Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


ЖҮНЖҮРЕК - Талдықорған облысы Алакөл ауданындағы  тау аты. Бұл монғолдың зүүн - «шығыс», зүраг



Pdf көрінісі
бет82/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   144
ЖҮНЖҮРЕК - Талдықорған облысы Алакөл ауданындағы 
тау аты. Бұл монғолдың зүүн - «шығыс», зүраг - «сурет» де­
ген сөздерінен жасалған болуы керек. Өйткені, зураг сөзінен 
жасалған Баянжүрек (қараңыз) деген тау аты осы облыстағы 
Талдықорған ауданында да бар. Монгол тіліндегі з дыбысы мен 
казак тіліндегі ж дыбысы мағынасы екі тілде бірдей мынадай 
сөздерде кездеседі: завсар - жапсар, зай - жай, зайдагнау -
113


жайдақтау, залгаа - жалганган, залгақ - жалғау, залхаг - жалқау, 
зар - жар (салу),засах - жасау, зах - жақ, зоо - жон, зос - жоса т. 
б. (Бүл сөздер С. Хабшай мен Ә. Міністің «Монголша - қазақша 
сөздігінен» алынды). Сөйтіп монгол тілінен алынған Жүнжүрек 
(Зүүнзураг) оронимі «Шыгыстагы суретті тау» деген мағынаны 
білдіреді.
ЗАИСАН - Шығыс Қазақстан облысындағы көл, аудан, ау- 
дан орталығының аты. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша, 
монғолдың заасинг (жақсы) деген сөзінен қойылган. Ертерек- 
те бүл көл Зайсан-Нор, кейде Нор-Зайсан деп те аталган. Зай- 
сан атының қойылуына байланысты мынадай аңыз да бар: бір 
жұт жылы қалмақтар (ойраттар) аштан қырылып жатқанда, осы 
көлге келіп, балығын жеп, апаттан аман қалыпты. Сөйтіп көлді 
Заасингнор (жақсы көл) атапты. Зайсан көлінің бүдан бұрынгы 
атауы Хонхоты да (Қоңыраулы) монгол сөзі (Г. Конкашпаев, 
Географические названия монгольского происхождения... Изве­
стия АН КазССР. Серия филологии и искусствоведения. Вып. I 
(11), 1959, 91 беті). Ертеде монгол ақсүйектері де Заасинг деп 
аталган. Қазақ тіліндегі «жақсы мен жайсаң» деген тіркестегі 
жайсаң сөзі монгол тілінен енген. Көл аты осы магынадағы 
сөзбен де байланысты болуы ықгимал. Жергілікті тұргындар 
осы күнге дейін көлді Жайсаң деп атайды. Ал монгол, қазақ 
тілдерінде з мен ж дыбысы ауысатыны белгілі (Баянжүрек, 
Жүнжүрек атауларын қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет