Әлем
музейлерінің тарихы
106
тҥрлі балықтар жҥзіп жҥрді. Аспалы бақ Қысқы сараймен
байланысып жатты. Осындай әртҥрлі демалатын орындар
кӛптеп жасалды, оларда «дом фаворитов», Валлен Деломота
атымен аталған павильон бар. Жалпы, Валлен Деломотан
Мәскеу университетіне архитектор болып келген, кейін Санкт -
Петерборға барып, яғни ҥш жылға контрактіге отырған екен,
кейін ширек ғасыр осы жерде қалып қояды.
Оның бірден-бір ҧлы еңбектерінің бірі ол Қысқы сарайдың
сарайдың жанынан кіші Эрмитажды салуы еді. Қҧрылыс
жҧмыстары 1764-1775 жж. арасында жҥрді. Ғимарат Нева ӛзе-
ніне горизонталь бағытта тҧр. Кіші Эрмитаждың тарихы Сол-
тҥстік павильонның тарихымен қатар айтылады, ӛйткені ол
екеуін де Деломота салған еді. Деломота ғимаратқа классикалық
сән бере білді, оның терезелері ҧзынша келген. Адам бір қара-
ғанда Қысқы сарайға ӛте ҧқсас. Кіші Эрмитаждың қҧрылысы он
жылға созылды. Бірақ бҧған жинақталған экспонаттардың тым
кӛптігінен, Фельтен Солтҥстік павильонның жанынан ҥлкен
Эрмитажды салады (ескі Эрмитаж). Онда кітапхана, ҥлкен
залдары болып, Екатерина кӛптеген қонақтарды қабылдаған.
Бҧл қҧрылыстың ішкі жҧмыстары 1783
жылы басталды, Рафаэль
лоджиясы салына бастаған ҥлкен Эрмитаждың жалпы
қҧрылысы 1787 жылы салынып біткен болатын.
Осындай қарбалас қҧрылыс барысында дана мҥсінші архи-
текторлардың шеберлігімен 1783 жылы Эрмитаж театры да бой
кӛтере бастады. Оны салған итальяндық Кваренги болды.
Кваренги ӛз жерінде архитектураны жетік меңгеріп келген, ол
сондай-ақ кӛп саяхатқа шыққан, Кваренги кӛбіне сызу арқылы
біраз тәжірибе жинақтаған.
Кваренги Ресейде 1780 жылдан бастап жҧмыс істейді. Оның
жан-жақты біліктілігінің арқасында Ресей жеріне классикалық
композиция сыйлады. Оның кӛптеген еңбектеріне материалдың
жетіспеушілігі кедергі болды. Эрмитаж театрының ғимара-
тының қҧрылыстары 1783-1787 жж. аралығында жҥрген. Бастап-
қыда, оның орнында І Петрдің ҥйі болған. Кваренги бҧл ҥйді
сақтап қалып, оның айналасына қҧрылысты жҥргізген, алайда
бҧл ансамбльдік қҧрылыстар ӛзіндік сән беріп тҧрады. Ал енді
1842-1852 жж. жаңа Эрмитаж ашылды. Бҧл дегеніміз оның
салынып бітуі еді. Жаңа Эрмитаж 16 колонадан тҧрады, яғни
Т.Н. Мұхажанова
109
Империалистік соғыстың бас кезінде Эрмитажға 673 000
экспонат жиналған болатын. Соғыс кезінде 1919-1920 жж. ендігі
жерде ол кеңестік музей ретінде жҧмысын жаңа бағытта
бастады. Осы кезден бастап музейге кіші және ескі Эрмитаж
ғимараттары берілді. 1922 жылы музей аумағы Қысқы сарайды
да
алады.
Кейін
келе
барлық
ғимараттар
музейге
айналдырылады.
Осындай жағдайларда музей ӛз кезегінде дами береді. Онда
1920 жылы Шығыс бӛлімі ашылған болатын, кейін 1931 жылы
алғашқы мәдениеттің тарих бӛлімі ашылады. 1941 жылы орыс
мәдениеті тарихының бӛлімі ашылады. Сондай-ақ 1941 жылы
фашистік Германияның шабуылынан 1117000 экспонатты тылға
Оралға апарып тастаған. Соғыс кезінде Эрмитаж біраз зардап
кӛрді, жаңа Эрмитаж да бҥлінді, Гербов, Николаевск
залдарының
терезелері суықтан, ызғардан бҥлінді. Сол фашистік
Германияның қоршауында тҧрған кезде Эрмитажды қалпына
келтіруге жағдайлар жасала бастады. 1945 жылы 8 қарашада
тӛрт ҥзілістен кейін Эрмитаж музейі қайтадан жҧмысын жалғас-
тырып 65 зал ашылды. Жалпы, КСРО кезінде музей экспонатта-
ры тӛрт есеге ӛскен екен. Эрмитаж музейінің негізгі қалыптасу
тарихы осылай баяндала келе, әлемдегі ірі музейлердің бірі бо-
лып қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: