тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы, «Қазақ тілі тарихы
мен диалектологиясының мәселелері», жинақ, 5 шығуы, 1963,
184 беті). Біздіңше бұл талдау ойға қонымсыз. Өйткені,
сөздің
басқы
хул//құл буыны түсіп қалуы мүмкін емес. Ендеше бұл
сөз монғол-түрісі тілдеріндегі
ханч//хайша//қайшы сөздерінен
қойылу мүмкін. Монғол тіліндегі
хайч сөзіне мынадай түсінік
берілген: 1)
шекаралық сызық, шекара; 2) тістеуік, қысқыш,
шымшуыр; 3) қайшы (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша
сөздік. Уланбатор, 1954, 255 беті). Бұл сөздің заттық 2, 3
мағыналарыжақын. Сонымен бұлтопонимді «шекара», «қайшы»
деген мағыналармен жақындастыруға болады. Егер бұл бұлақ
шынында да бір ел
мен екінші елдің, немесе иеліктің шекарасы
болып есептелсе, онда бүл атау монғолдың
хайч (шекара) деген
сөзінен қойылған болады. Ал бұлақ қайшыға уқсап екі айрылып
жатса, ондатүркі-монғол тілдеріне ортақ
хайч//хайша//қайшы
(ножницы) сөзіне байланысады. Мұндай жағдайда атаудың шын
сырын не тарихи деректер, не объектінің физика-географиялық
қасиеті дұрыс көрсетпек.
ҚА Л БА ТАУЫ - Шығыс Қазақстан,
Семей облысындағы
тау аты. М. Абдрахманов пен А. Бонюховтың зерттеуіне
қарағанда Шорияда Қалбық деген тау аты бар. Олар осы тау аты
«қалба, қалбы» (черемша) деген зат есімнен жасалуы мүмкін
деген жорамал айтады (Сб.: «Языки и топонимия Сибири»,
I, Томск, 1966, 160 беті). В. Даль сөздігінде (IV, 592) черемша
өсімдік деп түсіндіріліп, оған «жабайы чеснок, колба» деген
анықтама берілген. Осыған қараганда
таудың аты онда өсетін
қалба өсімдігіне байланысты қойылуы мүмкін. Бұл арада шор
тілі түркі семьясына кіретін туыс тіл екенін ескерген жөн. Сонда
қалба көне түркі тілінде болып, қазақтілінде өсімдік мағынасы
үмытылып, тау атында ғана сақталып қалуы ойга қонымды.
Қ А Л Ғ ¥ Т Ы - Шығыс Қазақстандағы жэне Алматы облы-
сындағы өзен аты. F. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша бұл мон-
голдың халга (қақпа) деген сөзінен
алынған және тауды кесіп
137
өтетін өзен аңғарының рельефін дәл береді (Г. Қонкашпаев. Гео
графические названия монгольского происхождения... Известия
АН КазССР. Серия филологии и искусствоведения. Вып. 1(11),
1959, 91 бел).
Осы жерде экспедицияда болган Ж. Болатовқа жергілікті
қазақтар бүл монғолдың «қазды» деген сөзі деп түсіндірген.
«Шынында, - деп жазады Ж. Болатов - қазды монғолдар
галу,
галуун деп атайды екен,
осыған қарағанда, бұл жер аты да
монгол сөзінен шыққан болып табылады» (Ж. Болатов, Қошагаш
қазактарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктер, «Қазақ тілі та-
рихы мен...», 4 шығуы, 1962, 53 бет). С. Хабшай мен Ә. Міністің
«Монголша-қазақша сөздігінде
«галуу-үйрек деп
берілген
(57 бет). Сонымен
галуу монголша қаз, үйрек деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: