§7. Астана мұхитбағы Бұл тақырыпта ТМД елдері ішіндегі алғашқы және жалғыз ашылған Астана
мұхитбағымен танысады. Ол бақтағы тіршілік иелері мен қатар қай елді мекеннен келген,
бақты салудағы мақсатымен танысады. Ойтүрткі сұрақтарына жауап іздеу мақсатында жаңа
ақпараттармен танысады. Мұғалім оқушы ойын қанағаттандыратын ақпараттармен
қамтамасыз ету керек.
Оқылым мәтіні бойынша бір-біріңнен «Үш қадамды сұхбат» алады.
1. А оқушы В-дан сұхбат алады, ал С оқушы олардың сұрақ-жауабын жазады.
2. В оқушы С-дан сұхбат алады, ал А оқушы олардың сұрақ-жауабын жазады.
3. С оқушы А-дан сұхбат алады, ал В оқушы олардың сұрақ-жауабын жазып отырады.
Оқылым мәтінінен бірге және бөлек жазылатын сөздерді теріп жазады.
«Артық болмас білгенің» айдарында аквариум ұғымымен танысып, деңгейлік
тапсырманы жеке жұмыста орындайды.
Жеке жұмыста деңгейлік тапсырмаларды орындап, тарау бойынша алған білімдерін
тиянақтайды.
Ізденімдікке Қазақстанның жеті кереметі туралы мәліметтер жинап, термин және кәсіби
сөздерді анықтайды.
33
Үй тапсырмасында
белгілі бір тақырып аясында диалог (сөйлем саны – 15) құрас-
тырады. Шарты: мәтінде кәсіби және термин сөздер болуы тиіс
.