Алдын ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша
тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып, оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны
және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылар
жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша, жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін
мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін
тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін
ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне
мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік
пікір қалыптастырады.