Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет467/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   483
Байланысты:
6-сынып, қазақ тіліМұғалім кітабы

Қорытынды 
бағамдау 
Тапсырмаларды  уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты 
бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту. 
 
 


248 
 
ТЫҢДАЛЫМ МӘТІНДЕРІ 
 
01.mp3 
Бурабай 
Жер  шоқтығы  атанған  көрікті  Көкшетау  –  ең  бір  әсем,  жанға  шипалы  өңір.  «Бурабай» 
мемлекеттік ұлттық табиғи бағы халық демалысын ұйымдастыру, саяхатты реттеу және көл, 
тау,  орманды  қорғау  мақсатында  құрылды.  Ұлттық  бақ  Көкшетау  қыратының  шығыс 
бөлігінде  орналасқан,  таулы  орман  сілемін  алып  жатыр.  Қарағайлы  ормандар  жайпақ  және 
тік беткейлерде, жартасты тау адырларында өседі. Ылғалды орманда қарағаймен бірге қотыр 
және үрпек қайыңдар, көктеректер бой көтерген.  
Ұлттық табиғи бақта жыртқыш құстардан бүркіт, қарақұс, қаршыға, үкі, ақ және құлақты 
жапалақтар кездеседі. Су шаюмен, желдің әсерінен ғажайып шоқылар мен жартастар пайда 
болған.  Көпшілікке  танымалы  –  «Оқжетпес»,  «Ұйқыдағы  батыр»,  «Бүркіт»,  «Түйе», 
«Құдыр». Ең әдемісі Әулиекөлдің сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айрығында 
орналасқан  –  «Жұмбақтас».  Егер  «Жұмбақтасқа»  шығанақтан  қараса,  қыздың  бейнесі 
байқалады,  ал  қарама-қарсы  жағынан  қараса,  мыстан  кемпірдің  бейнесін  көруге  болады. 
Орыс тілді авторлар бұл жартасты «Сфинкс» деп атап кеткен.  
Бурабай  таулы  орман  сілемінде  демалыс  үйлері,  шипажайлар  бар.  Саяхат  бағыттары 
жасалған. 
(«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары») 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет