7.03.2023-9.03.2023 аралығында институтпен таныстыру жұмыстары орын алды. Зертханалық және лабоаториялық кабинеттермен, зерттеу жұмыстарымен, профессор-оқытушылары құрамымен танысу жұмыстары да болды.
Инстуттыттың рентген лабораториясымен толықтай танысып шықтық. Кез-келген рентген аппараттары мынадай арнайы шарттарға сәйкес келуі
қажет:
- рентген түтігінің анодына берілетін жоғарғы кернеуді алу және ол
кернеу антикатодта рентген сәулесінің қажетті сериясын қоздыруға жеткілікті болуы;
- рентген түтігінің катодының қылсымын қоздыратын ток және
лампаларын қоректендіретін түзетілген анодтық ток болуы;
- рентгендік камера деп аталатын зерттелінетін нұсқа орналастырылатын
арнайы орын болуы және дифрактометрден басқа рентген сәулелерін тіркеуге
арналған арнайы құрылымдар болуы.
Сонымен рентген түтіктерінен басқа барлық рентген аппараттарының негізгі бөліктері мыналар: жоғары вольтты трансформатор, рентген түтігінің катодының қылсымын қыздыратын трансформатор мен кенотрондар, басқару пульті және тіркеуіш құрылымдар. Рентген аппараттарының қолдану шартына байланысты электрлік сызбалары әртүрлі болады. Рентген дифрактометрі деп шашыраған рентген сәулелерін қолданып заттардың атомдық-молекулалық құрылымын зерттеуге арналған арнайы қондырғыны айтады. Зерттелінген затар кристалдардан басқа затар болуы мүмкін. Дифрактометрге қосылған арнайы қондырғының көмегімен жоғары температурада, суықта, вакуумда және инерттік атмосферада рентген сәулелерің интенсивтілігінің өте аз бұрышқа шашырауын анықтайды. Барлық дифрактометрлерде сипаттамалық рентген сәулесі монохромантты болады, ал пропорционалдық және сцинтилляциялық есептеуіштері бар дифрактометрлерде белгілі бір энергиялы дифракцияланған рентген сәулелерінің кванттарын іріктеп (селективті) тіркеуге болады.
Тікелей көрсететін интенсиметр құралы арқылы, қайта санау индикация қондырғысының тікелей көрсететін блогы арқылы, өздігінен жазатын потенциометрдің таспасындағы және цифр жазатын қондырғының таспасындағы жазу бойынша дифракцияланған рентген сәулесінің интенсивтілігін анықтайды. Дифракцияланған рентген сәулесінің интенсивтілігін өлшеудегі аппаратуралық қателік 0,5% -дан аспайды.
Институт аумағындағы осы рентген лабораториясында бірнеше үлгілерді зерттеп көріп, оның нәтижесін көруді үйрендік. Таптырмайтын осындай құрылғылардың көмегімен аз уақыттың ішінде автоматтандырылған жүйеге қосылған қондырғыны пайдалана отырып, заттың қасиетін, құрамын зерттеуге болатындығын білдім. Дегенмен бұл құрылғымен жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды естен шығармау керек.