§2. Сүйінші Оқылым бойынша мәтінде көтерілген мәселені анықтап, сөздік жұмысын жүргізеді,
ойтүрткі сұрақтарына жауап береді, көкпар сөзін «Кластер» әдісімен сипаттайды.
Әдеби тіл нормалары бойынша үстеудің мағыналық түрлерін, мезгіл үстеулерін
меңгереді.
Үй тапсырмасына мезгіл үстеулерін қатыстырып, өздері көрген қуанышты оқиғаға
байланысты сүйінші хабар туралы сипаттамалық эссе жазады.
§3. Сәлем беру – салтымыз Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша сәлем беру салтының ерекшеліктерін
анықтап, сөздік жұмысын жүргізеді, сұрақтарға жауап береді, өзара сұхбаттасады.
Әдеби тіл нормалары бойынша мекен үстеулері туралы тілдік ақпарат алып, жазылым
тапсырмасын орындайды.
Үй тапсырмасына тыңдалым мәтіні бойынша үстеулерді тауып жазып, синонимдік
қатарын көрсетеді. Ауызекі сөйлеуге тән диалогтерді анықтайды.