§5. Бәйтерек монументі Бұл тақырыпта Бәйтерек монументі, оны салудағы бастапқы идея, тарихи мағыздылығы
мен елордаға берер көркі туралы айтылады. Монументтің есігінен кіргеннен бастап үстіңгі
қабаттарына дейінгі әрбір қадам мен өлшемдердің тарихи мыңыздылығын түсінеді. Сабақты
Бәйтерек монументіне саяхат деп алып, саяхат сабағын ұйымдастыруға да болады.
Әдеби тіл нормалары бойынша мәтіндерден термин, кәсіби сөздерді тауып жазады.
Олардың қай салаға қатысты екенін дәлелдейді.
Жазылым бойынша сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, мәтіндегі орфографиялық
және пунктуациялық қателерді түзетеді.
Үй тапсырмасында тыңдалым материалын негізге алып, Қазақстанға келген туристерді
«Бәйтерек» монументіне шақыруға арналған хабарландыру құрастырып жазып келеді.