61
Ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік
белгісі білінбейді.
Жаз жармеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр
күз қонақтаған.
Аспан да, жер де сұп-сұрғылт. Жапырақтар
сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырық
желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген
сопыдай күбірлейді.
Тек қия жартастарды
жарып шыққан қайсар
қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар
басын түк ұстап, көкке шаншыла қарап тұр.
Сай-саладан құлай ағып жатқан көк қасқа
бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-
таспай, салқын сабырмен жуасып қана
сырғиды.
Бұл-Тарбағатай сілемдерінің бір-бірімен
ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы.
Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге
алыстан шалынады.
Достарыңызбен бөлісу: