қосымша әдебиеттерді талдау мен зерделеу, зерттеу жүргізу бойынша кеңестер алу мен үшін өте пайдалы болды. Зерттеудің барлық кезеңдерінде баға жетпес көмек көрсеткені үшін институт басшылығына зор алғысымды білдіргім келеді.


Бағдарлама көшбасшысы: Сандибаева Н.А.


Тағылымдама жетекшісі: Н.О.Қойлық


Магистрант: Т.Ж.Естөре

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет