Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова


«Оңай  және  қиын  сұрақтар»  кестесі



Pdf көрінісі
бет12/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

«Оңай  және  қиын  сұрақтар»  кестесі.  Бұл  кестені  оқушылар  қандай  да  болмасын 
мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. 
Кестенің  сол  жағына  олар  түсініктері  бойынша  оңай,  ал  оң  жағына  қиын  сұрақтарды 
келтіреді.  Мысалы,  оңай  сұрақтар  дегеніміз  -  мәтінде  жауабы  бар  сауалдар,  ал  қиын 
сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады. 


19 
 
«Сократтық  семинар».  Аквариумдағы  алтын  балық    екі  айналымнан  тұрады:  ішкі 
және  сыртқы  айналым.  Ішкі  айналым  орындаушы,  сыртқы  айналым  бақылаушы  қызметін 
атқарады.  Мәтін  бойынша  ашық  сұрақтарды  қолданылады.  Сократтық  семинар 
тыңдаушыларға  мәтінді  өзара  бірлесе  зерттеу  үшін  сұрақтарды  қолдануға  және  сыни  
ойлауға мүмкіндік  береді. 
Оқу-тәрбие  үдерісінде  бұл  стратегияларды  ұйымдастырғанда  оқушылар  бір-біріне 
көмектесетіндей,  бір-бірімен  бірігетіндей  жағдай  жасау  керек.  Сонда  сабақ  тек  білім  беру 
қызметін ғана  емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай  сабақтардың өтілуі нәтижесінде 
оқушыларда  бір-бірімен  сөйлесе  білу  мәдениеті,  тәртіптілік,  топқа  және  бір-біріне 
жауапкершілік  сезімнің  болуы,  менмендік  және  жалқаулықтан  безу  қасиеттері  қалыптасады. 
Оқыту барысында оқушыларға егжей-тегжейлі мәтінді түсінуге, кейіпкерлердің рөлін сомдауға, 
дұрыс  түсінуге  және  алған  білімдерін  тәжірибемен  байланыстыра  қолдана  білуге,  пәнаралық 
байланыстарды іске асырып отыруға мүмкіндік береді. 
Менің  ойымша,  оқушылар  бүгінгі  күні  шығармашылық  тапсырмаларды  орындауды 
табыспен  меңгере  алады.  Тек  ол  жұмысқа  дұрыс  басшылық,  шебер  ұйымдастырушылық 
қажет. Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер қалыптастыратын дәйектерді, әрекеттер 
мен  байланыстарды  өзгертеді.  Басқаша  айтқанда,  тәжірибені  өзгерту  –  бұл  істеп  жатқан 
ісімізді  өзгерту,  түсінікті  өзгерту  –  бұл  біз  қалай  ойлайтынымызды  өзгерту,  жағдайды 
өзгерту бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді. 
Білім  берудің  мазмұнын  жаңарту  жағдайындағы  біліктілік  арттыру  курстарында  белсенді 
оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді. Оқыту тәсілдері оқушылардың табысын арттырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет