Т. Н. Ер ме ко ва Ж. К. Отар бе ко ва Г. Б. Тоқтыбаева


Б Л ТАРИ И Т Л ҒА ЛАР ЛЕ И А



Pdf көрінісі
бет73/206
Дата30.01.2023
өлшемі4,47 Mb.
#63747
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   206
 Б Л ТАРИ И Т Л ҒА ЛАР ЛЕ И А
7 5

ТАРИХИ ТҰЛ ҒА ЛАР. ЛЕКСИКА
§1. Үш жүз дің тө бе биі – Тө ле би
1 .
Мә тін ді түсіндіріп оқып, стилін анықтаңдар.
Т
 Т
Төле бабамыз өзінен кейінгі талай би-шешендерді тәрбие-
леген ұстаз болыпты. Бұған Тайкелтір шешенді қалай баулы-
ғанын дәлел етсек те жеткілікті. Тайкелтір шешен жас кезінде 
жоғалған бір тайлағын іздеп, кездейсоқ Төле бидің үйіне тап 
болады.
– Ассалаумағалейкүм!
– Уағалейкүмассалам! Кімнің баласы боласың?
– Айдаболдың баласымын.
– Балам, атың кім?
– Тайкелтір.
– Әкең саған болмас ат қойғаны қалай?
 Тақсыр, әкем мен жақсы болсам, ата-бабаға атақ-абы рой, 
ат келтірсін, жаман болсам, тай келтірсін деп қойған болар.
Төле би он екі жастағы баладан мұндай жауап күтпеген 
еді. Баланың тайсалмай жауап беріп тұрғанын ұнатып, қалың 
қабағын көтеріп тесіле қарапты.
– Балам, бір шаруамен жүрсің бе? Жай ел қыдырып, бел 
жазуға шық тың ба?
– Бір тайлағым ауа жайылып, желдеп кетіпті, соны іздеп, 
Шу бойындағы қалың елді сүзіп келемін.
– Балам, тайлағың табылар. Құдай айдап, ойда жоқ жерде 
біздің үйге кез болдың. Осында қонып, әкеңнің сыбағасын 
жеп кет. Әкең досым еді, ол Шудың аяғын, мен Шудың басын 
жайлап жатушы ек. Көптен қатыса алмай жүрміз.
– Шүкір, ата, сіз ұйғарсаңыз, қонайын, – дейді бала.
Төле бидің бәйбішесі қымызын сапырып, алдын Төлеге 
ұсынып, екінші тостағанды балаға бергізеді, одан соң қымыз 
төрде жағалай отырған ақсақалдарға беріледі. Төле бидің жас 
балаға сонша ілтипат көрсеткені, адам тіл қата алмайтын 
Төлеге баланың тақылдап жауап беруі шалдарға шаншудай 
тиіпті. Бірақ Төледен батып ешкім ештеңе айта алмайды. 
АРМАН
-ПВ
 баспасы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет