Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


  Атқарылған  жұмыс  талдауы



Pdf көрінісі
бет138/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   191
4.  Атқарылған  жұмыс  талдауы    қалыптасқан  модельді 
өмірдегі  кейпімен  салыстыруға,  табысты  және  проблемалы 
жағдайларды,  олардың  себептері  мен  салдарын  анықтауға 
бағытталған.  Алдағы  тәрбиелік  жұмысқа  тапсырмаларды  құрастыру 
элементі  аса  маңызды.  Осы  кезең  тәрбиелік  тапсырмаларды, 


 
145 
мазмұнды,  формаларды  түзетуге  және  сыныптан  тыс  жұмысты  одан 
әрі жоспарлауға тым қажет.   
Өткізілген  тәрбиелік  шараның  қорытындысын  шығару  –  аса 
маңызды  сәт,  бірақ  кейде  жете  бағаланбайды.  Мұнда  әсіресе  білікті 
қорытынды  жасап,  атқарылған  жұмыстың  артықшылықтары  мен 
кемшіліктерін бағалайтын мұғалім мен әдіскердің рөлі аса жауапты.    
Іс-шаралар  қорытындыларын  талдауды  жүйелі  түрде  өткізген 
жөн, өйткені қол жеткізген жетістіктер арқылы одан әрі алға жылжуға 
болады, 
жақсысын 
бекітіп, 
кемшіліктерді 
жоюға 
болады. 
Қорытындыны  анализдеудің  екі  негізгі  функциясы  бар  – 
ұйымдастырушылық  және  тәрбиелік.  Тұрақты  анализдеу  жұмысты 
жақсырақ  ұйымдастыруға,  тапсырылған  іске  неғұрлым  жауапты 
болуға  ықпал  етеді,  себебі  оның  қорытындылары  мен  нәтижесі 
байқаусыз  қалмайды,  керісінше,  бағалауға  ұшырайды.  Анализ  –  бұл 
байқампаздықты  тәрбиелеудің,  өзіне  сын  көзбен  қараудың,  талап 
қоюдың,  қоғамдық  пікірді  қалыптастырудың,  сынға  оң  көзқарас 
танытудың, педагогикалық шеберлікті арттырудың ұтымды мектебі.    
Тәрбиелік  іс-шараны  сараптай  отыра,  алдымен,  оң  нәтижелерді 
белгілеп  алған  дұрыс,  табысқа  жеткізген  амалдар,  шарттар  мен 
әдістерді,  сәтсіздік  себептерін  анықтап  алған  жөн.  Қорытындыны 
білікті  шығару  арқылы  бұдан  әрі  бүкіл  тәрбиелік  жұмысты  негізді 
жоспарлауға  және  сапасын  арттыруға  мүмкіндік  туады.  Әрбір 
өткізілген  шараны  мына  негізгі  критерийлерге  сәйкес  педагогикалық 
сараптаудан  өткізуге  болады:  1)  мақсаттың  болуы;  2)  өзектілігі  және 
тақырыптың 
заманға 
сай 
болуы; 
3) 
оның 
бағытталуы;  
4)  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  мазмұн  тереңдігі  мен 
ғылымилығы;  5)  мұғалім  мен  оқушылардың  жұмысқа  дайындығы, 
оны өткізуге ұйымшылдығы мен айқындығы.  
Тәрбиелік  шараның  сапасын  оқушылардың  әсері  арқылы  да 
бағалауға  болады.  Олардың  назары,  эмоциялы  икемделуі,  өтіп 
жатқанға 
қызығушылығы, 
белсенділігі 
немесе, 
керісінше, 
немқұрайлығы  көп  нәрсені  пайымдайды.  Оқушылардың  іс-әрекетін 
бақылау,  олармен  әңгімелесу,  сауалнама  жүргізу  атқарылған 
жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді.  
Сыныптан  және  мектептен  тыс  жұмыстардың  жай-күйі  мен 
нәтижелерін 
педагогикалық 
кеңестерде 
және 
әдістемелік 
бірлестіктерде  жүйелі  түрде  талқылаған  жөн.  Тәрбиелік  шараға  баға 
беруде  оқушыларды  да  тартқан  дұрыс,  сол  үшін  мектеп  радиосын, 
қабырға  газеттерін,  көрмелерді  пайдалануға  болады.  Мұндай  жұмыс 
формаларының  нәтижелері  жарыс,  байқау,  конкурс,  айлық  және  т.б. 
сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.  


 
146 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет