Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты
бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.
++0 Сабақтың тақырыбы: §3. Олимпиада – спорт шыңы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаттары 6.2.4.1-мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды,
түсіндіреді.
Сабақ мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтін мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннен негізгі және
қосымша, детальді ақпаратты анықтайды, түсіндіреді.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: жазба жұмыстарында етістік
түрлерін қолданады.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: Олимпиялық ойындар, адамзаттың өз ұрпағына қалдырған ұлы мұрасының бірі, ойындар 296 рет өткен, тарихшылардың айтуынша, біздің дәуірімізге дейінгі 776 жыл, Грекияның оңтүстігіндегі Олимпия жазықтығы, Зевс храмы, әлемнің жеті кереметінің бірі, олимпиада жеңімпаздарының мүсіндері. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, болуы ықтимал, мақсаты мынадай, жолдастарымның пайымдауынша, тарихшылардың айтуынша, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып,
ойды жалғастырып айтады, етістік түрлерін қолданады.