§1. Үш жүздің төбе биі – Төле би Бұл тақырыпта үш жүздің төбе биі – Төле бидің шешендік өнерімен танысады. Сөз
құдіретінің ерекшеліктерін талқылайды. Оқылым мәтінін негізге ала отырып, «Дербес пікір»
тәсілі бойынша тапсырмаларды орындайды.
Әдеби тіл нормалары бойынша мәтіннен көнерген сөздерді тауып, мағынасын
ажыратады.
Оқылым мәтініне қарапайым жоспар құрады. Төле би туралы ақпарат жинап,
өмірбаянын құрастырып жазады.
Үй тапсырмасында «Қазақтың би-шешендері» деген тақырыпқа дәлелдемелік эссе (сөз
саны – 90) жазады. Эссенің құрамында етістің қай түрінің көбірек қолданылғанына назар
аударады.