§9. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры Бұл тақырыпта Қазақ музыкалық драма театрымен танысып, театр әлеміне саяхат
жасайды.
Мәтінді түсініп оқып, стилін анықтайды.
Әдеби тіл нормалары бойынша берілген сөздерді бағандарға бөліп жазып, кестені
толтырады.
Жазылым әрекетінде берілген пікірлерді «Қос жазба күнделігін» толтыру арқылы
түсіндіреді.
«Артық болмас білгенің» айдарындағы мәтінді негізге ала отырып, төмендегі екі пікірдің
бірін жақтап, ойталқы өткізеді.
Үй жұмысында энциклопедиялар мен балаларға арналған газет-журналдардан театр
туралы ақпараттарды жинап, емле ережелеріне сүйеніп, редакциялайды. Сілтемесін
көрсетеді.