12
Океанияда, тағы басқа елдерде ым тілі еститіндер арасында да
қалыптасқан. Солтүстік Америка даласындағы жергілікті көрші-
лес үндіс тайпалары арасында ортақ этносаралық қарым-қаты-
нас құралы ретінде бірыңғай ым тілі кең тараған. Зерттеуші-
лердің айтуынша, осы өңірлерде ХІХ ғасырдың соңында жүз
мыңдай адам ым тілімен сөйлескен. Бірақ олардың ым тілінің
лексика құрамы, грамматика құрылымы жете зерттелмеген. Же-
тілген ым тіліне саңыраулар тілі жатады. Саңыраулардың ым
тілі – коммуникативтік мүмкіндігі жағынан дыбысты тілге жа-
қындау. Алайда әлеуметтік-лингвистика статусының төмендігі-
нен ым тілінің лексикасы дамыған әдеби тіл лексикасынан ана-
ғұрлым кедей. Ым тілінің құрылымы дыбысты тілге байланысты
емес, туыстық байланысы дыбысты тілдер туыстығымен сәйкес
келмейді. Мысалы, ағылшын тілді АҚШ саңырауларының ым
тілі Англия саңырауларының ым тіліне ұқсас емес, керісінше,
Канада мен Франция саңырауларының ым тіліне жақын. Ды-
бысты тіл мен ым тілінің басты айырмашылығы ойдың айты-
лып, жеткізілу тәсілінде. Ым тілінің ең шағын билатералды өл-
шем бірлігі херемнен (грек. hejr, hejros – қол) құралады. Херем
үш топты біріктіреді (ымның орнын, қол, қимыл ерекшелігі).
Херем санын дыбысты тілдегі фонема санымен салыстыруға
болады. Кеңістіктің үш өлшемдігін ым тілі грамматикалық мақ-
сатта да пайдаланады. Егер дыбысты тілде сөздің лексикалық
мағынасы мен грамматикалық мағынасы кем уақыт өлшемімен
ажыратылса, ым тілінде грамматика және лексика семантикаға
ажырамай, бір сәтте беріледі. Ым тілінде қолмен әртүрлі қимыл
жасап, ымдауға қосымша бет-пішінмен, көзқараспен, бас және
басқа дене мүшелері қозғалысымен белгі беруде елеулі қызмет
атқарады. Ым тілін дыбысты тілдің ымдап жеткізетін манифес-
тациясы деп те атайды. Жоғары дамыған елдердегі саңыраулар
ана тілінің ым тілімен қоса ресми тілдің ым тілін де меңгерген.
ХХ ғасырдың 50-жылдары У.К.Стокоу бастап берген ым тілінің
лингвистикалық зерттеу жұмысы соңғы 40 жылдан бері кең кө-
лемде жүргізіліп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: