Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
2-тарау. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру Оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидалары Оқытуды ұйымдастырудың негізіне мына айқындалған
қағидалар жатады:
-
үздіксіздік – оқытудың барлық кезеңдеріндегі сабақтастықты
есепке ала отырып, оқытудың мазмұндылығы мен білімді
бақылаушылық жүйесін құру арқылы жасалады;
-
сызықты емес – білім беру үрдісінің қатысушыларының
мүмкіндіктері мен әлеуметтік тапсырысқа қатысты, оқыту мен
бақылау жүйесінің дамуы мен мазмұнын өзгертуге рұқсат етіледі;
-
өзін-өзі ұйымдастыру – оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы
өзін-өзі жоғарылататын моделін таңдау мүмкіндігін ұсыну арқылы
жасалады;
-
ашықтығы – пәнаралық тәсілде оқытудың мазмұнын
құрумен негізделеді және бағдарлама мен бақылау жүйесін дайын
ақпараттық блоктардан жобалау мүмкіндігін болжайды.