Т. Н. Мҧхажанова



Pdf көрінісі
бет18/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#15475
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Байланысты:
Музей тарихы

 
 


Т.Н. Мұхажанова 
 
61 
Рембрандт Харменс ван Рейн 
Рембрандт  Харменс  ван  Рейн  (1606-1669  жж.)  –  сурет 
ӛнерінің  ҧлы  шебері,  голланд  кескіндемешісі  әрі  график. 
Диірменшінің  баласы  1620  жылы  аз  уақыт  Лейден 
университетінде  оқып,  соңынан  біржола  ӛнер  жолын  қуды. 
Лейденде, Амстердамда кескіндеме бойынша сабақ алды.  1525-
1531  жылдары  Лейденде  әр  тҥрлі  жҧмыс  істеді.  Рембрандт 
шығармашылығы  Голландия  ӛнеріндегі  реалистік  бағыттың 
даму  кезеңінде  қалыптасты.  Суретшінің  діни  мазмҧндағы 
алғашқы  туындыларынан  қиял  еркіндігі  мен  ӛмір  шындығын 
бейнелеуге  деген  талпыныс  байқалады.  1632  жылдан 
Амстердамда  тҧрып,  кейін  әйгілі  суретшіге  айналды,  оның 
кӛптеген шәкірттері болды. Рембрандттың негізгі кӛңіл қойғаны 
-  адам,  оның  мінез-қҧлқы,  ақылы  мен  толғаныстары.  Суретші 
тҧрмыстық  және  діни  тақырыпқа  картиналар,  байлардың  әйелі 
мен баласының портреттерін салды. Ол жҥз шақты автопортрет 
қалдырды.  Рембрандт  діни  және  ӛзіне  жақын  адамдарды 
бейнелей  отырып,  адамның  бет-әлпеті  сырының  шексіз 
екендігін  кӛрсетті.  Ӛнерде  ӛмір  шындығына  ҧмтылу  суретшіні 
ауқатты  тапсырыс  берушілерден  айырды,  олар  суретшіні  ӛз 
талғамына  тәуелді  еткісі  келген.  Оның  ӛмірі  ӛзгере  бастады. 
Тапсырыс азая берді. Қол ҧшын берер адам қалмады, мҥлкі мен 
шығармалар  коллекциясы  қарызын  ӛтеуге  сатылды.  Суретші 
ӛзінің  шеберханасынан  айырылды,  кедейлер  тҧратын  пәтерге 
кӛшті.  Алайда  ӛмір  тауқыметі  суретшінің  сағын  сындыра 
алмады.  Рембрандт  кедейленген  шағында  ӛзінің  ең  таңдаулы 
шығармаларын  тудырды.  Рембрандт  сол  кездегі  адамдардың 
портреттерін  салды.  Бҧлардың  бет-әлпетінде  басынан  кешкен 
қасіреті,  бҥкіл  ӛткен  ӛмірі  жӛніндегі  толғанысы  бейнеленген. 
Суретшінің  аса  ҥлкен  жетістігі  жарық  пен  кӛлеңкені  батыл 
пайдалануда  еді.  Ол  жарықтың  кӛмегімен  бейнелеуде  ең 
маңызды  жақтарына  кӛңіл  аударады,  оның  мәнін  ашады. 
Адамның  ішкі  дҥниесін  айқындай  отырып,  жарық  сәулесі 
адамның  бетін  тҥнектен  шалып  қалғандай  әсер  қалдырады. 
Рембрандт  ең  әйгілі  картиналарының  бірі  –  «Адасқан  ҧлдың 
қайта  оралуын»  қайтыс  боларының  алдында  салған  еді. 
Шығарма  адамға  деген  сҥйіспеншілік,  адамға  деген  сенім, 
кҥйзеліс  пен  толғаныс  сезімдеріне  қҧрылған.  Рембрандтың 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
62 
жаңашыл  шығармалары  Голландия  бейнелеу  ӛнері  мен  ӛзінен 
кейінгі дәуірлердегі дҥниежҥзілік реалистік кескіндеме ӛнерінің 
дамуына  зор  ықпал  жасады.  Голландия  байлары  данышпан 
суретшіні бағаламады. Рембрандт жоқшылықта ӛлді, оны қауым 
ақшасына  кедейлер  зиратына  жерледі.  Біздің  заманымызда 
Рембрандтың шығармашылығын тек Голландия ғана емес, бҥкіл 
адамзат мақтаныш етеді. 
Орындалу техникасы холст: майлы бояу.  
Кӛлемі – 142х142см. 1869 ж. 


Т.Н. Мұхажанова 
 
63 
  
Қҧрылымы жағынан Лувр негізгі бес бӛлімнен тҧрады: 
1. Ежелгі Шығыс бӛлімі; 
2. Ежелгі Египет бӛлімі; 
3. Ежелгі Грекия мен Рим бӛлімі;  
4. Кескіндеме мен сурет бӛлімі; 
5. Мҥсіндер бӛлімі. 
Бірінші  бӛлім:  Ежелгі  Шығыс  бӛлімі  1881  жылы  ашылған. 
Бҧл  бӛлімде  Британ  музейінен  кейінгі  Ассирия  және  Финикия, 
Вавилон, Шумер, Палестина мәдениетінің ең озық ҥлгілері жи-
нақталған. Ең атақтысы – Карисундар стелласы. Шумер патша-
ның жеңісіне арналып жасалған. Хаммурапи стелласында заңдар 
жинағы басты орын алып, Шығыс бӛлімінің қҧндылығын артты-
руда. 
Екінші  бӛлім:  Ежелгі  Египет  бӛлімі  1826  жылы  ашылған. 
Оны  алғаш  басқарған  Ф.  Шампольон  Мысыр  жазуының  қҧр-
лысын  ашқан.  Ежелгі  Мысырдың  теңдесі  жоқ  қҧндылықтарын 
осы бӛлімнің бай қорынан кӛруге болады. 
Ең  ірі  бай  коллеекциясын  Мысырдағы  жаңа  патшалық 
кезеңіндегі  ескерткіштер  қатарын  кремни  минерал  тасынан 
жасалған  пышақ  қҧрамақ.  Ол  Джебель-Эль-Аркадан  табылған. 
Бҧл пышақтың сабы адам мҥсінімен безендірілген.  
Ҥшінші  бӛлім:  Ежелгі  Грекия  мен  Рим  бӛлімі  1800  жылы 
ашылған. Бҧл бӛлім, негізінен, XVI-XVII ғасырлардағы француз 
корольдері  жинақтаған  антикалық  коллекциялармен  толығады. 
Б. Наполеон кезінде осы аталған коллекциялар екі есе ҥлкейеді. 
Антикалық  коллекцияның  ішінде  кӛптеп  эгей  және  эллиндік 
кезеңінің ескерткіштері бар. Сонымен қатар антикалық коллек-
циялардың қатарында Италияның кӛптеген ескерткіштері орна-
ласқан.  Этрускілердің  шығармалары  ең  ірі  және  ҥлкен  топ  бо-
лып саналады. 
Тӛртінші  бӛлім:  кескіндеме  және  сурет  бӛлімі  -  Лувр  му-
зейіндегі маңызды орын. Бҧл бӛлімнің ерекшелігі орта ғасырдан 
XIX  ғасырға  дейінгі  аралықты  кӛрсететін  керемет  туынды-
ларымен ерекшеленеді. Ең ірі  және бай коллекциялары ретінде 
италян  кӛркемсуретін  санауға  болады.  Аса  ірі  коллекцияның 
ішінде  Рафаельдің  жеті  кӛркемсуреті,  Тициан,  Тинторетто, 
Веронеза, Бассано, Джорданненің және т.б туындылары бар. Ең 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
64 
қҧнды және әйгілі Леонардо да Винчидің бес суреті бар. Оның 
ішінде Жаконда немесе Мона Лизаны атауға болады.   
Бесінші  бӛлім:  мҥсін  бӛлімі  1817  жылы  ашылған.  Бҧл  бӛ-
лімде  ренессанс  кезеңінің  мҥсіншісі  Жан  Гужонның  туынды-
лары  жинақталған.  Ал  XVII-XIX  ғасырлардағы  Францияның 
әйгілі  мҥсіншілерінің  Куазевокс,  Жирордон,  Кусту,  Пажи, 
Фальконе, Гудон және т.б. туындыларын кӛруге болады. Нимфа 
Фонтенблоның  Бенвенуто  Челлинидің,  жҧмысы  шедевр  болып 
саналады. Сонымен қоса Микеланджелоның “қҧл” атты мҥсінін 
кӛруге  болады.  Италия  қаласындағы XVIII  ғасырдың  соңы  мен 
XIX  ғасырдың  басындағы  танымал  мҥсіншілердің  жҧмыстары 
бесінші бӛлімнің қҧндылығын арттыра тҥспек.  
Қорытындылай келгенде, Лувр музейі – әлемге әйгілі музей-
лердің  бірі,  ол  Франция  қаласында  орналасқан.  Лувр  музейінің 
топтамаларының  жылдан-жылға  саны  ӛсіп  келеді.  Музейге 
келушілердің  саны  2004  жылғы  кӛрсеткіш  бойынша  6 894  000 
мың  болса,  ал  2005  жылғы  кӛрсеткіш  бойынша  8 300  000  мың 
болған. Жалпы, Лувр музейінің топтмаларының саны 38-40 мың 
қорды  қҧрайды.  Мысалы,  2005  жылғы  есеп  бойынша  бір 
кӛрмеде  1200-ге  тарта  суреттер  қойылған.  Ол  ӛзінің  белгілі  
коллекцияларымен танымал, оның ішінде Мона Лиза, Хамурапи 
заңдары, Тангаро мҥсіні және т.б.  бар. Лувр пирамидасы Азия-
дан  шыққан  Нью-Йорктің  сәулетшісі  Ео  Минг  Пенің  жобасы-
ның  негізінде  салынған.  Шыны  қҧрылыс  материалдарынан 
салынған  музей  биіктігі  21  метрді  қҧрайды.  Жан-жағының 
ҧзындығы - 35 метр. Пирамида 603 шыны ромбиг, 73 ҥшбҧрыш 
формасындағы  ҥлгі  ретінде  жасалған.  Қҧрылысы  1989  жылы 
аяқталып, негізгі кіру бӛлмесіне айналған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет