Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
      
 
 
 
 
 
 
 
 


 
11 
Адамзат тілінің пайда болуы және ностратикалық 
теория 
 
1. Адамзат тілінің пайда болу кезеңі (ым тілі) 
2. Ностратикалық теорияның дамуы  
3. Пәннің қарастыратын мәселелері. 
 
Адамзат тілінің пайда болу кезеңі (ым тілі). Тілдің өз заң-
дылықтары мен нормалары болады. Ал осы ұғым, сөйлеу пайда 
болғанға дейін адамдар бір-бірімен ым-ишара арқылы түсінісіп, 
хабар алысқандығы жайлы көзқарастар әлі де бір нүктеде тоқай-
ласа  алмаса  да,  екіншісінің  алғашқы  екендігі  эволюция  заңды-
лығы. Тіпті бір-бірінің тілін түсінбейтін екі халықтың өкілі ым 
және  ишара  арқылы  ұғыныса  береді.  Демек,  алғашқы  бүкіл 
адамзаттық  тіл  –  ишара тілі.  Қол қимылдары  – ым  мен  ишара-
ның  тұтас  бір  энциклопедиясы  іспеттес.  Қазақ  баласы  ортаға 
амандасқан  кезде  «орта  толсын»  деп  барып,  оң  қолын  жүрек 
тұсына қойып, басын иеді. Қоштасқан шақта шығарып салушы я 
жолға шығушы қолын бұлғайды (қош-қош айттым, қош айттым, 
қос қолымды шошайттым). Жұдырық түю - сес көрсетуді, «біз 
біргеміз!»  (жұдырықтай  жұмылу)  деуді,  екі  қолды  екі  жаққа 
жаю - ашықтықты, екі қолдың алақанын жайып, иықты көтеру - 
білмеуді,  түсінбеуді  аңғартса,  бас  бармақты  көрсету  -  мақұл-
дауды,  қолдауды,  мақтауды  (бір  қызығы,  бұл  қимыл  Нигерия, 
Ауғанстан,  Иран,  Италия  секілді  елдерде  бұл  адамға  доқ  көр-
сетуді білдіреді), сұқ саусақты кісіге қарай шошайту - намысқа 
тиюді,  тұқыртуды,  сондай-ақ  оны  жоғары  көтеру  «байқа»  не-
месе  «ойлан»  дегенді  байқатады.  Әр  ым  мен  ишараның  аста-
рында  оның  ондаған  мағынасы  жатады.  Біз  бір  парасын  ғана 
атап өттік. 
Ым  тілі  –  адам  ойын  дыбысты  тілдегідей  акустикалық 
жолмен  емес,  кинетикалық  негізде  (ымдап,  мимикамен)  жеткі-
зетін  коммуникативтік  жүйе.  Глоттогенез  барысында  (сөйлеу 
тілінің пайда болуы) ең алдымен ым тілі қалыптасып, дамып же-
тілген деген пікір кең тараған. Ым тілі – саңыраулардың (керең, 
мылқаулардың) басты, бірден-бір қатынас құралы. Оңтүстік пен 
Солтүстік  Америкада,  Африка  мен  Аустралияда,  Үндістан  мен 


 
12 
Океанияда,  тағы  басқа  елдерде  ым  тілі  еститіндер  арасында  да 
қалыптасқан. Солтүстік Америка даласындағы жергілікті көрші-
лес  үндіс  тайпалары  арасында  ортақ  этносаралық  қарым-қаты-
нас  құралы  ретінде  бірыңғай  ым  тілі  кең  тараған.  Зерттеуші-
лердің  айтуынша,  осы  өңірлерде  ХІХ  ғасырдың  соңында  жүз 
мыңдай  адам  ым  тілімен  сөйлескен.  Бірақ  олардың  ым  тілінің 
лексика құрамы, грамматика құрылымы жете зерттелмеген. Же-
тілген  ым  тіліне  саңыраулар  тілі  жатады.  Саңыраулардың  ым 
тілі  –  коммуникативтік  мүмкіндігі  жағынан  дыбысты  тілге  жа-
қындау.  Алайда  әлеуметтік-лингвистика  статусының  төмендігі-
нен ым тілінің лексикасы дамыған әдеби тіл лексикасынан ана-
ғұрлым кедей. Ым тілінің құрылымы дыбысты тілге байланысты 
емес, туыстық байланысы дыбысты тілдер туыстығымен сәйкес 
келмейді.  Мысалы,  ағылшын  тілді  АҚШ  саңырауларының  ым 
тілі  Англия  саңырауларының  ым  тіліне  ұқсас  емес,  керісінше, 
Канада  мен  Франция  саңырауларының  ым  тіліне  жақын.  Ды-
бысты  тіл  мен  ым  тілінің  басты  айырмашылығы  ойдың  айты-
лып, жеткізілу тәсілінде. Ым тілінің ең шағын билатералды өл-
шем бірлігі херемнен (грек. hejr, hejros  – қол) құралады. Херем 
үш  топты  біріктіреді  (ымның  орнын,  қол,  қимыл  ерекшелігі). 
Херем  санын  дыбысты  тілдегі  фонема  санымен  салыстыруға 
болады. Кеңістіктің үш өлшемдігін ым тілі грамматикалық мақ-
сатта  да  пайдаланады.  Егер  дыбысты  тілде  сөздің  лексикалық 
мағынасы  мен  грамматикалық  мағынасы  кем  уақыт  өлшемімен 
ажыратылса,  ым  тілінде  грамматика  және  лексика  семантикаға 
ажырамай, бір сәтте беріледі. Ым тілінде қолмен әртүрлі қимыл 
жасап,  ымдауға  қосымша  бет-пішінмен,  көзқараспен,  бас  және 
басқа  дене  мүшелері  қозғалысымен белгі  беруде елеулі  қызмет 
атқарады. Ым тілін дыбысты тілдің ымдап жеткізетін манифес-
тациясы  деп  те  атайды. Жоғары  дамыған  елдердегі саңыраулар 
ана тілінің ым тілімен қоса ресми тілдің ым тілін де меңгерген. 
ХХ ғасырдың 50-жылдары У.К.Стокоу бастап берген ым тілінің 
лингвистикалық зерттеу жұмысы соңғы 40 жылдан бері кең кө-
лемде жүргізіліп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет