Т. Н. Мҧхажанова


Тенденция – ҥрдіс  Храм –



Pdf көрінісі
бет63/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#15475
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Тенденция – ҥрдіс 
Храм – хибадатхана 
Сфинкс  –  мысырда  адам  басты  жатқан  арыстанның  тастан 
жасалған мҥсіні. 
Галерея  –  суреттер  қоюға  арналып  істелген  ҥй  не  болмаса 
суреттердің ӛздері 
Фасад – ҥйдің алды, қасбеті 
Стиль – ҥлгі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Т.Н. Мұхажанова 
 
155 
ӘДІСТЕМЕЛІК НҦСҚАУ 
 
Тақырыптың  теориялық-методологиялық  мәселелеріне  талдау 
жасағанда нақты тарихи деректермен, оларды ғылыми айналымға 
енгізген ғалымдардың зерттеу еңбектерімен танысу ҧсынылады.  
Музейлердің  қҧрылуының  алғышарттары  баяндалады.  Му-
зей  қоғамдық  институт  ретінде  атқаратын  әлеуметтік  функция-
ларды қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жҥргізеді. Арнайы 
пән ретінде, музейтану теориялық және әдістемелік бағытта му-
зей ісін дамытып, оның тарихи тәжірибесін жинақтап зерттейді.  
Қазақстандағы  музейлер  еліміздің  тәуелсіздік  алуына  бай-
ланысты  кӛп  ӛзгерді.  Музей  арнайы  жабдықталған,  қоғамдық 
қажеттіліктерді ӛтеуге арналған, тарихи-ғылыми дерек ретінде жә-
дігерлерді  сақтап,  ҧрпақтан-ҧрпаққа  жеткізтетін,  әлеуметтік  ақпа-
рат қҧжаттарын жинайтын, эстетикалық қҧндылықтары бар мекеме 
болғандықта, себепті музейлерге қойылатын талаптар да кҥшейді.  
Музей  туралы  теориялық  бағыттар  әртҥрлі.  Сондай  теория-
лардың  бірі  "филологиялық",  кӛне  антикалық  храмдарға  елік-
теуден  туған.  Музей  мекемелері  әртҥрлі  аталған.  Мыс,  Вьет-
намда "бао та" реликвияларды сақтайтын жер деген ҧғымды біл-
дірсе,  ӛз  заманында  кӛне  египеттік  ӛмір  ҥйлері,  антикалық  му-
зейлер топтама жинауда ӛте ҥлкен рӛл атқарған. Орта ғасырлар-
да кӛне жәдігерлер жинауға шіркеулерді де кеңінен қолданған. 
Ӛнер,  тарих  және жаратылыстану  жәдігерлерін, монастырь-
ларда, храмдарда, бекіністерде жинаған. 
Музейтану  зерттеу  әдістерінде,  тарихи  зерттеу  әдістері,  әсі-
ресе – археология, этнография, палеография, нумизматика, ӛнер-
тану, педагогика, психология саласындағы зерттеу әдістері, жа-
ратылыстану  ғылыми-зерттеу  әдістері  қолданылады.  Сонымен 
бірге ғылыми-зерттеу әдісінің далалық зерттеу, бақылау, экспе-
римент сияқты тҥрлері де кеңінен қолданылады. 
 Музейтанудың  зерттеу  әдістерінің  негізгі  бағыттарына  тоқ-
талсақ, олар мынадай: 
Ақпараттық дерек кӛзі ретінде, жәдігерлердің мәдени-тарихи 
қҧндылықтарын зерттейтін бағыттарда жҧмыс істеу: 
музей  қҧндылықтарына  жататын  жәдігерлерді  анықтау 
(ғалымдар, лаборатория); 
музей  жәдігерлерінің  мәндік  мағынасын,  ерекшеліктерін 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
156 
анықтау ісі; 
музей  жәдігерлеріне  байланысты  ғылыми  анықтамалық, 
жҥйелеу жҧмыстарын ҧйымдастыру; 
сақтау  режимін,  консервация  және  қайта  қалпына  келтіру 
жолдарын анықтау; 
музейдің  тәрбиелік,  білімдік  міндеттерін  атқару  әдістерін 
қарастыру, жҥйелеу;  
Оқытудың  кредиттік  жҥйесі  студенттердің  ӛз  бетімен  шы-
ғармашылық  жҧмыс  жасауына,  дербес  ізденістер,  тҧжырымдар 
жасауға  дағдылануына  мән  береді.  Сондықтан  студент  тарих 
ғылымында  болып  жатқан  концептуалды  ӛзгерістерге  тарихи 
деректерді талдау арқылы назар аударуы тиіс.  
Тарих  ғылымын  методологиялық  жағынан  қайта  жаңғырту 
қажеттігі,  әлем  музейлерінің  тарихы  оның  қҧндылықтары 
сияқты мәселелерге назар аударуды туғызады.  
 
Студенттер музей  тарихына  зерттеу жұмыстарын  жүр-
гізуде мына талаптарды білуге тиіс:  
-  Музейдің ашылу тарихын;  
-  Орналасу ерекшеліктерін,  
-  қҧрылыстың салынуын, архитекторларын,  
-  музей қорларын,  
-  залдарының қҧрылысын,  
-  экспонаттардың орналасу ерекшеліктерін,  
-  коллекцияларын,  
-  шедеврлерін,  
-  музейдің ғылыми-танымдық маңызын айқындау;  
 Оқытылатын  пән  бойынша  жоғарыда  ҧсынылған  реферат 
тақырыптарын студенттер жеке орындайды. Реферат негізгі мә-
ліметті беруге бағытталады. Студент тақырыптың мәнін аша бі-
лу керек. Реферат соңында тақырыпқа сай негізгі тҥйін жасалып, 
студент ӛзінің ойын айтуға тырысып, қорытынды жасауы қажет.  
 Кӛпшіліктің  алдында  сӛйлеуге  дағдылану  ҥшін  студент 
рефератты  аудиторияның  алдында  қорғап,  негізгі  тҧжырымда-
рын айта білу керек. 
 
 
 


Т.Н. Мұхажанова 
 
157 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқу басылымы 
 
Мұхажанова Толқын Нұрасылқызы 
 
 
ӘЛЕМ МУЗЕЙЛЕРІНІҢ ТАРИХЫ 
 
Оқу қҧралы 
 
Корректоры Гүлжан Рүстембекова 
Компьютерде беттеген Сәуле Сарпекова 
Мҧқабасын кӛркемдеген Гүлжан Құрманова 
 
ИБ №5135 
 
Басылуға 07.10.2011 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 
1
/
16. 
Кӛлемі 9,75. 
Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №729 
Таралымы 100 дана. Бағасы келісімді. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ҧлттық университетінің  
«Қазақ университеті» баспасы. 
050040, Алматы қаласы, әл-Фараби, 71.  
«Қазақ университеті» баспаханасында басылды.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет