Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


  Информатика  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстың



Pdf көрінісі
бет135/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

4.4.  Информатика  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстың 
әдістемесі  
4.4.1. Сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері  
1. Тәрбиелік тапсырмаларды оқыту және ұйымдастыру. Бұл 
кезең  әрбір  оқушының  және  бүтіндей  сынып  ұжымының 
ерекшеліктерін  зерттеуге,  тәрбиелік  үрдісті  тиімді  іске  асыру  үшін 
неғұрлым  өзекті  тапсырмаларды  анықтауға  бағытталған.  Кезеңнің 
мақсаты – оң аспектілерді (баланың, ұжымның жағымды қасиеттерін) 
анықтауды,  түзетуді,  неғұрлым  маңызды  тапсырмаларды  таңдауды 
және  қалыптастыруды  қажет  ететін  педагогикалық  болмысты  әділ 
бағалау.  
Зерттеу  белгілі  педагогикалық  әдістер  арқылы  жүргізіледі, 
олардың  ішінде  бақылау  басымдылық  танытады.  Бақылау  арқылы 
мұғалім  оқушы  және  ұжым  жайлы  ақпарат  жинайды.  Оқушылармен 
ғана емес, олардың ата-аналарымен, сыныпта олармен жұмыс істейтін 
мұғалімдермен әңгімелесу ақпараттық тәсілге жатады.  
Жеке  жұмыс  жасау  кезінде  баламен  құрастырылған: 
суреттердің,  боямалардың,  өлең  шумақтарының,  әңгімелердің  және 
т.б.  құрастырмалардың  маңызы  зор.  Ұжымды  зерттеу  барысында 
социометрия
1
 әдісі  ақпараттық  қызмет  атқарады,  оның  көмегімен 
мұғалім  неғұрлым  танымал  және  танылмаған  оқушылар  жайында, 
кішігірім топтар туралы, олардың арасындағы қарым-қатынас сипаты 
жөнінде біледі.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет