Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет24/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Қазан  төңкерісінен  кейінгі  дәуірде  бұл  тілдер  түгелдей 
дерлік  ұлттық  әдеби  тіл  болып  қалыптасты.  Олар  социалистік 
ұлт тілдері есебінде тез дамып, жан-жақты жетіле түсті. 
Түрік  тілдерінің  көне  дәуіріне  жататын  ескерткіштер 
сонымен, үлкен екі топқа бөлінеді: 
1)  Көне  түркі  немесе  ежелгі  ескі  түркі  тілінде  жазылған 
нұсқалар.  
2) Орта түркі немесе ескі түркі тілінде жазылған нұсқалар. 
Көне түркі тілінің жазба нұсқалары деп біз орхон-енисей ескерт-
кіштерін айтамыз.  
Орта түркі тілінің ескерткіштерін өз ішінен мынадай төрт 
топқа бөліп қараймыз:  
1) Қараханид  түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштер;  
2) Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштер;  
3) Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер;  
4) Шағатай тілінде жазылған ескерткіштер.  
Орта  түркі  дәуірінің  тіл  ескерткіштерін  дәл  осылай  төрт 
топқа    бөлу  әр  топқа  жататын  ескерткіштердің  жазылған  орны 
мен  қолданылған  ортасына,  сол  ескерткіштер  тілінде  сөйлеген 
түркі  тайпаларының  әлеуметтік  рөлі  мен  сол  ру-тайпалардың 


 
69 
аттарына  байланысты.  Ол  туралы  төменде,  қысқаша  болса  да, 
жеке-жеке тоқталып өтеміз. 
Шамамен  айтқанда,  V-ХV  ғасырларда  өмір  сүрген  түркі 
тілдері  Х-ХV  ғасырларда  халық  тілдерінің  негізгі  ұйытқысын 
түзіп,  жеке-жеке  тіл  болып  қалыптасқан.  ХV-ХVІІ  ғасырларда 
жаңа  түркі  тілдері  белгілі  бір  ұлт  тілдерінің  дәрежесіне  көте-
ріліп, әдеби тілдің негізін қалаған да, ол ХVІІІ-ХІХ ғасырларда 
түбегейлі  түрде  қалыптасып,  өз  дамуының  жоғарғы  сатысына 
көтерілген.  ХІХ-ХХ  ғасырларда  –  көптеген  түркі  тілдерінің 
жаңа  сапалы  әдеби  тілі  ретінде  қызмет  атқарған  дәуірі.  Қазіргі 
қазақ, өзбек, қырғыз, татар, башқұрт т.б. тілдерінің тарихи тағ-
дыры осы тәріздес. 
Көптеген  түркі  тілдері  мен  жаңа  түркі  тілдерінің  өзара 
тарихи байланысы мен туысқандық қарым-қатынасы, өзара жік-
телуі  жөнінде  жазылған  әдебиеттер  өте  мол.  Солардың  ішінен 
М.Қашқари,  Н.Ильминский,  А.Ремюза,  А.Мюллер,  Н.Аристов, 
Н.Катанов,  Ф.Корш,  А.Самойлович,  П.Иванов,  А.Е.Крымский, 
В.А.Богородицкий, 
И.Бенцинг, 
И.Батманов, 
С.Малов, 
Н.Баскаков,  М.Рясенен,  Ф.Зейналов,  К.Сартбаев  т.б.  жасаған 
түркі тілдерінің өзара жіктелу кестесін арнап атап өткен жөн. Ол 
әдебиеттерді  пайдалану  көпшілік  оқушылар  үшін  оншалықты 
қиындыққа  түспейтін  болғандықтан,  біз  арнайы  тоқталып  жат-
падық.  Жоғарыда  көрсетілген  «Түрік  филологиясының  негіз-
дері»  деген  еңбекте  көне  түркі  тілдері  мен  жаңа  түркі  тілдерін 
өзара топтастыру мәселесі осыған дейін жүргізілген зерттеу жұ-
мыстардың бәрін де есепке алып жасалған. Бұның өзі түркі тіл-
дерінің ең соңғы жіктелуі (классификациясы) болғандықтан, біз 
оны оқушылардың назарына ұсынуды лайық көрдік:  
1.Ескі түркі тілі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің тілі). 
          2.Орта түркі тілдері.  
Батыс  түріктерінің  тілі  –  1)  «Кодекс  куманикус»  тілі;            
2) қыпшақ  тілі:  а)  мамлюк қыпшақтарының  тілі;  ә)  армян қып-
шақтарының тілі. 
Шығыс  түріктерінің  тілі  –  1)  Қараханид  түріктерінің  тілі 
(осыған  қосымша  Жетісу  жерінен  табылған  эпиграфиялық  ес-
керткіштер  тілі  де  келтіріледі);  2)  Хорезм  түріктерінің  тілі;                   
3) шағатай тілі. 


 
70 
3.Жаңа түркі тілдері. Оңтүстік түркі тілдері – 1) ескі осман 
тілі; 2) жаңа осман тілі және қазіргі түрік тілі; 3) осман тілінің 
диалектілері: а) анатоли және рум диалектісі; ә) гагауыз диалек-
тісі;  б)  қырым  османдарының  диалектісі;  4)  азербайжан  тілі;               
5) түркімен тілі. 
Батыс  түркі  тілдері  –  1)  каспий  тобы:  а)  жаңа  куман  тіл-
дері; ә) қырым татарларының тілі; б) құмық тілі; 2) орал  тобы:    
а)  Қазан  татарлары  мен  Батыс  Сібір  өлкесіндегі  татарлардың 
тілі; ә) башқұрт тілі. 
Орталық  түркі  тілдері  –  арал-каспий  тобы:  а)  қазақ  тілі;       
ә)  қарақалпақ  тілі;  б)  ноғай  тілі;  в)  өзбек  тілінің  қыпшақ  диа-
лектісі; г) қырғыз тілі. 
Шығыс  түркі  тілдері  –  1)  өзбек  тілі;  2)  жаңа  ұйғыр  тілі;               
3) сары ұйғырлар мен салар тілі. 
Терістік түркі тілдері – 1) алтай тілі; 2) абақан, чулум, шор 
тілдері: а) абақан тілі; ә) чулум татарларының тілі; б) шор тілі; 
3)  сойон  және  қарағас  тілдері;  4)  якут  тілі  (долған  тілі  де  осы 
топқа кіреді). 
Бұлғар тілдері: 1) ғұндар тілі, Дунай бұлғарларының тілі, 
Еділ бұлғарларының тілі; 2) чуваш тілі. 
Бұл арада ескерте кететін бір жәйт – бұл келтірілген түркі 
тілдерінің  жіктелуі  (классификация)  мен  осы  оқу  құралындағы 
түркі  тілдерін  жіктеуде  айырмашылықтар  бар.  Мысалы,  «Орта 
түркі  тілдері»  дегенді,  біз  «Орта  ғасыр  ескерткіштері»,  «Батыс 
түркі тілі» дегенді,  «Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіш-
тер»,  «Хорезм түріктерінің тілі» дегенді, «Орта Азия түріктері-
нің  тілінде  жазылған  ескерткіштер»  деп  алдық.  Мұның  өзінше 
себептері  бар.  Ол  жайында  аталған  тарауларда  арнайы  түсінік 
бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет