248
ТЫҢДАЛЫМ МӘТІНДЕРІ
01.mp3
Бурабай
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетау – ең бір әсем, жанға шипалы өңір. «Бурабай»
мемлекеттік ұлттық табиғи бағы халық демалысын ұйымдастыру, саяхатты реттеу және көл,
тау, орманды қорғау мақсатында құрылды. Ұлттық бақ Көкшетау қыратының шығыс
бөлігінде орналасқан, таулы орман сілемін алып жатыр. Қарағайлы ормандар жайпақ және
тік беткейлерде, жартасты тау адырларында өседі. Ылғалды орманда қарағаймен бірге қотыр
және үрпек қайыңдар, көктеректер бой көтерген.
Ұлттық табиғи бақта жыртқыш құстардан бүркіт, қарақұс, қаршыға, үкі, ақ және құлақты
жапалақтар кездеседі. Су шаюмен, желдің әсерінен ғажайып шоқылар мен жартастар пайда
болған. Көпшілікке танымалы – «Оқжетпес», «Ұйқыдағы батыр», «Бүркіт», «Түйе»,
«Құдыр». Ең әдемісі Әулиекөлдің сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айрығында
орналасқан – «Жұмбақтас». Егер «Жұмбақтасқа» шығанақтан қараса, қыздың бейнесі
байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса, мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады.
Орыс тілді авторлар бұл жартасты «Сфинкс» деп атап кеткен.
Бурабай таулы орман сілемінде демалыс үйлері, шипажайлар бар. Саяхат бағыттары
жасалған.
(«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары»)
Достарыңызбен бөлісу: