Т. Жакетаева



Pdf көрінісі
бет17/36
Дата14.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#114244
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
httpg.engime.orguploaddownloadid38061

Бақылау сұрақтары 
 
1. 
Қоршаған
ортаның ластануына түсінік. Ластану түрлері.
2. 
Қазіргі
атмосфераның жағдайы атмосфералық ауаның ластануының негізгі 
көздері.
3. 
Тұрғындардың денсаулығына қоршаған ортаның ластануының әсері.
4. 
Атмосфералық ауаның жағдайына бақылау.
5. 
Қоршаған
ортаны қорғаудың жүйелік шаралары. Қоршаған орта 
нысандарының өзіндік тазалануының механизмі. 
 
 
 


22 
5
Су қоймаларының
 
ластану көздері мен сипаттамасы және тұрғындар 
денсаулығына әсері
 
Қазіргі
кездегі су қоймаларын қорғау жағдайлары.
 
Барлық су қоймалары
үш
түрге бөлінеді

-
шаруашылық
-
ауыз сумен қамтамасыз ету 
көздері және тамақ 
кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету.
-
демалыс орны мақсатындағы (демалыс аймағын, спортпен шұғылдануды 
ұйымдастыру), сонымен қатар архитектуралық ансамбльді жасау үшін қала 
ішіндегі су қоймалары
-
балық шаруашылығына арналған
Суды қорғау мәселелерін тудыратын заттар


жоғары өнеркәсіптік потенциал

урбанизация процесінің
үдеуі

кейбір аймақтардағы су қоймаларының қарқынды ластануы

су қоймаларына судың кері ағуының бұзылуы

тазалау құрылғылары құрылысының технологиялық процестің
даму 
қарқынынан қалып қоюы

су қоймаларына құрамында ШРК бекітілмеген заттары бар сулардың түсуі.

тыңайтқыштар мен пестицидтердің кеңінен қолданылу
Адамның шаруашылық іс
-
әрекеті нәтижесінде немесе суды пайдаланудың 
кез келген түрін шектеуге әкелетін табиғи себептерге байланысты су құрамы 
сапалық жағынан өзгерістерге ұшыраса су қоймалары ластанған деп саналады.
Ластану –
бұл судың сапасын нашарлататын және әртүрлі қолайсыз салдарға 
әкелетін; тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін; балық қорының 
азаюына әкелетін; тұрғындар мен халық шаруашылығы нысандарын сумен 
қамтамасыз етуді қиындататын; демалыс орындарын ұйымдастыруды 
қиындататын заттармен немесе ағзалармен судың қанығуы. 
Су қоймаларының ластану көздері:
1. 
Өндіріс
орындарының ағыстары
2. 
Шаруашылық
-
тұрмыстық іркінді сулар
3. 
Жаңбыр және еріген қар сулары
4. 
Су тасымалдау көліктері
5. 
Өзен
арнасынан құм алу және басқа жұмыстар
6. 
Ағаштарды ағызу
7. 
Су жануарлары мен өсімдіктерінің жаппай өлуі салдарынан судың өздігінен 
ластануы.
Өндірістік
 
ағыстар

Өндіріс
ағыстарының сапалық құрамы өндірістің 
сипатын береді. Ағыстар түзетін өндірісте қолданылатын сулардың 
сипаттамасы:
1.
Су орта ретінде (судан пайдалы қазбалар өндіру, кендерді байыту және 
т.б.) өндіріс өнімдерімен байланыста болады; қалқымалы және ериген 
қоспалармен ластанған.


23 
2.
Су шикізат ретінде (химиялық өндірісте, ауылшаруашылық өнімдерін 
қайта өңдеуде, фармацевтикада); ағынды сулар құрамында осы өндіріске тән 
арнайы ластағыштар мөлшері жоғары болады.
3.
Аралас қолданылатын сулар (метал өндіретін зауыттар, құрылыс 
материалдары кәсіпорны, қағаз өндіру өнеркәсіптері); бастапқы екі 
категорияның ластану сипаттарына ие.
Өндірістік
ағыстардың жіктелуі

1.
Агрегаттарды салқындатқаннан кейін түзілетін терминальді су көздері
2.
Цехтарда металдарды ерітуде түзілетін қышқыл ағымды сулар; құрамында 
көп мөлшерде темір тұздарының тотығуы кездеседі
3.
Ерітіндіге өтуі мүмкін газ тәрізді заттарды жуу нәтижесінде түзілетін 
сілтілі ағымды сулар (мысалы, коксты газдан амиак шығару).
4.
Құрамында
қалқымалы заттардың көп мөлшері бар ағымды сулар; көмір 
өндіруде, электростанцияларда, тазалағыш құрылғылар
(скруберлер) шаңды 
басуда, саздан аллюминий алғанда, байыту фабрикаларында түзіледі.
5.
Көп мөлшерде еріген органикалық заттары бар ағымды сулар
Ластану дәрежесі бойынша кәсіпорындардың ағымды сулары бөлінеді:
а) шартты таза, суды арнайы компоненттері жоқ Орта ретінде пайдалану 
нәтижесінде
б) лас сулар, шикізат немесе еріткіш ретінде қолданылатын сулар.
Тұрмыстық ағымды сулар адамның іс
-
әрекеті нәтижесінде түзіледі. 
Оларға тән

1.
Сапасының тұрақтылығы
2.
Тәуліктік мөлшерінің өзгерісі
3.
Құрамында
органикалық заттардың көп болуы; аммоний азоты 
-7-
8г/л 
хлорид 8
-
9г/м фосфат 1
-
8г/м, калий 3г/м, тотығуы 5
-
7мг/л, БПК
-30-
50мг/л, 
қалқымалы заттар 
- 30-
50 г/м


4.
Әлсізсілтілі
реакция
5.
Жоғары бактериялық тұқымдалу (1 литрде ішек таяқшаларының саны 
100,000 және одан да көп)
Нөсер жауындардың ағысты сулары сипатталады:
1.
Су қоймасының территориясына жақын жатқан топырақтың сапасын 
көрсететін сапаның әртүрлілігімен
2.
Климаттық белдеуге, жыл мезгілі мен ауа
-
райы жағдайына байланысты 
санының өзгерісінің үлкен болуымен.
Су көлігінің ағысы фанды (шаруашылық 

фекальді) және машина 
бөлімдері
-
нің сулары болып ажыратылады.
Су қоймаларына түсу сипатына байланысты барлық ағысты сулар 
ұйымдас
-
тырылған және шашыранқы болып бөлінеді. Ұйымдастырылған су 
ағымына тән:
-
ластану көзі белгілі сулар 
-
ағысты суды ағызатын жері белгілі сулар
-
ағызылатын судың көлемі белгілі сулар


24 
-
табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру мен регламенттеу және 
бақылау мүмкіндігі бар.
Шашыранқы (ұйымдастырылмаған) су ағыстарына жатады:
-
ластану көздерінің көптігі
-
ағысты суды ағызатын жердің белгісіз болуы
-
көлемі және сапалық құрамы белгісіз
-
табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру мен регламенттеу және 
бақылау мүмкіндігі жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет