«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» Ке АҚ
Физика, математика және цифрлық технологиялар институты
Физика кафедрасы
ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Магистрант: Т.Ж.Естөре
БББ: 7М01502 – Физика, 2-курс 2 жылдық
Тағылымдама өтілген орын: Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты
Тағылымдама өткен мерзімі: 06.03.2023-18.03.2023
Тағылымдама жетекшісі: Н.О.Қойлық
Алматы, 2023
Мемлекеттік жалпы міндетті стандарты 1-бөлімінің 87 тармағына және магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы) шеңберінде жаңа инновациялық технологиялар және өндірістің жаңа түрлерімен танысу мақсатында міндетті түрде ғылыми мекемелерде және /немесе тиісті қызмет салалары бойынша ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылады.
Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» 1969 жылы 1-ші желтоқсан күні ҚазССР ҒО-ның
академигі Д.В. Сокольскийдің бастауымен қаланған – Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1969 жылы 25-ші тамызындағы №543
қарауында.
Дмитрий Владимирович Сокольский (1910—1987) — химик, ҚазССР ҒО-ның академигі (1951), химия ғылымдарының докторы
(1949), профессор (1949), Қазақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1960), Социалистік Еңбек Ері (1969), ҚазССР мемле-
кеттік премиясының лауреаты (1974), Будапешт политехникалық университетінің құрметті докторы.
2010 жылдың 27 қыркүйегінен бастап «Д.В. Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ-ы 100% акциясы «Қазақ-Британ Техникалық Университеті» АҚ тиесілі акционерлік қоғам түріндегі заңды тұлға болып табылады».
Қазіргі таңда, «Д.В. Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ-ның Бас директоры Жұрынов Мұрат Жұрынұлы – ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік премиясының лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор.
«Д.В. Сокольский атындағы ЖКЭИ» АҚ-ның штатында 200 астам ғылыми қызметкер, оның ішінде ҚР ҰҒА академиктер, ғылым докторлар жəне ғылым кандидаттар бар.
Институттың құрылымында 10 зертхана бар.
Тағылымдама барысында жеке жұмыс жоспары негізінде диссертация тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткені туралы есеп (көлемі 2-3 бет)
Есепте келесі элементтер міндетті түрде көрсетілуі керек:
Тағылымдама өткен мекеме,
Тағылымдама мерзімі,
Тағылымдама мақсаты,
Диссертацияға байланысты жиналған материалдар.
Тағылымдамадан өткені туралы есепке тағылымдама өтілгені жайлы құжаттың көшірмесін (сертификаттың, куәліктің көшірмесі) тіркеу қажет, бір данасын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне тапсыру керек.