§4. Қазақстанның ішкі сулары. Өзендер Оқылым материалы география пәнімен байланыста берілген. Мәтінді түсініп оқу,
картаның көмегімен өзендерді көрсету, жалпылау есімдіктерін анықтау, Қазақстан өзендері
туралы мәліметтер жинау тапсырмалары берілген.
Әдеби тіл нормалары бойынша жалпылау есімдігі туралы тілдік мәлімет қамтылған.
Жалпылау есімдіктерін қолданып, оқылым мәтінінен 5 сөйлем жазу тапсырмасы берілген.
Жазылымда Қазақстандағы теңіз, өзен, көл аттарын кестеге жазып, күрделі атаулардың
қалай жасалғанын көрсетеді.
Үй тапсырмасына өздері тұратын аймақтағы өзен, көл немесе теңіздің сол өңірге
тигізетін пайдасы туралы дәлелдемелік эссе жазады.