ҚАРҚАРАЛЫ - Қарағанды облысындағы тау аты Аудан аты
да осы тау атына байланысты қойылған. Бүл
атау
жөнінде осы-
дан 100 жыл бұрын 1863 жылы Красовский былай деп жазды:
«Каркаралинские горы» - по рассказам киргизов (т е
- казахов
- А. А.), горы получили настоящее название вследствие боль
шого сходства некоторых вершин с ящиком, устанавливаемым
при перекочевках каркара» (Материалы для географии стати
стики России, собранные офицерами ген. штаба Область Си
бирских киргизов. Часть I, Составил Красовский, СПб., 1868,
134 беті). В.В. Радлов өзінің сөздігін де «қарқара»
сөзі қазақ
(киргиз), қырғыз (каракиргиз) тілдерінде, біріншіден,
орысша
цапля деген қүстың бір түрі, екіншіден, өзен аты деп түсінік
береді. Ал қырғыз (каракиргиз) тілінде қарқаралы деп, қаркара
қүсының үкісінен жасалған қыздардың
бас киімін айтатынын
көрсетеді де, «қарқаралұ бу қысын қармап олжо қыламын» де
ген мысал келтіреді (В.В. Радлов. Опыт словаря. Том II, часть
1, 190 беті). Сөйтіп, бүл айтылғандардан қарқара сөзінің үш
түрлі мағынасы бар екені байқадық: 1) түйеге теңцелетін
эбдіре, 2) қүс аты 3) сол қүс үкісінен
жасалған қыздардың бас
киімі. Қараганды облысындағы тау аты, Алматы облысындагы
көл мен жер аты осы үш мағынаның
қайсысынан алынғаны
әзірге бізге белгісіз. Дегенмен атаудың қүс атынан қойылу
мүмкіндігі қалгандарынан басым. Сонда қарқара (қүс)+лы (ту-
ынды сын есім жүрнағы)>Қарқаралы жолымен жасалуы әбден
орынды.
ҚАРТАЛЫ - Қостанай облысының
Қарабалық ауданына
тым жақын жер, станция және қала аты. В.В. Радлов сөздігінде
қартал сөзіне осм. (түрік) деген белгімен орел (бүркіт) деген
түсінік берілген. (П, часть 1, стр. 200). Қазіргі түрік
тілінде
де
картал - бүркіт (Д.А. Магазаник. Турецко-русский сло
варь. М., 1945, стр. 320). Ал азербайжан тілінде
гартал -
бүркіт (Азербайжанша-русча лугәт. Бакы, 1951, стр. 46).
Кар-
Достарыңызбен бөлісу: