сөздің
көне мағынасы мен формасын ашу; сөздің фонетикалық
тарихы кірме сөздің енген дэуірін анықтауға жол ашады;
этимологиялық зерттеуде диалектілік
варианттарды естен
шығаруға болмайды; этимология - тіл білімі шаруаларының
ішіндегі
ең комплексті ғылым, сол үшін археология, этногра
фия, фольклор, елдің саяси және экономикалық тарихы сияқты
гылымдардың
табыстарын, сөздің туудағы реалий жағдайын
жете зерттеу қажет; сөздің семантикалық өрісін (поле) жете
қарастыру керек; сөздің сол тілдің көне сөзі ме, немесе басқа
тілден енген бе деген мәселесін шешу үшін оныңтарихын, басқа
тілдермен қарым қатынасын толық зерттеген мақүл40,
Ж. Варботтың екінші бір мақаласы этимологиялық үялы
сөздердің сөз тудыру қүрылымын ашуга арналған41.
Этимологиялық үялы сөздерді жаңғырту дегеніміз - деп
түсіндіреді автор - сол сөздің немесе
бір топ сөздің жоғалып
кеткен сөз тудыру байланыстарын қалпына келтіру. Алгашқы бір
түбірден жасалған сөздер замандар өткен сайын туыс тілдерде,
немесе сол тілдің өзінде де сөз тудыру жүрнақтарының эр
түрлілігінен бір - бірінен алшактай бермек. Енді мұны сөз ту
дыру тәсілі пайдалана отырып этимология ашуы керек.
X. Шустер-Шевцтің мақаласы этимологиялық зерттеулердің
орны мен проблематикасына арналған42. Автор мақаласында
соңғы 50-70 жылдың ішінде
этимологиялық зерттеулердің
азайғандығын және оның тіл біліміндегі орны да төмендеген-
дігін көрсетеді. Мүныңсебебі неде деген сұраққа автор былайша
жауап береді. XI ғасырдың екінші жартысынан тіл білімі тілді
адам баласының қарым-қатынас қүралы
ретінде зерттелуіне
басым көңіл бөлді, сондықтан тіл қүбылыстары, негізіне
Достарыңызбен бөлісу: