ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал бұл
мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог - оқушылар қауымы
ақпараттық мәдениетпен қарулануы тиіс.
1.5.4. Оқушылардың ақпараттық мәдениеті ұғымының қалыптасуы Информатикадан орта мектептерге арналған оқу құралдарының
[4], [18], [25] бірнеше нұсқаларына өткізілген байқаудан кейін
информатика саласынан оқушыларға білім беру мазмұны, мақсаттары
кейбір бөлімдерде әртүрлі баяндалғандығын байқадық.
Мысалы, [25] оқу құралы авторларының бағдарламасына
түсіндірме хатта «жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамыту және курстың орталық ұғымы - алгоритмдер, ал оқу іс-әрекетінің негізгі мазмұны алгоритмдерді құру және талдау» деп айтылған [2,38,4-б.].
Сол кездері басқа оқу құралдарының [4] авторлары өздерінің
бағдарламаларында «өмірге қажетті есептерді ЭЕМ көмегімен шығаруды оқушыларға оқыту курстың негізгі мақсаты болып табылатындығын» баяндайды [2,38,32-б.].
Сонымен информатиканы оқытудың мақсаттарына әдеттегіден
тыс түсінік беріледі - «ол ЭЕМ-де ақпаратпен жұмыс істеу шеберлігі: ақпаратты жазу, оқу, санау және сурет салу, іздеу, жинау және компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу» [2].
1
Талызина Нина Федоровна (28.12.1923) — психология ғылымының докторы, профессор,
ССРО ПҒА-ң корреспондент мүшесі.
27
Информатика курсын оқыту тәжірбиелерін таңдау, мектепте
информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі оқу