3
Кіріспе
Тіл – қоғамдық құбылыс. Дүниежүзіндегі барлық тілдер
тәріздес қазақ тілінің де талай мыңжылдықтарға кететін тарихы
бар екендігін ұрпақ санасына сіңіру және оның әлемдік өрке-
ниетте орны бар баға жетпес мұралары екенін дәлелдеу қазақ
тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі, ұлттық тіл ретіндегі орнын
айқындай түсері анық. Оның үстіне, жуық арада Қазақстанның
ұлттық тарихын зерделеу мәселесіне қатысты, ведомствоаралық
жұмыс
тобының
кеңейтілген
отырысында
көтерілген,
Қазақстанның ұлттық тарихының көкжиегін кеңейтіп қана қой-
май, халықтың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру мәсе-
лесіне бұл пәннің қосар үлесі мол. Сондықтан магистранттарға
аталған пәннің оқытылуы – қазіргі заман білім парадигмасының
талабы.
«Түркі тілдерін тарихи дәуірлеу» оқу құралының
мақсаты
–
филология факультетінің магистратура бөлімінде оқитын ма-
гистранттарға өтілетін «Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық не-
гіздері» атты міндетті пәнге қосымша оқу құралы ретінде бола-
шақ мамандарды даярлауда айрықша мәні бар мәліметтер мен
әдебиеттерді таныстыру. Өйткені бұл пәнді зерделеу, филология
ғылымдарын тұтас әрі жүйелі құбылыс ретінде пайымдауға, тіл
білімі, әдебиеттану мен фольклористиканы тұтастықта тануға
әсер етеді. «Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәні-
нің зерттеу нысаны – қазақ тілінің тарихи тамыры боп санала-
тын түркітану ілімін түркіге дейінгі кезеңдермен сатылай зер-
делеу.
Тіл тарихын дәуірлеу туралы Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,
І.Кеңесбаев, Т.Қордабаев, Е.Жұбанов, Р.Сыздықова, С.Исаев,
Ғ.Қалиев сынды қазақ ғалымдардың еңбектері бар. Қазақ әдеби
тілінің тарихын дәуірлеуге қатысты пікірлер бір жақты болмаға-
нымен, олардың қай-қайсысы да қазақ
тілінің тарихи тамыры те-
реңде жатқандығын жоққа шығармайды. Ал ғалым Г.Қосымова
республика бойынша «6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» ма-
мандығына аталған пәнді Мемлекеттік стандартқа енгізіп, осы
пәннің бағдарламасын ұсынған және оқулығын жариялаған бо-
латын.
4
Оқу құралын жазуда Г.Қосымова, А.Бахти сынды ғалым-
дардың еңбектері және әртүрлі ақпараттық қорлар мен ма-
териалдар пайдаланылды. Авторлар оларға ризашылығын біл-
діре отырып, аталған пән бойынша магистранттарға оқулық тап-
шылығының орнын толтыру мақсатын көздегенін ескертеді.
Аталған пән лингвистика әлеміндегі әрбір тілдің қалай дәуір-
лерге бөлініп, қандай кезеңдерден тұратыны және ол кезеңдер
қандай теориялық мәліметтерге, ұстанымдарға сүйенгені жөнін-
де мағлұмат береді. Әлемнің тілдік бейнесін тану үшін негізгі
рөл атқаратын олардың әрбір сатысы жөнінен кең түрде таны-
сып, қазақ халқының тіл тарихын үйренеді, оның тарихи даму
кезеңдері туралы білімін толықтыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: