Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет2/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

АЛҒЫ СӨЗ 
 
Құрметті ұстаз! 
Қазіргі  білім  беру  жүйесіне  қойылып  отырған  зор  міндеттер  ұстазға  да,  оқушыға  да, 
оқулық авторларына да үлкен талап қойып отырғаны белгілі. Жаңартылған білім мазмұнына 
сай білім беруді  ұйымдастыру ұстаз бен авторға теориялық білімге қоса ізденімпаздық пен 
шеберлікті,  оқушыға  игеру  белсенділігі  мен  шығармашылықты  арттыруға  қатысты 
жауапкершілікті жүктеп отыр.  
Оқушылардың  жас  ерекшеліктерінің  танымдық  мүмкіндіктеріне  сәйкес  әр  оқу  пәнінің, 
сабақтың  мазмұны  мен  білім,  білік,  дағдыларының  көлемін  анықтайтын  оқу-нормативтік 
құжат – бағдарламаға сүйеніп жасалған оқу материалдарын игерту ұстаздан жаңаша көзқарас 
пен  үлкен  ізденімпаздықты  талап  етеді.  Байқағаныңыздай,  «Қазақ  тілі»  пәнінің  мазмұнына 
түбегейлі өзгерістер енді. Қазіргі «Қазақ тілі» оқулығы екі түрлі басты мақсатқа негізделген: 
бірінші мақсат бойынша қазақ тілінің құрылымы мен жүйесінің заңдылықтарын меңгертуді, 
дәлірек  айтсақ,  қазақ  тілін  оқушылардың  жалпы  білім  алуының  негізгі  құралы  ретінде; 
екінші  мақсат  бойынша  олардың  дүниетанымының  қалыптасуының  басты  құралы  ретінде 
оқыту бағытын ұстанады.  
Кешен  авторлары  мұндай  жауапты  міндетті  шешуге  ұстазға  көмек  ретінде  ұсынып 
отырған  бұл  кітапта  сабақ  жоспарларымен  бірге  әр  сабақты  өткізудің  тиімді  тәсілдерін 
ұсынуды жөн көрді. Бірақ бұл догма емес, мектеп мұғалімдері өздеріне қажеттісін сұрыптап, 
сынып  ерекшелігіне  қарай  оқытудың  тиімді  тәсілдерін,  оқулықтағы,  жұмыс  дәптері  мен 
дидактикалық материалдардағы тапсырмаларды іріктеп қолдана алады. 
Тыңдалым  және  айтылым  айдары  бойынша  СД  дискіде  берілген  аудиоматериалдардың 
жазба нұсқасы «Мұғалім кітабына» енгізілді. 
 
«Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешенінің құрамына мыналар кіреді: 
1.  Оқулық  
2.  Мұғалім кітабы  
3.  Дидактикалық материалдар 
4.  Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 
Кешен «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында негізгі орта білім беру деңгейінің 5-
9-сыныптарына арналған оқу бағдарламасына» (Астана, 2016) сәйкес жазылды.  
 
 
 
 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет