Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет78/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144
Айық-Арт, Көрүк-арт, Қатын-Арт т. б. топонимдердің 
кұрамында жиі үшырайды. Бүл терминге байланысты қырғыз 
тілінде мынадай макалдар бар: «адыр-адыр жер келет, адырмақ 
артуу (асу - А. Ә.) жер келет», «Қырқ-бир артуу, белдерге, кырк 
күнчулүк чөлдерге, чыдат берген мал элең» (Қазақшасы: қырық 
бір асу, белдерге, қырык күншілік шөлдерге, шыдап берген мал 
едің). Оның үстіне артуу сөзінен жасалған артылмақ деген 
етістікте бар, мағынасы аспақ (асудан аспақ). Мысалы: «бир 
артылмак бели бар, ушу күндө атағы - Миң-Бугу деген жери 
бар». (Қазақшасы: бір асатын белі бар, осы күнде аты -Мыңбұғы 
деген жері бар). Міне бұндагы артылмақ етістігі қазақша 
асты деген магынада (К. К. Юдахин. Кыргызча-орусча сөздук. 
М., 1965, 70-71 беттер). Ал осы арту (қазақша - асу) сөзінің 
ауыспалы мағынасы қазақ тіліңде де бар. Мына сөйлемдерді 
салыстырыңыз: «еттің, бағасы екі сомнан артып кетті», не- 
месе «еттің бағасы екі сомнан асып кетті». Бұл арада қазақ 
тілінде арту, асу, етістіктері кездейсоқ синоним болып түрған 
жоқ, мүнда арт сөзі бір кезде асу (перевал) магынасында қазақ 
тілінде де болғанын дәлелдейді. Сөйтіп, бүл асу аты мына­
дай компоненттерден түрады: Есек+арт (қазақ тіліндегі асу 
етістігіне сай келетін етістік)+қан (есімшенің өткен шақ фор- 
масы). Бүл атау - осы асудан есекпен де «асуга болатынын, 
яғни асуы оңай екенін көрсететін информациялық мэні бар оро- 
ним (мағынасы: Есек асқан).
ЕСІЛ - Целиноград, Қарағанды облыстарындағы өзен 
және Целиноград облысындагы темір жол станциясының аты. 
Бүдан баска бір өзеннің аты Йашыл угуз түрінде Кюл-тегинге
109


қойылған ескерткіште кездеседі (С. Е. Малов. Памятники..., 
30 бет., 17). Есіл өзені де ескі түркі тілдерінде бір кезде йашыл/ 
йасыл, йешіл//йесіл (угуз, өзен) деп аталуы ықтимал. Бұл сөз 
туралы көрнекті тюрколог Н. К. Дмитриев «Турецкому (йешіл) 
«зеленый в других тюркских языках» соответствует йашыл// 
жашыл//жасыл» (Исследования по сравнительной грамматике 
тюркских языков. Фонетика I. М.. 1955, стр. 115) - деп жазды. 
Бүл қазіргі қазақ тілінде Жасыл (өзен) деген сөз. Бірақ гидро­
ним аты қазақ тілінде баска түркі тілдеріндегі сөз басында й 
дыбысының ж (жокающий) дыбысына алмаспаған кезінде 
жасалған болуы керек. Сөйтіп, түркі диалектілерінде йашыл/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет