§4. Ұлбике ақын Қазақ қыздарының арасынан шыққанәйгілі ақын, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші,
дәулескер домбырашы Ұлбике Жанкелдіқызы туралы ақпарат алады. Тал бойына алуан
түрлі өнер дарыған ару туралы оқып, детальді ақпараттарға тоқталады.
Әдеби тілдік норма бойынша мәтіннен көнерген сөздерді тауып, мағынасын ашып,
түрлеріне қарай ажыратады.
Өздік жұмыста деңгейлік тапсырманы орындайды.
Үй тапсырмасында берілген тапсырмалардың бірін таңдап, қалауы бойынша орындайды.
§5. Күй атасы – Құрманғазы Музыка өнерінің атасы – Құрманғазы және оның күйлерімен танысады. Құрманғазының
түрмеге отырмай, өмір қиындығын көрмей өскенде өмірі қиын болатынын елестетеді,
сипаттап жазады. Мұғалім тарапынан оқушылар шығармашылық үстінде Құрманғазы
күйлерінің бірін қосып қоюға болады.
Әдеби тіл нормалары бойынша берілген көнерген сөздерді екі топқа бөліп, кестеге
жазады.
Жазылым әрекеті бойынша екі топқа бөлініп, берілген Абайдың өмірбаянын үлгі ретінде
алып, Абылай хан мен Құрманғазының өмірбаянын жазу тапсырмасымен қамтылған.
Үй тапсырмасында көркем еңбектерден көнерген сөздерді теріп, қолданыс аясын
түсіндіреді. Сол сөздердің қазігі қолданысқа енген баламасын тауып жазып келеді.